SM-A310F/DS Пайдаланушы нұсқаулығы Kazakh. 06/2016. Rev.1.0 www.samsung.
Мазмұны Негіздер 4 Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз 5 Орама құрамы 6 Құрылғының сыртқы көрінісі 8 Батарея 11 SIM немесе USIM картасы 15 Жад картасы 17 Құрылғыны қосу және өшіру 18 Сенсорлық экран 21 Бастапқы экран 27 Экранды құлыптау 28 Хабарландыру тақтасы 29 Мәтінді енгізу 31 Экранды түсіру 31 Қолданбаларды ашу 31 Алдыңғы құрылғыдан деректерді тасымалдау 58 Галерея 60 Смарт Менеджер 62 S Planner 63 S Voice 65 Музыка 66 Бейне 67 Диктофон 68 Менің файлдарым 69 Жаз
Мазмұны 89 Қосымша мүмкіндіктер 89 Түсқағаз 90 Тақырыптар 90 Құл-у экр-ы ж/е қауіпсіз-к 91 Құпия және қауіпсіз 92 Жеңіл режим 93 Қол жетімділік 94 Есептік жазбалар 95 Сақтық көшірме және қалпына келтіру 95 Тіл және енгізу 96 Батарея 96 Сақтау орны 97 Күні және уақыты 97 Пайдаланушы нұсқаулығы 97 Құрылғы туралы Қосымша 98 Ақаулықтарды жою 3
Негіздер Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. • Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне негізделген. • Аймаққа, қызмет көрсетушіге, үлгінің техникалық сипаттамаларына немесе құрылғының бағдарламалық құралына байланысты құрылғыдағы кейбір мазмұн басқаша болуы мүмкін. • Орталық процессорды және ЖЖҚ көп пайдалануды қажет ететін мазмұн (жоғары сапалы мазмұн) құрылғының жалпы өнімділігіне әсер етеді.
Негіздер • Аймаққа немесе үлгіге байланысты, кейбір құрылғылар Федералдық байланыстар комиссиясынан (FCC) бекітуді қажет етеді. Егер құрылғыңыз FCC комиссиясымен бекітілген болса, құрылғының FCC идентификаторын көруге болады. FCC идентификаторын көру үшін Қолданбр → Қон-лар → Құрылғы туралы → Батарея туралы ақпарат тармағын түртіңіз.
Негіздер Құрылғының сыртқы көрінісі Динамик Микрофон Жақындық/ жарық сенсоры Алдыңғы камера Қуат пернесі Сенсорлық экран SIM картасының / Жад картасының науасы Бастапқы пернесі Соңғы қолданбалар пернесі Артқа пернесі Құлақаспап ұясы Микрофон Көп мақсатты ұя Зорайтқыш Артқы камера GPS антеннасы Дыбыс деңгейі пернесі NFC антеннасы Жарық Негізгі антенна 6
Негіздер • Антенна аумағын қолдармен немесе басқа заттармен жаппаңыз. Бұл байланыс мүмкіндігі мәселелерін тудыруы немесе батареяны тауысуы мүмкін. • Samsung бекіткен экран қорғағышын пайдалану ұсынылады. Бекітілмеген экран қорғағыштары сенсорлардың ақаулығын тудыруы мүмкін. • Сенсорлық экранға судың тиюіне жол бермеңіз. Сенсорлық экран ылғалды жерлерде немесе су тигенде дұрыс істемей қалуы мүмкін. Пернелер Перне Функция Қуат Соңғы қолданбалар • Құрылғыны қосу немесе өшіру үшін басып тұрыңыз.
Негіздер Батарея Батареяны зарядтау Бірінші рет пайдалану алдында немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағаннан кейін батареяны зарядтаңыз. Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды, батареяларды және кабельдерді пайдаланыңыз. Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін. 1 USB кабелін USB адаптеріне жалғаңыз, содан кейін USB кабелінің соңын көп мақсатты ұяшыққа жалғаңыз. Зарядтағышты дұрыс жалғамау құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
Негіздер Қалған зарядтау уақытын көру Зарядтау кезінде бастапқы экранды ашып, Қолданбр → Қон-лар → Батарея тармағын түртіңіз. Нақты зарядтау уақыты құрылғының күйіне және зарядтау күйлеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Қалған зарядтау уақыты құрылғыны өте салқын немесе өте ыстық жағдайларда зарядтағанда көрсетілмеуі мүмкін. Батарея тұтынуды азайту Құрылғы батарея қуатын үнемдеуге көмектесетін әр түрлі опцияларды қамтамасыз етеді. • Зерделі реттегішті пайдаланып құрылғыны оңтайландырыңыз.
Негіздер • Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін. • Зарядтау барысында құрылғы тұрақты емес ток қабылдаса, сенсорлық экран жұмыс істемеуі мүмкін. Солай болса, зарядтағышты құрылғыдан ажыратыңыз. • Зарядтау кезінде құрылғы және зарядтағыш қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және құрылғыңыздың қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея әдеттегіден көбірек қызса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
Негіздер SIM немесе USIM картасы SIM немесе USIM картасын орнату Ұялы телефон қызмет көрсетушісі қамтамасыз еткен SIM немесе USIM картасын салыңыз. • Бұл құрылғыда тек nano-SIM карталарымен жұмыс істейді. • Кейбір аймақтарда деректерді беру жылдамдығы, құрылғыға бір SIM карта салынғаннан көрі, екі SIM карта салынған кезде баяу болуы мүмкін. • Қызмет көрсетушіге байланысты кейбір LTE қызметтері қол жетімді болмауы мүмкін.
Негіздер 3 SIM немесе USIM картасын SIM картасының науасына алтын түсті контактілері төменге қарап тұратындай күйде орнатыңыз. Негізгі SIM немесе USIM картасын 1 ( 1 ) SIM картасының науасына және қосымша SIM немесе USIM картасын 2 ( 2 ) SIM картасының науасына орналастырыңыз. 2 1 SIM немесе USIM картасын жоғалтып алмаңыз немесе басқалардың пайдалануына жол бермеңіз. Samsung жоғалған немесе ұрланған карталар тудырған қандай да зақымдарға немесе ыңғайсыздықтарға жауапты емес.
Негіздер SIM немесе USIM картасын алу 1 2 3 4 Науаны босату үшін SIM картасы науасының тесігіне шығару істігін енгізіңіз. SIM картасы науасының ұяшығынан SIM картасының науасын жайлап шығарып алыңыз. SIM немесе USIM картасын аыңыз. SIM картасының науасын SIM картасының науасы ұяшығына қайта енгізіңіз.
Негіздер Қос SIM немесе USIM карталарын пайдалану Екі SIM немесе USIM картасын салыңыз, сізде бір құрылғы үшін екі телефон нөмірі немесе қызмет провайдері бола алады. SIM немесе USIM карталарын белсендіру Бастапқы экранда Қолданбр → Қон-лар → SIM картасының реттеушісі тармағын түртіңіз. SIM немесе USIM картасын таңдап, сөйтіп белсендіру үшін қосқышты түртіңіз.
Негіздер Жад картасы Жад картасын орнату Құрылғы ең көп сыйымдылығы 128 Гб дейінгі жад карталарын қолдайды. Жад картасының өндірушісіне және түріне байланысты кейбір жад карталары құрылғымен үйлесімді болмауы мүмкін. • Кейбір жад карталары құрылғымен толығымен үйлесімді болмауы мүмкін. Үйлесімді емес картаны пайдалану құрылғыны немесе жад картасын зақымдауы мүмкін немесе онда сақталған деректерді бүлдіруі мүмкін. • Жад картасын абайлап оң жағын жоғары қаратып салыңыз.
