User Manual

Негіздер
22
Бастапқы экран опциялары
Қол жетімді параметрлерге қатынасу үшін бастапқы экранда бос аумақты түртіп, ұстап
тұрыңыз немесе экранда саусақтарды бір біріне жақындатыңыз. Бастапқы экран тақталарын
қосу, жою немесе орнын өзгерту арқылы бастапқы экранды теңшеңіз. Сондай-ақ, бастапқы
экран тұсқағазын орнатуға, бастапқы экранға виджеттер қосуға және т.б. әрекеттерді
орындауға болады.
•
Түсқағаз
: бастапқы экран және құлыпталған экран үшін тұсқағаз параметрлерін
өзгертіңіз.
•
Виджет
: бастапқы экранға виджеттерді қосу. Виджеттер — бастапқы экранда ақпаратты
және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін белгілі бір қолданба функцияларын
іске қосатын шағын қолданбалар.
•
Тақырыптар
: құрылғы тақырыбын өзгерту. Түстер, белгішелер және тұсқағаздар сияқты
интерфейстік көрнекі элементтері таңдалған тақырыпқа байланысты өзгереді.
•
Экран торы
: бастапқы экранда және қолданбалар экранында көбірек немесе азырақ
элементтер көрсету үшін тор өлшемін өзгерту.
Элементтерді қосу
Қолданбалар экранында қолданбаны немесе қалтаны түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін
бастапқы экранға сүйреңіз.
Виджеттерді қосу үшін бастапқы экранда бос аумақты түртіп, ұстап тұрыңыз,
Виджет
тармағын түртіңіз, виджетті түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін бастапқы экранға сүйреңіз.