User Manual

Қон-лар
96
•
Google дауыспен теру
: дауыспен енгізу параметрлерін өзгерту.
•
Мәтіннен сөйлеуге
: мәтінді сөзге түрлендіру опцияларын өзгерту.
•
Меңзер жылдамдығы
: құрылғыға қосылған тінтуірдің немесе сенсорлық аймақтың
меңзер жылдамдығын реттеу.
Батарея
Батарея қуаты туралы ақпаратты көріңіз және қуатты үнемдеу опцияларын өзгертіңіз.
Параметрлер экранында
Батарея
опциясын түртіңіз.
Қалған пайдалану уақыты батарея қуаты таусылуына дейін қалған уақытты көрсетеді.
Қалған пайдалану уақыты құрылғы параметрлеріне және жұмыс жағдайларына
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
•
БАТАРЕЯ ПАЙДАЛАНУ
: құрылғы тұтынған батарея қуатының мөлшерін көру.
•
Қуат үнемдеу режимі
: қуатты үнемдеу режимін белсендіру және қуатты үнемдеу
режимінің параметрлерін өзгерту. Қосымша ақпаратты Қуат үнемдеу режимі бөлімінен
қараңыз.
•
Ультра қуат үнемдеу режимі
: жеңілірек орналасуды көрсету және қолданбаға шектеулі
қатынасуға рұқсат ету арқылы күту режимінің уақытын кеңейту және батареяны
тұтынуды азайту. Қосымша ақпаратты Ультра қуат үнемдеу режимі бөлімінен қараңыз.
•
Қолданба қуатын үнемдеу
: батарея зарядын үнемдеу үшін қолданбаларды басқару.
Батарея қуатының тым көп мөлшерін тұтынатын қолданбалардың тізімін де қарауға
болады.
•
Күй жолағындағы пайыз
: құрылғыны қалған батарея зарядын көрсетуге реттеу.
Сақтау орны
Құрылғының жады туралы ақпаратты көру.
Параметрлер экранында
Сақтау орны
опциясын түртіңіз.
Ішкі жадтың нақты қол жетімді сыйымдылығы көрсетілгеннен аз, себебі амалдық
жүйе мен әдепкі қолданбалар жад орнының бір бөлігін алады. Қол жетімді бос орын
құрылғыны жаңартқанда өзгеруі мүмкін.