Негіздер 1 Науаны босату үшін жад картасы науасының тесігіне шығару істігін енгізіңіз. Шығару істігі тесікке перпендикуляр орналасқанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе құрылғы зақымдалуы мүмкін. 2 3 4 Жад картасы науасының ұяшығынан жад картасының науасын жайлап шығарып алыңыз. Жад картасын жад картасының науасына алтын түсті контактілері төменге қарап тұратындай күйде орнатыңыз. Жад картасының науасын жад картасының науасы ұяшығына қайта енгізіңіз.
Негіздер Жад картасын пішімдеу Компьютерде пішімделген жад картасы құрылғымен үйлесімді болмауы мүмкін. Жад картасын құрылғыда пішімдеңіз. Бастапқы экранда Қолданбр → Қон-лар → Сақтау орны → SD карта → Форматтау → ПІШІМДЕУ тармағын түртіңіз. Жад картасын пішімдеу алдында жад картасында сақталған барлық маңызды деректердің сақтық көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз. Өндіруші кепілдігінде пайдаланушы әрекеттері нәтижесінен деректердің жоғалуы қамтылмайды.
Негіздер Сенсорлық экран • Сенсорлық экранның басқа электр құрылғыларға тиюіне жол бермеңіз. Электростатикалық разрядтар сенсорлық экранның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. • Сенсорлық экранды зақымдап алмау үшін, оны ешбір үшкір нәрсемен түртпеңіз немесе саусақ ұштарымен оған шамадан тыс қысым түсірмеңіз. • Құрылғы түртумен енгізу аумағынан тыс экранның жиектеріне жақын түрту енгізулерін танымауы мүмкін.
Негіздер Түртіп, ұстап тұру Қол жетімді опцияларға қол жеткізу үшін элементті немесе экранды 2 секундтан көбірек түртіп, ұстап тұрыңыз. Сүйреу Элементті жылжыту үшін түртіп, ұстап тұрып, қажет орынға сүйреңіз. Екі рет түрту Үлкейту үшін веб-бетте немесе суретте екі рет түртіңіз. Оралу үшін қайтадан екі рет түртіңіз.
Негіздер Жанап өту Басқа тақталарды көру үшін бастапқы экранда немесе қолданбалар экранында солға немесе оңға жанап өтіңіз. Веб-бетте немесе контактілер сияқты элементтер тізімінде жылжу үшін жоғары немесе төмен жанап өтіңіз. Саусақтарды алшақтату және шымшу Бөлікті үлкейту үшін веб-бетте, картада немесе суретте екі саусақты бір бірінен алшақтатыңыз. Кішірейту үшін шымшыңыз.
Негіздер Бастапқы экран Бастапқы экран Бастапқы экран — құрылғының барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізудің бастапқы нүктесі. Ол виджеттерді, қолданбалардың таңбашаларын және басқаларды көрсетеді. Басқа тақталарды көру үшін солға немесе оңға қарай жанап өтіңіз. Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты, бастапқы экран басқаша көрінуі мүмкін. Виджет Қолданба Қалта Жаңалықтар экран индикаторы. Әртүрлі санаттарда соңғы тақырыптарды көріңіз.
Негіздер Бастапқы экран опциялары Қол жетімді параметрлерге қатынасу үшін бастапқы экранда бос аумақты түртіп, ұстап тұрыңыз немесе экранда саусақтарды бір біріне жақындатыңыз. Бастапқы экран тақталарын қосу, жою немесе орнын өзгерту арқылы бастапқы экранды теңшеңіз. Сондай-ақ, бастапқы экран тұсқағазын орнатуға, бастапқы экранға виджеттер қосуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады. • Түсқағаз: бастапқы экран және құлыпталған экран үшін тұсқағаз параметрлерін өзгертіңіз.
Негіздер Элементті жылжыту және жою Бастапқы экранда элементті түртіп, ұстап тұрып, жаңа орынға сүйреңіз. Басқа тақтаға жылжыту үшін элементті экранның бүйіріне сүйреңіз. Сондай-ақ, жиі пайдаланылатын қолданбаларды бастапқы экранның төменгі жағындағы таңбашалар аумағына жылжытуға болады. Жою үшін элементті түртіп, ұстап тұрыңыз. Содан кейін оны экранның жоғарғы жағындағы Жою опциясына сүйреңіз. Қалталар жасау 1 Бастапқы экранда қолданбаны түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін оны басқа қолданбаға сүйреңіз.
Негіздер Тақталарды басқару Бастапқы экранда тақтаны қосу, жылжыту немесе жою үшін бос аумақты түртіп, ұстап тұрыңыз. Тақтаны қосу үшін солға жанап өтіңіз, содан кейін опциясын түртіңіз. Тақтаны жылжыту үшін тақтаны алдын ала қарауды түртіп, ұстап тұрыңыз да, жаңа орынға сүйреңіз. Тақтаны жою үшін тақтаны алдын ала қарауды түртіп, ұстап тұрыңыз да, экранның жоғарғы жағындағы Жою опциясына сүйреңіз. Тақтаны негізгі бастапқы экран ретінде орнату үшін опциясын түртіңіз.
Негіздер 3 Қолданбалардың айналасында қалта жақтауы пайда болғанда қолданбаны жіберіңіз. 4 Қалта атауын енгізу опциясын түртіп, қалта атауын енгізіңіз. Таңдалған қолданбаларды қамтитын жаңа қалта жасалады. Қалта түсін өзгерту үшін опциясын түртіңіз. Қосымша қолданбаларды қалтаға қосу үшін басқа қолданбаны түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін қалтаға сүйреңіз. тармағы бар қалтаны таңдаңыз. Қалта ғана жойылады. Қалтадағы Қалтаны жою үшін қолданбалар, қолданбалар экранына көшірілетін болады.
Негіздер Индикаторлық белгішелер Индикаторлық белгішелер экранның жоғарғы жағындағы күй жолағында пайда болады. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі кездеседі. Кейбір қолданбаларда экранның жоғарғы жағында күй жолағы пайда болмауы мүмкін. Күй жолағын көрсету үшін экранның жоғарғы жағынан төмен қарай сүйреңіз.
Негіздер Экранды құлыптау Қуат пернесін басу экранды өшіреді және құлыптайды. Сондай-ақ, экран құрылғы көрсетілген кезең бойы пайдаланылмаса өшеді және автоматты түрде құлыпталады. Экран құлпын ашу үшін қуат пернесін немесе бастапқы пернесін басыңыз және кез келген бағытта жанап өтіңіз. Басқалардың жеке ақпаратқа қол жеткізуін болдырмау үшін экранды құлыптау жолын өзгертуге болады.
Негіздер Хабарландыру тақтасы Хабарландырулар тақтасын пайдалану Хабарлар немесе қабылданбаған қоңыраулар сияқты жаңа хабарландыруларды алғанда күй жолағында индикатор белгішелер пайда болады. Белгішелер туралы қосымша ақпарат алу үшін хабарландырулар тақтасын ашып, мәліметтерді көріңіз. Хабарландырулар тақтасын ашу үшін күй жолағын төмен қарай сүйреңіз. Хабарландырулар тақтасын жабу үшін экранда жоғары қарай жанаңыз. Хабарландырулар тақтасында келесі функцияларды пайдалана аласыз.
Негіздер Жылдам параметрлер түймелерін пайдалану Кейбір мүмкіндіктерді белсендіру үшін жылдам параметрлерін түймелерін түртіңіз. Қосымша түймелерді көру үшін түймелерде солға немесе оңға жанап өтіңіз немесе опциясын түртіңіз. Егжей-тегжейлі параметрлерді көру үшін түймені түртіп, ұстап тұрыңыз. → ӨҢДЕУ тармағын түртіңіз, түймені түртіп, ұстап Түймелерді қайта реттеу үшін тұрыңыз, содан кейін оны басқа орынға сүйреңіз. Мәтінді енгізу Пернетақта орналасуы Хабарлар жіберу, жазбалар жасау және т.б.
