User Manual

Негіздер
9
Қалған зарядтау уақытын көру
Зарядтау кезінде бастапқы экранды ашып,
Қолданбр
Қон-лар
Батарея
тармағын
түртіңіз.
Нақты зарядтау уақыты құрылғының күйіне және зарядтау күйлеріне байланысты
өзгеріп отыруы мүмкін. Қалған зарядтау уақыты құрылғыны өте салқын немесе өте
ыстық жағдайларда зарядтағанда көрсетілмеуі мүмкін.
Батарея тұтынуды азайту
Құрылғы батарея қуатын үнемдеуге көмектесетін әр түрлі опцияларды қамтамасыз етеді.
•
Зерделі реттегішті пайдаланып құрылғыны оңтайландырыңыз.
•
Құрылғыны пайдаланып жатпағанда, қуат пернесін басу арқылы ұйқы режиміне
ауысыңыз.
•
Қуатты үнемдеу режимін белсендіріңіз.
•
Қажет емес қолданбаларды жабыңыз.
•
Пайдаланбаған кезде Bluetooth мүмкіндігін өшіріңіз.
•
Пайдаланбаған кезде Wi-Fi мүмкіндігін өшіріңіз.
•
Қолданбаларды авто синхрондауды өшіріңіз.
•
Артқы жарық уақытын азайтыңыз.
•
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Батареяны зарядтау туралы кеңестер және сақтық
шаралары
•
Батарея қуаты төмен болған кезде батарея белгішесі бос көрінеді.
•
Егер батарея заряды толығымен таусылса, зарядтағышты жалғағаннан кейін құрылғыны
бірден қосуға болмайды. Құрылғыны қосудан бұрын таусылған батареяның бірнеше
минут зарядталуына мүмкіндік беріңіз.
•
Егер бір уақытта бірнеше қолданбаны, желілік қолданбаларды немесе басқа құрылғыға
байланысты қажет ететін қолданбаларды пайдалансаңыз, батарея тез таусылады.
Деректерді тасымалдау кезінде қуаттың үзілуін болдырмау үшін әрқашан бұл
қолданбаларды батареяны толығымен зарядтағаннан кейін пайдаланыңыз.
•
Компьютер сияқты зарядтағыштан басқа қуат көзін пайдалану төменірек токқа
байланысты баяуырақ зарядтау жылдамдығына әкелуі мүмкін.