User Manual

Негіздер
17
Жад картасын пішімдеу
Компьютерде пішімделген жад картасы құрылғымен үйлесімді болмауы мүмкін. Жад
картасын құрылғыда пішімдеңіз.
Бастапқы экранда
Қолданбр
Қон-лар
Сақтау орны
SD карта
Форматтау
ПІШІМДЕУ
тармағын түртіңіз.
Жад картасын пішімдеу алдында жад картасында сақталған барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз. Өндіруші кепілдігінде
пайдаланушы әрекеттері нәтижесінен деректердің жоғалуы қамтылмайды.
Құрылғыны қосу және өшіру
Құрылғыны қосу үшін қуат пернесін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз.
Құрылғыны бірінші рет қосқанда немесе деректерді қалпына келтіруді орындаудан кейін
құрылғы параметрлерін орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғыны өшіру үшін қуат пернесін басып тұрып,
Өшіру
опциясын түртіңіз.
Ұшақтар мен ауруханалар сияқты сымсыз құрылғыларды пайдалану шектелген
жерлерде өкілетті қызметкерлердің барлық ескертулері мен нұсқауларын
орындаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу
Құрылғы тұрып қалса және жауап бермей жатса, қайта іске қосу үшін қуат пернесін және
дыбыс деңгейін төмендету пернесін бір уақытта 7 секундтан көбірек басып тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін
төмендету пернесі
Қуат пернесі