Негіздер Қосымша пернетақта функциялары Әр түрлі функцияларды пайдалану үшін опциясын түртіп, ұстап тұрыңыз. Пайдаланылған соңғы функцияға қарай белгішесінің орнына басқа белгішелер көрсетілуі мүмкін. • : дауыспен мәтін енгізу. Дауыспен мәтінді енгізуді бастау немесе кідірту. • : аралық сақтағыштан элемент қосу. • : смайликтерді енгізу. • : пернетақта параметрлерін өзгерту. Көшіру және қою 1 2 3 4 Мәтін үстінде түртіп, ұстап тұрыңыз.
Негіздер Экранды түсіру Құрылғыны пайдаланып жатқанда скриншот түсіріңіз. Бастапқы пернесін және қуат пернесін бірге басып тұрыңыз. Түсірілген кескіндерді Галерея ішінде көруге болады. Кейбір қолданбаларды және мүмкіндіктерді пайдаланып жатқанда скриншотты түсіру мүмкін емес. Қолданбаларды ашу Бастапқы экранда немесе қолданбалар экранында ашу үшін қолданба белгішесін таңдаңыз. Жақында пайдаланылған қолданбалар тізімінен қолданбаны ашу үшін және жақындағы қолданба терезесін таңдаңыз.
Негіздер Мобильді құрылғыдан деректерді тасымалдау Деректерді алдыңғы құрылғыдан жаңа құрылғыға тасымалдаңыз. 1 2 3 4 5 Екі құрылғыда да Smart Switch қолданбасын Galaxy Apps немесе Play Store дүкенінен жүктеңіз және орнатыңыз. Құрылғыларды бір-бірінің жанына орналастырыңыз. Smart Switch қолданбасын екі құрылғыда да іске қосыңыз. Өзіңіздің жаңа құрылғыңызда алдыңғы құрылғының түрін тізімнен таңдап, БАСТАУ опциясын түртіңіз. Алдыңғы құрылғыдан деректерді тасымалдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Негіздер 1 2 Компьютерде Smart Switch қолданбасын жүктеу үшін www.samsung.com/smartswitch бетіне кіріңіз. Компьютерде Smart Switch қолданбасын іске қосыңыз. Егер алдыңғы құрылғы Samsung құрылғысы болмаса, құрылғы өндірушісі қамтамасыз еткен бағдарламаны пайдаланып деректердің сақтық көшірмесін компьютерде жасаңыз. Содан кейін, бесінші қадамға өтіңіз. 3 4 5 6 Алдыңғы құрылғыны компьютерге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
Негіздер 3 Компьютердің құрылғы деректеріне кірісіне рұқсат беру үшін РҰҚСАТ ЕТУ тармағын түртіңіз. Компьютер құрылғыны анықтаған кезде құрылғы Менің компьютерімде пайда болады. 4 Құрылғы мен компьютер арасында файлдарды тасымалдаңыз. Құрылғыны жаңарту Құрылғыны ең соңғы бағдарламалық жасақтамаға жаңартуға болады. Сымсыз жаңарту Микробағдарламаны сымсыз алу (FOTA) қызметі арқылы құрылғыны соңғы бағдарламалық жасақтамаға тікелей жаңартуға болады.
Негіздер Деректердің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру Құрылғыда жеке мәліметтерді, қолданба деректерін және параметрлерді қауіпсіз сақтаңыз. Құпиялы мәліметтерді сақтық тіркелгіге сақтық көшірмелеуге және кейінірек қол жеткізуге болады. Деректердің сақтық көшірмесін жасау немесе оларды қалпына келтіру үшін Google немесе Samsung есептік жазбасына кіру керек. Қосымша ақпаратты Есептік жазбалар бөлімінен қараңыз.
Негіздер Файлдарды контактілермен бөлісу Оңай бөлісу мүмкіндігін пайдаланып контактілермен файлдарды бөлісіңіз. Келесі әрекеттер кескіндерді бөлісудің мысалы болып табылады. Бұл мүмкіндік аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. 1 2 3 4 Қолданбалар экранында Галерея қолданбасын түртіңіз. Суретті таңдаңыз. Бөлісу → Қарапайым бөлісу тармағын түртіңіз. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін телефон нөмірі тексерілуі қажет. Алушыларды таңдап, ДАЙЫН опциясын түртіңіз.
Негіздер Төтенше жағдай режимі Жедел режим батареяны тұтынуды азайту үшін экранды сұр түс реңктеріне өзгертеді. Кейбір қолданбалар және функциялар шектеледі. Жедел режимде жедел қоңырау шалуға, ағымдағы орын туралы ақпаратты басқаларға жіберуге, жедел жағдай дабылын шығаруға және т.б. істеуге болады. Қуат пернесін басып тұрыңыз, содан кейін, Төтенше жағдай режимі опциясын түртіңіз. Қосымша опцияларға қол жеткізу. Жарықты қосу. Дабылдар шырылы. Ағымдағы орын мәліметтерін хабарда жіберіңіз. Қоңырау шалу.
Қолданбалар Қолданбаларды орнату немесе жою Galaxy Apps Қолданбаларды сатып алыңыз және жүктеңіз. Samsung Galaxy құрылғыларына арналған қолданбаларды жүктеуге болады. Қолданбалар экранында Galaxy Apps опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Қолданбаларды орнату Қолданбаларды санат бойынша шолыңыз немесе кілт сөз көмегімен іздеу үшін ТІЗІМ опциясын түртіңіз. Ақпаратты көру үшін қолданбаны таңдаңыз.
Қолданбалар Қолданбаларды басқару Қолданбаларды жою немесе өшіру Қолданбалар экранында ӨЗГЕРТУ опциясын түртіңіз. Өшіруге немесе жоюға болатын қолданбаларда белгішесі пайда болады. Қолданбаны таңдап, ӨШІРУ немесе OK опциясын түртіңіз. Я болмаса қолданбалар экранында Қон-лар → Бағдарламалар → Қосымша реттегіші тармағын түртіңіз, қолданбаны таңдаңыз, содан кейін ӨШІРУ немесе ЖОЮ опциясын түртіңіз. • ӨШІРУ: құрылғыдан жо мүмкін емес таңдалған әдепкі қолданбаларды өшіру. • ЖОЮ: жүктелген қолданбаларды жою.
Қолданбалар 3 Дауыстық қоңырау шалу үшін немесе қоңырау шалу үшін опциясын түртіңіз. опциясын түртіңіз немесе бейне Қосымша опцияларға қол жеткізу. Нөмірді контактілер тізіміне қосу. Телефон нөмірін алдын ала қараңыз. Алдыңғы таңбаны жою. Пернетақтаны жасыру. Жылдам теру мүмкіндігін қолдану Тез қоңырау шалу үшін жылдам теру нөмірін күйлеңіз. Жылдам теруге арналған нөмірді белгілеу үшін ҚОСЫМША → Тез теру опциясын түртіп, жылдам теру нөмірін таңдаңыз.
Қолданбалар Қоңыраулар журналдарынан немесе контактілер тізімінен қоңыраулар шалу ЖУРНАЛ немесе КОНТАКТІЛЕР тармағын түртіңіз, содан кейін қоңырау шалу үшін контактіде немесе телефон нөмірінде оңға жанап өтіңіз. Халықаралық қоңырау шалу 1 2 3 Экранда пернетақта пайда болмаса, пернетақтаны ашу үшін опциясын түртіңіз. + белгісі көрсетілгенше 0 пернесін түртіп ұстап тұрыңыз. Ел кодын, аймақ кодын және телефон нөмірін енгізіп, түртіңіз.
