User Manual

Қолданбалар
50
Камера
Кіріспе
Әр түрлі режимдерді және параметрлерді пайдаланып фотосуреттер түсіріңіз және бейнелер
жазыңыз.
Негізгі түсіру
Фотосуреттер түсіруге немесе бейнелер жазуға болады. Фотосуреттерді және бейнелерді
Галерея
ішінде көріңіз.
Қолданбалар экранында
Камера
қолданбасын түртіңіз.
Камера этикеті
•
Басқа адамдардың фотосуреттерін немесе бейнелерін рұқсатын алмай түсірмеңіз немесе
жазбаңыз.
•
Заңмен тыйым салынған жерде фотосуреттер түсірмеңіз немесе бейнелер жазбаңыз.
•
Басқа адамдардың жеке өміріне қол сұғуыңыз мүмкін орындарда фотосуреттер
түсірмеңіз немесе бейнелер жазбаңыз.
Фотосуреттер түсіру немесе бейнелер жазу
1
Алдын ала қарау экранында камера фокусталуы керек жерде суретті түртіңіз.
2
Фотосурет түсіру үшін опциясын түртіңіз немесе бейне жазу үшін опциясын
түртіңіз.
•
Үлкейту үшін экранда екі саусақты бір бірінен алшақтатыңыз және кішірейту үшін
шымшыңыз.
•
Фотосуреттің немесе бейненің ашықтығын реттеу үшін экранды түртіңіз. Реттеу
жолағы көрінген кезде тармағын түртіп, ұстап тұрыңыз және белгішені реттеу
жолағына сүйреңіз.
•
Жазу кезінде бейнеден суретті түсіру үшін,
Түсіру
опциясын түртіңіз.
•
Бейне жазу кезінде фокусты өзгерту үшін фокустау қажет жерді түртіңіз. Экранның
ортасында фокустау үшін, опциясын түртіңіз.