Safety Guide
Қазақ тілі
285
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
• Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын
аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан
кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір
жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы
тигізбеңіз
• Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
• Батареялар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
• Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны
пайдалану алдында зарядтау керек.
• Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен
ажыратыңыз.
• Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
• Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін
қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды
орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған
зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін
жоюы мүмкін.
• Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу
жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген
қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе
нашарлау қамтылмайды.