Қолданбалар Егер біреу сізге бұғатталған нөмірден қоңырау шалуға тырысатын болса, сіз бұл жөніндегі хабарламаны алмайтын боласыз. Қоңыраулар, қоңырау журналына жазылатын болады. Контакт ретінде сақталмаған кез келген телефон нөмірін де қабылдамауға болады. Осы мүмкіндікті қосу үшін Анонимді қоңырауды бұғаттау қосқышын түртіңіз. Қабылданбаған қоңыраулар Егер қоңырау өткізіп алынса, күй жолағында белгішесі көрсетіледі. Қабылданбаған қоңыраулар тізімін көру үшін хабарландырулар тақтасын ашыңыз.
Қолданбалар Бейне қоңырау кезінде Төмендегі опцияларды пайдалану үшін экранды түртіңіз: • Ауыст-у: алдыңғы және артқы камера арасында ауысу. : ағымдағы қоңырауды аяқтау. • • Дыбыссыз: екінші тарап сізді естімеуі үшін микрофонды өшіру. Контактілер Кіріспе Жаңа контактілерді жасаңыз немесе құрылғыдағы контактілерді басқарыңыз. Контактілерді қосу Контактілерді қолмен жасау 1 2 3 4 Қолданбалар экранында Контактілер тармағын түртіңіз. опциясын түртіп, сақтау орнын таңдаңыз. Контакт мәліметтерін енгізіңіз.
Қолданбалар Контактілерді импорттау Қойма қызметтерінен контактілерді құрылғыға импорттаңыз. Қолданбалар экранында Контактілер → ҚОСЫМША → Қондырғылар → Контактілерді импорттау/экспорттау → ИМПОРТТАУ тармағын түртіңіз, содан кейін импорттау опциясын таңдаңыз. Контактілерді іздеу Қолданбалар экранында Контактілер опциясын түртіңіз. Келесі іздеу әдістерінің біреуін пайдаланыңыз: • Контактілер тізімімен жоғары немесе төмен жылжыңыз.
Қолданбалар Контактілерді бөлісу Әртүрлі бөлісу опцияларын пайдалана отырып, контактілерді басқалармен бөлісуге болады. 1 2 3 4 Қолданбалар экранында Контактілер тармағын түртіңіз. ҚОСЫМША → Байланысқа жол тармағын түртіңіз. Контактілерді таңдап, БАЙЛАНЫСҚА ЖОЛ тармағын түртіңіз. Бөлісу әдісін таңдаңыз. Хабарламалар Кіріспе Сөйлесу бойынша хабарларды жіберіңіз және көріңіз. Хабарлар жіберу Роумингте болғанда хабарларды жіберу үшін қосымша ақылар алынуы мүмкін.
Қолданбалар 3 Алушыларды қосыңыз және хабарды енгізіңіз. Қосымша опцияларға қол жеткізу. Алушыларды енгізіңіз. Контактілер тізімінен контактілерді таңдаңыз. Хабарды енгізіңіз. Файлдарды тіркеңіз. SIM немесе USIM картасын таңдау. Смайликтерді енгізіңіз. 4 Хабар жіберу үшін немесе опциясын түртіңіз. Хабарларды көру Хабарлар контакт бойынша хабарлар тізбектеріне топталады. Роумингте болғанда хабарларды алу үшін қосымша ақылар алынуы мүмкін.
Қолданбалар 4 Контактілерді таңдау үшін КІРІС немесе ТЕЛ. КІТ. тармағын түртіңіз де, түртіңіз. тармағын Нөмірді қолмен енгізу үшін Нөмір енгізу опциясын түртіңіз де, артынша телефон нөмірін енгізіңіз. Бұғатталған нөмірлерден хабарларды алғанда немесе ішінде бұғатталған сөйлемдері бар хабарларды алған кезде, сіз бұл жөнінде хабардар етілмейсіз. Бұғатталған хабарларды қарау үшін ҚОСЫМША → Қондырғылар → Хабарларды бұғаттау → Бұғатталған хабарлар тармағын түртіңіз.
Қолданбалар Шолушы Ақпаратты немесе таңдаулы веб-беттеріңіздің бетбелгісіне ыңғайлы қатынасу үшін, оларды іздеуге Интернетті шолыңыз. 1 2 3 Қолданбалар экранында Шолушы қолданбасын түртіңіз. Мекенжай өрісін түртіңіз. Веб-мекенжайды немесе кілтсөзді енгізіңіз, содан кейін Өту опциясын түртіңіз. Құралдар тақталарын көру үшін экранда саусақты аздап төмен қарай сүйреңіз. Қосымша опцияларға қол жеткізу. Ағымдағы веб-бетті жаңарту. Басты бетті ашу.
Қолданбалар 2 Электрондық пошта мекенжайын және құпия сөзді енгізіңіз, содан кейін ЖҮЙЕГЕ КІРУ түймесін түртіңіз. Компанияның электрондық пошта тіркелгісін тіркеу үшін ҚОЛМЕН ОРНАТУ пәрменін түртіңіз. 3 Орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Басқа электрондық пошта есептік жазбасын реттеу үшін ҚОСЫМША → Қондырғылар → Есептік жазба қосу тармағын түртіңіз. Егер біреуден көп электрондық пошта есептік жазбаларыңыз болса, біреуін әдепкі тіркелгі ретінде орната аласыз.
Қолданбалар Камера Кіріспе Әр түрлі режимдерді және параметрлерді пайдаланып фотосуреттер түсіріңіз және бейнелер жазыңыз. Негізгі түсіру Фотосуреттер түсіруге немесе бейнелер жазуға болады. Фотосуреттерді және бейнелерді Галерея ішінде көріңіз. Қолданбалар экранында Камера қолданбасын түртіңіз. Камера этикеті • Басқа адамдардың фотосуреттерін немесе бейнелерін рұқсатын алмай түсірмеңіз немесе жазбаңыз. • Заңмен тыйым салынған жерде фотосуреттер түсірмеңіз немесе бейнелер жазбаңыз.
Қолданбалар Ағымдағы режим Нобайды алдын ала қарау Параметр белгішелерін жасыру немесе көрсету. Бейне жазу. Жылдам параметрлер Сурет түсіру. Алдыңғы және артқы камералар арасында ауысу. Камера параметрлері Түсіру режимдері Алдын ала қарау экранында суретке түсіру режимдерінің тізіміне қатынасу үшін оңға қарай жанап өтіңіз. Я болмаса, түсірген фотосуреттерді және бейнелреді көру үшін солға жанап өтіңіз.
Қолданбалар Камераны құлыпталған экранда іске қосу Фотосуреттерді жылдам түсіру үшін құлыпталған экранда Камера қолданбасын іске қосыңыз. Құлыпталған экранда белгішесін үлкен экраннан тыс сүйреңіз. • Бұл мүмкіндік аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. • Қауіпсіздік мүмкіндіктері белсендірілген кезде құлыпталған экраннан Камера қолданбасын іске қосқанда кейбір камера мүмкіндіктері қол жетімді болмауы мүмкін.
Қолданбалар Про режимі Экспозиция мәні және ISO мәні сияқты әр түрлі суретке түсіру опцияларын қолмен реттеп фотосуреттер түсіріңіз. Алдын ала қарау экранында РЕЖИМ → Кәсіби тармағын түртіңіз. Опцияларды таңдаңыз және параметрлерді теңшеңіз, содан кейін фотосурет түсіру үшін опциясын түртіңіз. • : кескіндердің түстер ауқымы шынайы болуы үшін тиісті ақ түс балансын таңдаңыз. • : ISO мәнін таңдау. Бұл камераның жарыққа сезімталдығын басқарады.
Қолданбалар HDR (Қанық түс) Тіпті жарық және қараңғы аймақтарда да фотосуреттерді бай түстермен және егжей-тегжейлі етіп түсіріңіз. Алдын ала қарау экранында РЕЖИМ → HDR (Қанық түс) тармағын түртіңіз. Әсерсіз Әсермен Түн Жарығы төмен ортада, жарқылды пайдаланбай қолданбай сурет түсіріңіз. Алдын ала қарау экранында РЕЖИМ → Түн тармағын түртіңіз. Өзіндік Алдыңғы камерамен өзіндік портреттерді түсіріңіз.
Қолданбалар Кең селфи Фотосуретке көбірек адамдарды қосу және адамдарды қалдырып кетпеу үшін кең өзіндік портретті түсіріңіз. 1 2 3 4 5 Өзіндік портреттер үшін алдыңғы камераға ауысу үшін алдын ала қарау экранында опциясын түртіңіз. РЕЖИМ → Кең селфи тармағын түртіңіз. Алдыңғы камера объективіне қараңыз. Құрылғы бетіңізді анықтағанда өз фотосуретіңізді түсіру үшін экранды түртіңіз. опциясын түртіңіз және белсендіру Алақанды пайдаланып фотосурет түсіру үшін үшін Қимылды басқару қосқышын түртіңіз.
Қолданбалар Жүктеу режимдері Galaxy Apps сайтынан қосымша жүктеу режимдерін жүктеңіз. Алдын ала қарау экранында РЕЖИМ → Жүктеу тармағын түртіңіз. Кейбір суретке түсіру режимдерінде кейбір мүмкіндіктерге қатынас болмайды. Режимдер тізімін көру үшін оңға қарай жанап өту және түсірілген кескіндер мен бейнелерді көру үшін солға жанап өту қол жетімді болмауы мүмкін. Камера параметрлері Жылдам параметрлер Алдын ала қарау экранында келесі жылдам параметрлерді пайдаланыңыз.
Қолданбалар Камера параметрлері Алдын ала қарау экранында опциясын түртіңіз. Қол жетімді опциялар суретке түсіру режиміне және пайдаланылып жатқан камераға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. • Бейне өлшемі (артқы) / Бейне өлшемі (алдыңғы): бейнелердің ажыратымдылығын таңдау. Жоғарырақ ажыратымдылықты пайдалану сапасы жоғарырақ бейнелерді береді, бірақ көбірек жад алады. • Қимылды басқару: өзіндік портреттерді түсіру үшін құрылғыны алақанды анықтауға реттеу. • Сурет алд.қаралған рет.сақт.
Қолданбалар Галерея Кіріспе Құрылғыда сақталған фотосуреттерді және бейнелерді көріңіз және басқарыңыз. Суреттерді немесе бейнелерді көру 1 2 Қолданбалар экранында Галерея қолданбасын түртіңіз. Кескінді немесе бейнені таңдаңыз. Бейне файлдар алдын ала қарау нобайында үшін опциясын түртіңіз. белгішесін көрсетеді. Бейнені ойнату Алдыңғы экранға өту. Қосымша опцияларға қол жеткізу. Суретті өзгертіңіз. Кескінді басқалармен бөлісу. Суретті жою. Мәзірлерді жасыру немесе көрсету үшін экранды түртіңіз.
Қолданбалар Кескіндерді немесе бейнелерді жою Кескінді немесе бейнені жою Кескінді немесе бейнені таңдап, экранның төменгі жағында Жою опциясын түртіңіз. Бірнеше кескінді және бейнені жою 1 2 3 Галерея негізгі экранында жоятын кескінді немесе бейнені түртіп, ұстап тұрыңыз. Жоятын кескіндерге немесе бейнелерге құсбелгі қойыңыз. ЖОЮ опциясын түртіңіз. Кескіндерді немесе бейнелерді бөлісу Кескінді немесе бейнені таңдап, экранның астындағы Бөлісу тармағын түртіңіз, содан кейін бөлісу әдісін таңдаңыз.
Қолданбалар Смарт Менеджер Кіріспе Зерделі реттегіш құрылғы батареясының жады, ЖЖҚ және жүйе қауіпсіздігі күйіне шолуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, саусақпен бір түрту арқылы құрылғыны автоматты түрде оңтайландыруға болады. Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты кейбір мүмкіндіктері қол жетімді болмауы мүмкін.
Қолданбалар Жылдам оңтайландыру мүмкіндігін пайдалану Қолданбалар экранында Смарт Менеджер → БАРЛЫҒЫН ТАЗАЛАУ тармағын түртіңіз. Жылдам оңтайландыру мүмкіндігі келесі әрекеттер арқылы құрылғы өнімділігін жақсартады. • Батарея қуатын артық пайдаланатын қолданбаларды анқытау және біраз жадты тазалау. • Қажет емес файлдарды жою және фонда жұмыс істеп жатқан қолданбаларды жабу. • Зиянды бағдарламаны анықтау үшін сканерлеу.
Қолданбалар S Planner Кіріспе Жоспарлағышта келе жатқан оқиғаларды немесе тапсырмаларды енгізу арқылы кестені басқарыңыз. Оқиғалар жасау 1 2 3 Қолданбалар экранында S Planner қолданбасын түртіңіз. опциясын түртіңіз немесе күнді екі рет түртіңіз. Егер күнде сақталған оқиғалар немесе тапсырмалар әлдеқашан бар болса, күнді түртіп, опциясын түртіңіз. Оқиға мәліметтерін енгізіңіз. Атауды енгізіңіз. Оқиға үшін басталу және аяқталу күнін орнату. Пайдаланатын немесе синхрондайтын күнтізбені таңдаңыз.
Қолданбалар Тапсырмалар жасау 1 2 3 Қолданбалар экранында S Planner қолданбасын түртіңіз. → Тапсырма тармағын түртіңіз. Тапсырма мәліметтерін енгізіңіз, сөйтіп орындалуы керек күнді орнату үшін БҮГІН немесе ЕРТЕҢ опциясын түртіңіз. Қосымша мәліметтер қосу үшін 4 опциясын түртіңіз. Тапсырманы сақтау үшін САҚТАУ опциясын түртіңіз.
Қолданбалар Ояту пәрменін өзгерту үшін қолданбалар экранын ашып, S Voice қолданбасын түртіңіз. → Voice wake-up → Change wake-up command → START, тармағын түртіп, Содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыны құрылғы құлыптаулы кезде ояту пәрменін пайдаланып S Voice қолданбасын іске қосуға реттеу үшін опциясын түртіңіз, белсендіру үшін Wake up in secured lock опциясын түртіңіз. S Voice пайдалану 1 Қолданбалар экранында S Voice опциясын түртіңіз.
Қолданбалар Тілді орнату Қолданбалар экранында S Voice → таңдаңыз. → Language тармағын түртіңіз, содан кейін тілді Таңдалған құрылғы құрылғыда көрсетілген тілге емес, тек S Voice қолданбасына қолданылады. Музыка Санат бойынша сұрыпталған музыканы тыңдаңыз және ойнату параметрлерін теңшеңіз. Қолданбалар экранында Музыка қолданбасын түртіңіз. Санатты таңдаңыз да, ойнатылатын әнді таңдаңыз. Музыка ойнатқышының экранын ашу үшін, экранның төменгі жағындағы альбом суретін түртіңіз.
Қолданбалар Бейне Құрылғыда сақталған бейнелерді көріңіз және ойнату параметрлерін теңшеңіз. Қолданбалар экранында Бейне қолданбасын түртіңіз. Ойнатылатын бейнежазбаны таңдаңыз. Қосымша опцияларға қол жеткізу. Ойнатуды уақытша тоқтату және жалғастыру. Жолақты сүйреу арқылы кері айналдыру немесе алға айналдыру. Дыбыс деңгейін реттеу. Экран қатынасын өзгерту. Алдыңғы бейнеге өту. Артқа айналдыру үшін түртіп, ұстап тұрыңыз. Келесі бейнеге өту. Алға айналдыру үшін түртіп, ұстап тұрыңыз.
Қолданбалар Диктофон Кіріспе Әртүрлі жағдайлар үшін әртүрлі жазба режимдерін қолданыңыз. Құрылғы сіздің дауысыңызды мәтінге айналдыра алады. Дауыстық жазбаларды жазу 1 2 Қолданбалар экранында Құралдар → Диктофон тармағын түртіңіз. Жазуды бастау үшін опциясын түртіңіз. Микрофонға сөйлеңіз. Жазуды кідірту үшін опциясын түртіңіз. Дауыстық жаднаманы жазған кезде бетбелгі кірістіру үшін БЕЛГІ ҚОСУ опциясын түртіңіз. Жазу режимін өзгертіңіз. Жазуды бастау. 3 Жазуды аяқтау үшін САҚТАУ опциясын түртіңіз.
Қолданбалар Жазу режимін өзгерту Қолданбалар экранында Құралдар → Диктофон тармағын түртіңіз. Диктофон экранының жоғарғы жағындағы режимді таңдаңыз. • СТАНДАРТТЫ: бұл қалыпты жазу режимі. • ДАУЫС ЕСКЕРТУІ: құрылғы даусыңызды жазады және бір уақытта оны экрандағы мәтінге түрлендіреді. Ең жақсы нәтижелерді алу үшін құрылғыны ауыз жанында ұстаңыз және тыныш орында қатты және анық сөйлеңіз. Егер дауыстық жаднама жүйесінің тілі сіз сөйлеп жатқан тілге сәйкес болмаса, құрылғы даусыңызды танымайды.
Қолданбалар Жазба Жаднамалар жасаңыз және санат бойынша реттеңіз. Қолданбалар экранында Құралдар → Жазба тармағын түртіңіз. Жазбаларды жазу Жазбалар тізімінде опциясын түртіп, жазбаны енгізіңіз. Жазбаны жазу кезінде келесі опцияларды пайдаланыңыз: • Санат: санатты жасау немесе орнату. • Тапсырмалар: тапсырмалар тізімін жасау үшін әр жолдың басында құсбелгілер қосыңыз. • Сурет: кескіндерді кірістіру. • Сызу: салу үшін естелікті жазыңыз немесе бейнелеңіз. Қаламның қалыңдығы мен түсін таңдауға болады.
Қолданбалар Дабыл Қолданбалар экранында Сағат → Дабыл тармағын түртіңіз. Дабылдарды орнату Дабылдар тізімінде ҚОСУ опциясын түртіңіз, дабыл уақытын орнатыңыз, дабыл қайталанатын күндерді таңдаңыз, басқа әр түрлі дабыл опцияларын орнатыңыз, содан кейін САҚТАУ опциясын түртіңіз. Дабыл уақытын енгізу үшін пернетақтаны ашу үшін уақытты енгізу өрісін түртіңіз. Дабылдарды белсендіру немесе өшіру үшін дабылдар тізімінде тізім жанында сағат белгішесін түртіңіз.
Қолданбалар Секунд өлшегіш 1 2 3 Қолданбалар экранында Сағат → Секунд өлшегіш тармағын түртіңіз. Оқиға уақытын орнату үшін БАСТАУ опциясын түртіңіз. Оқиға уақытын орнату кезінде аралық уақыттарын жазу үшін ИНТЕРВАЛ опциясын түртіңіз. Уақытты жазуды тоқтату үшін ТОҚТАТУ опциясын түртіңіз. Уақытты орнатуды қайта бастау үшін ЖАЛҒАСТЫРУ пәрменін түртіңіз. Өткен уақыттарды тазалау үшін ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ опциясын түртіңіз. Таймер 1 2 3 Қолданбалар экранында Сағат → Таймер тармағын түртіңіз.
Қолданбалар Радио FM радиосын тыңдау Қолданбалар экранында Радио қолданбасын түртіңіз. Осы қолданбаны пайдалану алдында радио антенна ретінде қолданылатын құлақаспапты қосу керек. FM радиосы бірінші рет іске қосылғанда қол жетімді станцияларды автоматты түрде қарап шығады және сақтайды. FM радиосын қосу үшін таңдаңыз. опциясын түртіңіз. Станциялар тізімінен қажетті радио станцияны Радио станциясының жиілігін қолмен енгізу. Ұнамдылар тізіміне ағымдағы радиостанцияны қосыңыз.
Қолданбалар Радио станцияларды қарап шығу Қолданбалар экранында Радио қолданбасын түртіңіз. ҚАРАП ШЫҒУ тармағын түртіңіз де, қарап шығу опциясын таңдаңыз. FM радиосы қол жетімді стансалардың барлығын автоматты түрде қарап шығып сақтайды. Станциялар тізімінен қажетті радио станцияны таңдаңыз. Google қолданбалары Google ойын-сауық, әлеуметтік желі және бизнес қолданбаларын қамтамасыз етеді. Кейбір қолданбаларға қол жеткізу үшін Google тіркелгісі қажет болуы мүмкін.
Қолданбалар Play Movies & TV Қарауға арналған бейнелерді Play Store дүкенінен жүктеп алыңыз. Drive Мазмұнды бұлтта сақтаңыз, оған кез келген жерден қол жеткізіңіз және басқалармен бөлісіңіз. YouTube Бейнелерді көріңіз немесе жасаңыз және басқалармен бөлісіңіз. Photos Фотосуреттер мен бейнені іздеңіз, оларды кез келген көздерден бір жерде басқарыңыз және өңдеңіз.
Қон-лар Кіріспе Функциялардың және қолданбалардың параметрлерін теңшеңіз. Әр түрлі параметр опцияларын конфигурациялау үшін құрылғыны көбірек жекелендірілген етуге болады. Қолданбалар экранында Қон-лар опциясын түртіңіз. Кілт сөздерді енгізіп параметрлерді іздеу үшін ТІЗІМ опциясын түртіңіз. Жиі пайдаланылатын параметрлердің тізімін өңдеу үшін ӨЗГЕРТУ опциясын түртіңіз. Содан кейін, қосатын элементтерге құсбелгілер қойыңыз немесе жоятын элементтерден құсбелгілерді алыңыз.
Қон-лар 3 ҚОСУ опциясын түртіңіз. • Wi-Fi желісіне қосылғаннан кейін құрылғы қол жетімді болған сайын сол желіге құпия сөзді талап етпей қосылады. Құрылғының желіге автоматты түрде қосылуын болдырмау үшін желілер тізімінен оны таңдап, ҰМЫТУ опциясын түртіңіз. • Егер Wi-Fi желісіне дұрыс қосылу мүмкін болмай жатса, құрылғыңыздағы Wi-Fi мүмкіндігін немесе сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосыңыз. Wi-Fi Direct Wi-Fi Direct құрылғыларды тікелей Wi-Fi желісі арқылы, кіру нүктесінің қажеттілігінсіз қосады.
Қон-лар 3 4 Бөлісу → Wi-Fi Direct тармағын түртіңіз, содан кейін кескін тасымалданатын құрылғыны таңдаңыз. Екінші құрылғыдағы Wi-Fi Direct арқылы қосылуды сұрауды қабылдаңыз. Егер құрылғылар әлдеқашан қосылған болса, кескін қосылуды сұрау процедурасынсыз екінші құрылғыға жіберіледі. Құрылғы қосылымын аяқтау 1 2 3 Параметрлер экранында Wi-Fi тармағын түртіңіз. Wi-Fi Direct тармағын түртіңіз. Құрылғы тізімдегі қосылған құрылғыларды көрсетеді. Құрылғыларды ажырату үшін құрылғы атауын түртіңіз.
Қон-лар Басқа Bluetooth құрылғыларымен жұптастыру 1 Параметрлер экранында Bluetooth тармағын түртіп, белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. 2 Жұптастырылатын құрылғыны таңдаңыз. Анықталған құрылғылар көрсетіледі. Егер жұптастыру қажет құрылғы тізімде болмаса, құрылғының көріну опциясын қосуын сұраңыз. Екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулықтарын қараңыз. Құрылғыңыз Bluetooth параметрлері экраны ашық кезде басқа құрылғыларға көрінеді. 3 Растау үшін құрылғыда Bluetooth арқылы қосылу сұрауын қабылдаңыз.
Қон-лар Bluetooth құрылғыларын жұпсыздандыру 1 2 3 Параметрлер экранында Bluetooth тармағын түртіңіз. Құрылғы тізімде жұптастырылған құрылғыларды көрсетеді. Жұпсыздандыру үшін құрылғы атауының жанындағы опциясын түртіңіз. Жұптан босату опциясын түртіңіз. Ұшу режимі Бұл құрылғыдағы барлық сымсыз функцияларды өшіреді. Сіз желілік емес қызметтерді ғана пайдалана аласыз. Параметрлер экранында Ұшу режимі опциясын түртіңіз. Әуеге көтерілу және жерге қону кезінде құрылғы өшірулі екенін тексеріңіз.
Қон-лар Мобильді кіру нүктесін пайдалану Құрылғының ұялы деректер қосылымын басқа құрылғылармен бөлісу үшін құрылғыны мобильді кіру нүктесі ретінде пайдаланыңыз. 1 2 Параметрлер экранында Ұялы жедел нүктесі және байланыстыру → Ұялы жедел нүктесі тармағын түртіңіз. Белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. белгішесі күй жолағында пайда болады. Басқа құрылғылар құрылғыны Wi-Fi желілері тізімінде таба алады. Мобильді кіру нүктесі үшін құпия сөзді орнату үшін ҚОСЫМША → Ұялы жедел нүкт.
Қон-лар Деректерді пайдалануды шектеу 1 2 3 Параметрлер экранында Деректер пайдалану тармағын түртіңіз, содан кейін белсендіру үшін Ұялы деректер шегін белгілеу қосқышын түртіңіз. Шекті орнату үшін шекті реттеу жолағын жоғары қарай немесе төмен қарай сүйреңіз. Деректерді пайдалану туралы ескерту деңгейін орнату үшін ескертуді реттеу жолағын жоғары немесе төмен қарай сүйреңіз. Ескерту деңгейіне жеткенде құрылғы сізге ескертеді.
Қон-лар Ұялы байланыс желілері Мобильді желі параметрлерін конфигурациялаңыз. Параметрлер экранында Ұялы байланыс желілері опциясын түртіңіз. • Деректер роумингі: құрылғыны роуминг кезінде деректер қосылымдарын пайдалану үшін реттеу. • Желі режимі SIM 1 / Желі режимі SIM 2: желі түрін таңдаңыз. • Қатынас нүктелерінің атаулары: қатынас нүктелерінің атауларын (APN) орнатыңыз. • Желі операторлары: қолжетімді желілерді іздеңіз және желіні қолмен тіркеңіз.
Қон-лар 1 2 Параметрлер экранында NFC және төлем тармағын түртіңіз, содан кейін белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. NFC антеннасын құрылғының артына, NFC чибінің жанында орналастырыңыз. Тегтегі ақпарат көрсетіледі. Құрылғы экранының құлпы ашылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, құрылғы NFC чиптерін оқымайды немесе деректерді алмайды. NFC мүмкіндігінің көмегімен төлемдер жасау Төлемдер жасау үшін NFC мүмкіндігін пайдалану алдында ұялы төлемдер қызметінде тіркелу керек.
Қон-лар Деректер жіберу Құрылғыңыздың NFC антеннасы екінші құрылғының NFC антеннасына тигенде деректер алмасуға рұқсат етіңіз. 1 2 3 4 Параметрлер экранында NFC және төлем тармағын түртіңіз, содан кейін белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. Android Beam опциясын түртіп, белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. Элементті таңдаңыз және басқа құрылғының NFC антеннасын құрылғының NFC антеннасына тигізіңіз. Экранда Жіберу үшін түртіңіз. хабары пайда болғанда элементті жіберу үшін құрылғының экранын түртіңіз.
Қон-лар Қосымша байланыс параметрлері Опциялар Басқа мүмкіндіктерді басқару параметрлерін реттеңіз. Параметрлер экранында Қосымша байланыс параметрлері опциясын түртіңіз. • Жақын құрылғыны сканерлеу: қосылатын жақын құрылғыларды сканерлейтін құрылғыны орнатыңыз. • Басып шығару: құрылғыда орнатылған принтердің қосылатын модульдері үшін параметрлерді теңшеңіз. Файлдарды басып шығару үшін қол жетімді принтерлерді іздеуге болады немесе оны қолмен қосуға болады. Қосымша ақпаратты Басып шығару бөлімінен қараңыз.
Қон-лар 4 Принтер плагинін таңдаңыз, сөйтіп белсендіру үшін қосқышты түртіңіз. Құрылғы өзімен бірдей Wi-Fi желісіне қосылған принтерлерді іздейді. Принтерлерді қолмен қосу үшін ҚОСЫМША → Принтер қосу → ADD PRINTER тармағын түртіңіз. Басып шығару параметрлерін өзгерту үшін ҚОСЫМША → Басып шығару параметрлері тармағын түртіңіз. Мазмұнды басып шығару Кескіндер немесе құжаттар сияқты мазмұнды көріп жатқанда Бөлісу → Басып шығару → → Барлық принтерлер тармағын түртіңіз де, принтерді таңдаңыз.
Қон-лар Жүктеуді тездеткіш Құрылғыны 30 МБ-тан үлкенірек файлдарды бір уақытта Wi-Fi және мобильді желілер арқылы тезірек жүктеуге реттеңіз. Күштірек Wi-Fi сигналы тезірек жүктеу жылдамдығын қамтамасыз етеді. Параметрлер экранында Қосымша байланыс параметрлері → Жүктеуді тездеткіш тармағын түртіңіз. • Бұл мүмкіндікті кейбір құрылғылар қолдамауы мүмкін. • Файлдарды ұялы желі арқылы жүктеген кезде қосымша ақы алынуы мүмкін. • Үлкен файлдарды жүктеу кезінде құрылғы қызып кетуі мүмкін.
Қон-лар Дыбыстар мен дірілдер Құрылғыдағы әр түрлі дыбыстардың параметрлерін өзгертіңіз. Параметрлер экранында Дыбыстар мен дірілдер параметрін түртіңіз. • Дыбыстық режим: құрылғыны дыбыс режимін немесе дыбыссыз режимді пайдалануға теңшеу. • Қоңырау кезде дірілдеу: құрылғыны кіріс қоңыраулар үшін дірілдеу және рингтонды ойнатуға орнатыңыз. • Дыбыс қаттылығы: рингтондар, музыка және бейнелер, жүйелік дыбыстар және хабарландырулар үшін дыбыс деңгейін реттеңіз. • Әуен: рингтонның параметрлерін өзгерту.
Қон-лар • Смарт- қалыс: құрылғыны дисплейге қарап тұрғанда дисплей артқы жарығының өшуін болдырмау үшін реттеу. • Экран режимі: дисплейдің түсін және контрастын реттеу үшін экран режимін өзгерту. • Экран сақтағыш: құрылғы зарядталып жатқанда экран сақтағышты іске қосуға реттеу. Қосымша мүмкіндіктер Кеңейтілген мүмкіндіктерді белсендіріңіз және оларды бақылайтын параметрлерді өзгертіңіз. Параметрлер экранында Қосымша мүмкіндіктер опциясын түртіңіз.
Қон-лар Тақырыптар Бастапқы экранның, құлыпталған экранның және белгішелердің көрнекі элементтерін өзгерту үшін құрылғыға әр түрлі тақырыптарды қолданыңыз. Параметрлер экранында Тақырыптар опциясын түртіңіз. Қосымша тақырыптарды жүктеу үшін ТАҒЫ ТАҚЫРЫПТАР опциясын түртіңіз. Құл-у экр-ы ж/е қауіпсіз-к Құрылғыны және SIM немесе USIM картасын қорғау параметрлерін өзгертіңіз. Параметрлер экранында Құл-у экр-ы ж/е қауіпсіз-к опциясын түртіңіз.
Қон-лар • SD картаны шифрлау: құрылғыны жад картасында файлдарды шифрлау үшін реттеу. Осы параметр қосулы кезде құрылғының зауыттық параметрлерін қалпына келтірсеңіз, құрылғы шифрланған файлдарды оқи алмайды. Құрылғының параметрлерін қалпына келтіру алдында бұл параметрді өшіріңіз. • Басқа қауіпсіздік параметрлері: қосымша қауіпсіздік параметрлерін конфигурациялау. Құпия және қауіпсіз Опциялар Құпиялылықты және қауіпсіздікті сақтау параметрлерін өзгертіңіз.
Қон-лар Аудио жазбалар немесе фотосуреттер бар анықтамалық хабарларды жіберу үшін белсендіру үшін Дыбыстық жазуды тіркеу немесе Суреттерді тіркеу қосқышын түртіңіз. Суреттерді тіркеу опциясы аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Негізгі контактілерді қосу Параметрлер экранында Құпия және қауіпсіз → SOS хабарларын жіберу → Келесіге хабарлар жіберу → ҚОСУ тармағын түртіңіз.
Қон-лар Таңбашаларды басқару Қолданба таңбашасын бастапқы экранға қосу үшін солға жанап өтіңіз, содан кейін қолданбаны таңдаңыз. Контакт таңбашасын бастапқы экранға қосу үшін оңға жанап өтіп, Таңбашаны бастапқы экраннан жою үшін ӨЗГЕРТУ опциясын түртіп, немесе контактіні таңдаңыз. опциясын түртіңіз, опциясын түртіңіз. арқылы қолданбаны Қол жетімділік Құрылғының арнайы мүмкіндіктерін жақсарту үшін әр түрлі параметрлерді конфигурациялаңыз. Параметрлер экранында Қол жетімділік опциясын түртіңіз.
Қон-лар Есептік жазбалар Синхрондайтын Samsung және Google есептік жазбаларыңызды немесе басқа есептік жазбаларыңызды қосыңыз. Есептік жазбаларды қосу Құрылғыда пайдаланылатын кейбір қолданбалар тіркелген тіркелгіні талап етеді. Құрылғы пайдалануын жақсарту үшін тіркелгілер жасаңыз. 1 2 3 Параметрлер экранында Есептік жазбалар → Тіркелгі қосу тармағын түртіңіз. Тіркелгі қызметін таңдаңыз. Тіркелгіні реттеуді аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қон-лар Сақтық көшірме және қалпына келтіру Параметрлерді және деректерді басқару параметрлерін өзгертіңіз. Параметрлер экранында Сақтық көшірме және қалпына келтіру опциясын түртіңіз. • Дер-імнің сақ. көш. жасау: Samsung серверінде жеке ақпараттың және қолданба деректерінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сондай-ақ, құрылғыны деректердің сақтық көшірмесін автоматты түрде жасауға реттеуге болады.
Қон-лар • Google дауыспен теру: дауыспен енгізу параметрлерін өзгерту. • Мәтіннен сөйлеуге: мәтінді сөзге түрлендіру опцияларын өзгерту. • Меңзер жылдамдығы: құрылғыға қосылған тінтуірдің немесе сенсорлық аймақтың меңзер жылдамдығын реттеу. Батарея Батарея қуаты туралы ақпаратты көріңіз және қуатты үнемдеу опцияларын өзгертіңіз. Параметрлер экранында Батарея опциясын түртіңіз. Қалған пайдалану уақыты батарея қуаты таусылуына дейін қалған уақытты көрсетеді.
Қон-лар Күні және уақыты Құрылғының уақыт пен күнді көрсету жолын басқару үшін келесі параметрлерге қол жеткізіп, өзгертіңіз. Параметрлер экранында Күні және уақыты опциясын түртіңіз. Батарея толығымен таусылған немесе құрылғыдан алып тасталған күйде қалса, уақыт пен күн алып тасталады. • Автоматты күн мен уақыт: уақыт белдеулері арқылы өткенде, уақыт пен күнді автоматты түрде орнату. Осы мүмкіндік өшірулі болған кезде, күнді, уақытты және сағат белдеуін қолмен белгілеуге болады.
Қосымша Ақаулықтарды жою Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын мына шешімдерді пайдаланып көріңіз. Кейбір жағдайлар құрылғыға қолданылмауы мүмкін. Құрылғыны қосқанда немесе құрылғыны пайдаланып жатқанда, ол келесі кодтардың біреуін енгізуді сұрайды: • Құпия сөз: құрылғыны құлыптау мүмкіндігі іске қосылған кезде, сіз құрылғы үшін орнатылған құпия сөзді енгізуіңіз керек.
Қосымша Сенсорлық экран баяу немесе дұрыс емес жауап береді • Егер сенсорлық экранға экран қорғанысын немесе қосымша қосалқы құралдарды тіркесеңіз, сенсорлық экран дұрыс істемеуі мүмкін. • Егер қолғап кисеңіз, сенсорлық экранды ұстаған кезде қолыңыз таза болмаса немесе егер экранды үшкір затпен немесе тырнағыңыздың ұшымен түртсеңіз, сенсорлық экран дұрыс істемеуі мүмкін. • Сенсорлық экран ылғалды жерлерде немесе су тигенде дұрыс істемей қалуы мүмкін.
Қосымша Қоңыраулар қосылмайды • Тиісті ұялы желіге кіргеніңізді тексеріңіз. • Теріп жатқан телефон нөмірі үшін қоңырауға тыйым салуды орнатпағаныңызға көз жеткізіңіз. • Кіріс телефон нөмірі үшін қоңырауға тыйым салуды орнатпағаныңызға көз жеткізіңіз. Басқалар қоңырауда сөздеріңізді естімейді • Ендірілген микрофонды жауып тұрмағаныңызға көз жеткізіңіз. • Микрофон аузыңызға жақын екенін көз жеткізіңіз. • Егер құлақаспапты пайдаланып жатсаңыз, оның дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Қосымша Батарея қуаты сатып алған кезден жылдамырақ бітеді • Құрылғыны немесе батареяны тым суық немесе тым ыстық температураға жеткізбеңіз, тиімді заряд болмауы мүмкін. • Батареяны тұтыну хабар алмасу мүмкіндіктерін немесе ойындар немесе интернет сияқты кейбір қолданбаларды пайдаланған кезде ұлғаяды. • Батарея шығындалады және пайдалы заряды уақыт өте келе қысқарады.
Қосымша Мультимедиалық файлдарды ашқанда қате туралы хабарлар пайда болады Егер қате хабарларын алсаңыз немесе құрылғыда ашқан кезде мультимедиалық файлдар ойнатылмаса, келесі әрекеттерді орындап көріңіз: • Файлдарды компьютерге көшіру немесе құрылғыдан жою арқылы орын босатыңыз. • Музыка файлы DRM арқылы қорғалмағанынан көз жеткізіңіз. Егер файл DRM арқылы қорғалған болса, файлды ойнату үшін тиісті лицензия немесе кілт бар екеніне көз жеткізіңіз.
Қосымша Құрылғы ағымдағы орынды таба алмайды GPS сигналдарына сырттағы кейбір орындарда кедергі келтірілуі мүмкін. Осы жағдайларда ағымдағы орынды табу үшін құрылғыны Wi-Fi немесе ұялы желіні пайдалануға теңшеңіз. Құрылғыда сақталған деректер жоғалған Құрылғыда сақталған барлық маңызды деректердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. Әйтпесе, егер деректер бүлінсе немесе жоғалса, оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Samsung компаниясы құрылғыда сақталған деректер жоғалуы үшін жауапты болмайды.
Авторлық құқық Copyright © 2016 Samsung Electronics Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Samsung Electronics компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз, бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды.