SM-T111 Пайдаланушы нұсқаулығы www.samsung.
Осы нұсқаулық туралы Бұл құрылғы Samsung компаниясының жоғары стандарттары мен технологиялық біліктілігін пайдаланып жоғары сапалы мобильді байланыс пен ойын-сауықты қамтамасыз етеді. Бұл пайдаланушы нұсқаулығы құрылғының функциялары мен мүмкіндіктері туралы егжейтегжейлі мәліметтерді береді. • Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. • Сипаттамалар құрылғының әдепкі параметрлеріне негізделген.
Осы нұсқаулық туралы • Құрылғымен бірге келетін әдепкі қолданбалар жаңартылуы керек және алдын ала ескертусіз енді қолдау көрсетілмеуі мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба туралы сұрағыңыз болса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз. Пайдаланушы орнатқан қолданбалар үшін қызмет көрсетушілерге хабарласыңыз. • Құрылғының амалдық жүйесін өзгерту немесе ресми емес көздерден бағдарламаларды орнату құрылғының ақаулықтарына және деректердің бүлінуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін.
Осы нұсқаулық туралы Сауда белгілері • SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген сауда белгілері. ® • Bluetooth — Bluetooth SIG корпорациясының дүние жүзіндегі тіркелген сауда белгісі. ® ™ ™ ™ және Wi-Fi логотипі — • Wi-Fi , Wi-Fi Protected Setup , Wi-Fi Direct , Wi-Fi CERTIFIED Wi-Fi Alliance ассоциациясының тіркелген сауда белгілері. • Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар сәйкес иелерінің меншігі болып табылады.
Мазмұны Жұмысты бастау Байланыс 7 Құрылғының орналасуы 35 Телефон 8 Түймелер 39 Контактілер 9 Орама құрамы 43 Хабарламалар 10 SIM немесе USIM картасын орнату 44 Эл.
Мазмұны Параметрлер Қолданба және мультимедиа дүкендері 68 Play Store 69 Samsung Apps 70 Play Books 70 Play Music 70 Play Newsstand Утилиталар 71 Жад 72 S Planner 75 POLARIS Office 5 77 Drive 78 Dropbox 79 Дабыл 80 Әлемдік уақыт 80 Калькулятор 81 S Voice 82 Google 83 Voice Search 83 Менің файлдарым 84 Жазылған 87 Параметрлер туралы 87 Bluetooth 87 Wi-Fi 88 Деректер пайдалану 89 Басқа параметрлер 91 Бұғаттау режимі 91 Гарнитура режимі 91 Қоңырау 93 Дыбыс
Жұмысты бастау Құрылғының орналасуы Көп мақсатты ұя Құлақаспап Қуат түймесі Дыбыс деңгейі түймесі Сенсорлық экран Бастапқы түймесі Артқа түймесі Мәзір түймесі Микрофон Құлақаспап ұясы Бас антеннасы GPS антеннасы SIM карта ұясы Динамик Жад картасының қосқышы Артқы камера 7
Жұмысты бастау • Антенна аумағын қолдармен немесе басқа заттармен жаппаңыз. Бұл байланыс мүмкіндігі мәселелерін тудыруы немесе батарея тауысуы мүмкін. • Экран қорғағышын пайдаланбаңыз. Бұл сенсор ақаулықтарын тудырады. • Сенсорлық экранға судың тиюіне жол бермеңіз. Сенсорлық экран ылғалды жерлерде немесе су тигенде дұрыс істемей қалуы мүмкін. Түймелер Түйме Функция • Құрылғыны қосу немесе өшіру үшін басып тұрыңыз.
Жұмысты бастау Орама құрамы Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз: • Құрылғы • Жылдам бастау нұсқаулығы Тек Samsung бекіткен жабдықтарды пайдаланыңыз. Қарақшылық жолмен алынған немесе заңсыз жасалған бағдарламалық жасақтама өндіруші кепілдігінде қамтылмаған зақым келтіруі немесе ақаулықтарға себеп болуы мүмкін. • Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Жұмысты бастау SIM немесе USIM картасын орнату Мобильді телефон қызмет көрсетушісі қамтамасыз еткен SIM немесе USIM картасын салыңыз. Бұл құрылғыда тек microSIM карталары жұмыс істейді. 1 SIM немесе USIM картасын сары контактілерін төмен қаратып салыңыз. 2 SIM немесе USIM картасын ұяға орнында шырт етіп орнатылғанша итеріңіз. • Жад картасын SIM картасына арналған ұяға салмаңыз. Егер жад картасы SIM картасының ұясында тұрып қалса, жад картасын шығару үшін құрылғыны Samsung сервис орталығына апарыңыз.
Жұмысты бастау Батареяны зарядтау Бірінші рет пайдалану алдында зарядтағышты пайдаланып батареяны зарядтаңыз. Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды, батареяларды және кабельдерді пайдаланыңыз. Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін. • Батарея заряды төмендеген кезде құрылғы ескерту дыбысын шығарады және батарея заряды төмен екені туралы хабарды көрсетеді.
Жұмысты бастау Толығымен зарядтағаннан кейін құрылғыны зарядтағыштан ажыратыңыз. Алдымен зарядтағышты құрылғыдан ажыратыңыз, содан кейін электр розетка ұясынан ажыратыңыз. Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
Жұмысты бастау Жад картасын салу Құрылғы ең көп сыйымдылығы 32 ГБ дейінгі жад карталарын қолдайды. Жад картасының өндірушісіне және түріне байланысты кейбір жад карталары құрылғымен үйлесімді болмауы мүмкін. • Кейбір жад карталары құрылғымен толығымен үйлесімді болмауы мүмкін. Үйлесімді емес картаны пайдалану құрылғыны немесе жад картасын зақымдауы мүмкін немесе онда сақталған деректерді бүлдіруі мүмкін. • Жад картасын абайлап оң жағын жоғары қаратып салыңыз.
Жұмысты бастау Жад картасын алу Жал картасын алмай тұрып қауіпсіз алу үшін алдымен босатып алыңыз. Бастапқы экранда Бағдарлр → Қон-лар → Сақтау орны → SD картасын босату тармағына өтіңіз. Жад картасын құрылғыдан ажырағанша итеріңіз, содан кейін шығарыңыз. Құрылғы ақпаратты тасымалдап немесе оған қол жеткізіп жатқанда жад картасын алмаңыз. Бұлай істеу деректердің жоғалуына немесе бүлінуіне әкелуі я болмаса жад картасын немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Жұмысты бастау Құрылғыны қосу және өшіру Құрылғыны бірінші рет қосқанда, құрылғы параметрлерін орнату үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыны қосу үшін Power түймешігін бірнеше секунд басып тұрыңыз. • Ұшақтар мен ауруханалар сияқты сымсыз құрылғыларды пайдалану шектелген жерлерде өкілетті қызметкерлердің барлық ескертулері мен нұсқауларын орындаңыз. • Сымсыз мүмкіндіктерді өшіру үшін, Қуат түймесін басып тұрып, Ұшу режимі опциясын түртіңіз.
Жұмысты бастау Құрылғыны құлыптау және құлпын ашу Пайдаланылмаған кезде қалаусыз жұмыс істеуін болдырмау үшін құрылғыны құлыптаңыз. Қуат түймесін басу экранды өшіреді және құрылғыны құлыптау режиміне орнатады. Көрсетілген кезең бойы пайдаланылмаса, құрылғы автоматты түрде құлыпталады. Құрылғының құлпын ашу үшін сенсорлық экран өшкенде Қуат түймесін немесе Бастапқы түймесін басыңыз да, саусақпен кез келген бағытта шертіңіз.
Негіздер Индикаторлық белгішелер Экранның жоғарғы жағында көрсетілген белгішелер құрылғының күйі туралы ақпаратты береді. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі кездеседі.
Негіздер Белгіше Мағынасы Қате пайда болды немесе сақ болу талап етіледі Батарея зарядының деңгейі Сенсорлық экранды пайдалану Сенсорлық экранды пайдалану үшін тек саусақтарды пайдаланыңыз. • Сенсорлық экранның басқа электр құрылғыларға тиюіне жол бермеңіз. Электростатикалық разрядтар сенсорлық экранның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. • Сенсорлық экранды зақымдап алмау үшін, оны ешбір үшкір нәрсемен түртпеңіз немесе саусақ ұштарымен оған шамадан тыс қысым түсірмеңіз.
Негіздер Сүйреу Белгішені, кіші суретті немесе алдын ала көруді жаңа орынға жылжыту үшін, түртіп, ұстап тұрып, оны қажетті орынға сүйреп апарыңыз. Екі рет түрту Бөлікті үлкейту үшін, веб-бетте, картада немесе суретте екі рет түртіңіз. Оралу үшін қайтадан екі рет түртіңіз.
Негіздер Шерту Басқа тақтаны көру үшін бастапқы экранда немесе қолданбалар экранында солға немесе оңға шертіңіз. Веб-бетте немесе контактілер сияқты тізімде жылжу үшін жоғары немесе төмен шертіңіз. Шымшу Бөлікті үлкейту үшін веб-бетте, картада немесе суретте екі саусақты бір бірінен алшақтатыңыз. Кішірейту үшін шымшыңыз.
Негіздер Басқару қозғалыстары Қарапайым қозғалыстар құрылғыны оңай басқаруға мүмкіндік береді. Қозғалыстарды пайдаланбай тұрып қозғалыс мүмкіндігі іске қосылғанын тексеріңіз. Бастапқы экранда Бағдарлр → Қон-лар → Қозғалыстар мен қимылдар тармағына өтіңіз де, Қозғалыстар мен қимылдар қосқышын оңға сүйреңіз. Құрылғыны шамадан тыс сілку немесе оған әсер қалаусыз енгізулерге әкелуі мүмкін. Қозғалыстарды дұрыс басқарыңыз.
Негіздер Көтеру Құрылғыны біраз уақыт бос болғаннан кейін немесе экран өшкенде көтергенде, қабылданбаған қоңыраулар немесе жаңа хабарлар бар болса, ол дірілдейді. Хабарландырулар Қабылданбаған қоңыраулар, жаңа хабарлар, күнтізбе оқиғалары, құрылғы күйі және т.б. туралы есеп беру үшін экранның жоғарғы жағындағы күй тақтасында хабарландыру белгішелері көрсетіледі. Хабарландыру тақтасын ашу үшін күй тақтасынан төмен сүйреңіз. Қосымша ескертулерді көру үшін тізімді айналдырыңыз.
Негіздер • Қуат үнемдеу: Қуатты үнемдеу режимін іске қосу немесе өшіру. • Бірнеше терезе: Көп терезе мүмкіндігін пайдалану үшін орнатыңыз. • Wi-Fi жедел нүк: Wi-Fi тіркеулі мүмкіндігін іске қосу немесе өшіру. • Спикерфон режимі: Спикерфон режимін іске қосу немесе өшіру. • Синхрон-у: Қолданбаларды авто синхрондауды іске қосыңыз немесе өшіріңіз. • Ұшу режимі: Ұшақ режимін іске қосу немесе өшіру. Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді опциялар өзгеріп отыруы мүмкін.
Негіздер Элементті қосу Виджеттерді, қалталарды немесе беттерді қосу арқылы бастапқы экранды реттеңіз. Бастапқы экранда бос аумақты түртіп, ұстап тұрыңыз да, келесі санаттардың бірін таңдаңыз: • Қолданбалар мен виджеттер: Басты бет экранына виджеттер немесе бағдарламалар қосыңыз. • Қалта: Жаңа қалта жасаңыз. • Бет: Жаңа бет жасаңыз. Элементті жылжыту Элементті түртіп, ұстап тұрып, жаңа орынға сүйреп апарыңыз. Басқа тақтаға жылжыту үшін оны экранның бүйіріне сүйреңіз.
Негіздер Тұсқағазды орнату Құрылғыда сақталған суретті немесе фотосуретті бастапқы экранның тұсқағазы ретінде орнатыңыз. → Түсқағаз орнату → Бейнебеттің өзіндік беті тармағына өтіңіз де, Бастапқы экранда төмендегінің біреуін таңдаңыз: • Галерея: Құрылғының камерасымен түсірілген фотосуреттерді немесе интернеттен жүктелген суреттерді көру. • Табиғи түсқағаздар: Анимациялық суреттерді қараңыз. • Photos: Суреттерді Photos ішінде қараңыз. • Түсқағаз: Тұсқағаз суреттерін көру.
Негіздер Қолданбаларды пайдалану Бұл құрылғыда көптеген қолданба түрлері жұмыс істей алады, мультимедиалықтан интернет қолданбаларына дейін. Қолданбаны ашу Бастапқы экранда немесе қолданбалар экранында ашу үшін қолданба белгішесін таңдаңыз. Жақында пайдаланылған қолданбалар ішінен ашу Жақында пайдаланылған қолданбалар тізімін ашу үшін Бастапқы түймесін басып тұрыңыз. Ашу үшін бағдарламаны таңдаңыз.
Негіздер Қолданбаларды қайта реттеу → Түзету опциясын түртіп, қолданбаны түртіп ұстап тұрыңыз да, жаңа орынға сүйреңіз. Басқа тақтаға жылжыту үшін оны экранның бүйіріне сүйреңіз. Қалталар көмегімен реттеу Ыңғайлылық үшін байланысты қолданбалады қалтада орналастырыңыз. → Түзету опциясын түртіп, қолданбаны түртіп ұстап тұрыңыз да, Қалтаны құру тармағына сүйреңіз. Қалта атауын енгізіңіз де, OK опциясын түртіңіз.
Негіздер Көмек Құрылғыны және қолданбаларды пайдалану немесе маңызды параметрлерді реттеу туралы мәліметтер алу үшін анықтама ақпаратына қол жеткізіңіз. Қолданбалар экранында Көмек опциясын түртіңіз. Кеңестерді көру үшін элементті таңдаңыз. Санаттарды алфавиттік ретпен сұрыптау үшін, Кілтсөздерді іздеу үшін, опциясын түртіңіз. опциясын түртіңіз. Мәтінді енгізу Мәтінді енгізу үшін Samsung пернетақтасын немесе дауыспен енгізу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Кейбір тілдерде мәтінді енгізуге қолдау көрсетілмейді.
Негіздер Үлкен әріптерді енгізу Таңбаны енгізу алдында түртіңіз. опциясын түртіңіз. Барлығын бас әріппен енгізу үшін оны екі рет Тіл пернетақталарын өзгерту Пернетақтаға тілдерді қосыңыз, содан кейін тіл пернетақталарын өзгерту үшін бос орын пернесін солға немесе оңға сырғытыңыз. Дауыспен мәтін енгізу Дауыспен енгізгу мүмкіндігін іске қосыңыз да, микрофонға сөйлеңіз. Құрылғы сөйлегеніңізді көрсетеді.
Негіздер Wi-Fi желісіне қосылу Интернетті пайдалану немесе басқа құрылғылармен мультимедиалық файлдарды бөлісу үшін құрылғыны Wi-Fi желісіне қосыңыз. (87-б.) Интернет қолданбаларын пайдалану алдында Wi-Fi қосылымының белсенді екенін тексеріңіз. Wi-Fi функциясын қосу және өшіру Хабарландыру тақтасын ашып, қосу немесе өшіру үшін Wi-Fi опциясын түртіңіз. Пайдаланылмаған кезде батареяны үнемдеу үшін Wi-Fi функциясын өшіріңіз.
Негіздер Есептік жазбаларды орнату Play Store сияқты Google қолданбалары Google есептік жазбасын және Samsung Apps сайты Samsung есептік жазбасын қажет етеді. Құрылғыдан ең жақсы тәжірибені алу үшін Google және Samsung есептік жазбаларын жасаңыз. Есептік жазбаларды қосу Google есептік жазбасын орнату үшін кірусіз Google қолданбасын ашқанда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз. Google есептік жазбасымен кіру немесе оны тіркеу үшін қолданбалар экранында Қон-лар → Тіркелгі қосу → Google тармағына өтіңіз.
Негіздер Samsung Kies арқылы қосылу Samsung Kies — мультимедиалық кітапханаларды, контактілерді және күнтізбелерді басқаратын және оларды Samsung құрылғыларымен синхрондайтын компьютерлік қолданба. Samsung веб-сайтынан соңғы Samsung Kies қолданбасын жүктеңіз. 1 Құрылғыны компьютерге USB кабелін пайдаланып қосыңыз. Samsung Kies компьютерде автоматты түрде қосылады. Егер Samsung Kies іске қосылмаса, компьютердегі Samsung Kies белгішесін екі рет басыңыз.
Негіздер Құрылғыны қорғау Қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдалана отырып басқалардың құрылғыда сақталған жеке деректерді және ақпаратты пайдалануын немесе оларға қол жеткізуін болдырмаңыз. Құлпын ашқанда құрылғы құлыпты ашу кодын қажет етеді. Үлгіні орнату Қолданбалар экранында Қон-лар → Экранды құлыптау → Экранды құлыптау → Үлгі тармағына өтіңіз. Төрт немесе одан көп нүктені қосу арқылы үлгіні салыңыз да, тексеру үшін үлгіні қайтадан салыңыз.
Негіздер Құрылғы құлпын ашу Қуат түймесін немесе Бастапқы түймесін басу арқылы экранды қосып, құлыпты ашу кодын енгізіңіз. Егер құлыпты ашу кодын ұмытып қалсаңыз, құрылғыны қалпына келтіру үшін оны Samsung сервис орталығына апарыңыз. Құрылғыны жаңарту Құрылғыны ең соңғы бағдарламалық жасақтамаға жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Samsung Kies арқылы жаңарту Samsung Kies қолданбасын іске қосып, құрылғыны компьютерге қосыңыз.
Байланыс Телефон Бұл қолданбаны қоңыраулар шалу немесе оларға жауап беру үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Телефон опциясын түртіңіз. Қоңыраулар шалу Қоңырау шалу Келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: • Пернетақта: Пернетақтаны пайдаланып нөмірді енгізіңіз де, пәрменін түртіңіз. • Журналдар: Кіріс және шығыс қоңыраулар мен хабарлар журналынан қоңырау шалыңыз. • Таңдаулылар: Таңдаулы контактілер тізімінен қоңырау шалыңыз. • Контактілер: Контактілер тізімінен қоңырау шалыңыз.
Байланыс Контактілерді табу Контактілер тізімінде контактіні табу үшін атты, телефон нөмірін немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Таңбалар енгізілу барысында болжалған контактілер көрсетіледі. Қоңырау шалу үшін біреуін таңдаңыз. Халықаралық қоңырау шалу + белгісі көрсетілгенше 0 пернесін түртіп ұстап тұрыңыз. Ел кодын, аймақ кодын және телефон нөмірін енгізіңіз де, опциясын түртіңіз. Қоңырау кезінде Келесі әрекеттер қол жетімді: • Ұст.: Қоңырауды ұстау.
Байланыс Контактілерді қосу Телефон нөмірін контактілер тізіміне пернетақтадан қосу үшін нөмірді енгізіп, түртіңіз. опциясын Қоңыраулар журналдарын қарау Кіріс және шығыс қоңыраулар журналын қарау үшін, Журналдар опциясын түртіңіз. Қоңыраулар журналын сүзу үшін, → Көрініс тармағын түртіңіз де, опцияны таңдаңыз. Бекітілген теру нөмірі Құрылғыны шығыс қоңырауларды тек көрсетілген префикстері бар шығыс қоңыраулармен шектеуге орнатуға болады. Бұл префикстер SIM немесе USIM картасында сақталады.
Байланыс Қоңырауларды қабылдау Қоңырауға жауап беру Қоңырау келгенде белгішесін дөңгелек сыртына сүйреңіз. Егер қоңырауды күту қызметі белсенді болса, екінші қоңырауды шалуға болады. Екінші қоңырауға жауап бергенде, бірінші қоңырау ұстауға қойылады. Қоңырауды қабылдамау Қоңырау келгенде белгішесін дөңгелек сыртына сүйреңіз. Кіріс қоңыраудан бас тартқанда хабар жіберу үшін Хабары бар қоңырауды қабылдамау → Шақыру қоңырауларын реттеу → опциясын түртіңіз.
Байланыс Қоңырау бағытын өзгерту Құрылғыны кіріс қоңырауларды көрсетілген нөмірге жіберуге орнатуға болады. → Шақыру қоңырауларын реттеу → Шақыру қоңырауларын реттеу → Қосымша параметрлер → Қоңырау бағытын өзгерту тармағына өтіңіз де, қоңырау түрі мен шартты таңдаңыз. Нөмірді енгізіп, Қосу опциясын түртіңіз. Дауыстық хабарды тыңдау Пернетақтада 1 пернесін түртіп, ұстап тұрыңыз да, қызмет көрсетушінің нұсқауларын орындаңыз.
Байланыс Контактілерді іздеу Контактілер түймесін басыңыз. Келесі іздеу әдістерінің біреуін пайдаланыңыз: • Контактілер тізімімен жоғары немесе төмен жылжыңыз. • Саусағыңызбен сүйреу арқылы жылдам айналдыру үшін контактілер тізімінің сол жағындағы көрсеткішті пайдаланыңыз. • Контактілер тізімінің жоғарғы жағындағы іздеу өрісін түртіп, іздеу шарттарын енгізіңіз. Контакт таңдалғаннан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз: • : Таңдаулы контактілерге қосу. • : Дыбыстық қоңырау жасаңыз.
Байланыс Контактілерді импорттау → Импорттау/Экспорттау → SIM картасынан импорттау, SD картасынан импорттау тармағына өтіңіз немесе Ішкі телефон жадынан импорттау опциясын түртіңіз. Контактілерді экспорттау → Импорттау/Экспорттау → SIM картасына экспорттау, SD картасына экспорттау тармағына өтіңіз немесе Ішкі телефон жадына экспорттау опциясын түртіңіз.
Байланыс Топтарды басқару опциясын түртіңіз де, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз: • Тізім: Контактілерді іздеу. • Өзгерту: Топ параметрлерін өзгертіңіз. • Құру: Жаңа топты жасау. • Мүшені жою: Мүшелерді топтан жойыңыз. • Хабарлама жіберу: Хабарды топ мүшелеріне жіберіңіз. • Email жіберу: Электрондық поштаны топ мүшелеріне жіберіңіз. • Орнын ауыстыру: Топ атауының жанындағы белгішесін түртіп ұстап тұрып, басқа орынға жоғары немесе төмен сүйреп апарыңыз, содан кейін Дайын опциясын түртіңіз.
Байланыс Хабарламалар Бұл қолданбаны мәтіндік хабарларды (SMS) немесе мультимедиалық хабарларды (MMS) жіберу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Хабарламалар опциясын түртіңіз. Үйдің қызмет көрсету аумағынан тыс кезде хабарларды жіберу немесе алу үшін қосымша ақылар алынуы мүмкін. Мәліметтерді алу үшін қызмет көрсетушіге хабарласыңыз. Хабарлар жіберу опциясын түртіп, алушыларды қосыңыз, хабарды енгізіңіз, содан кейін түртіңіз.
Байланыс Кіріс хабарларды көру Кіріс хабарлар контакт бойынша хабарлар тізбектеріне топталады. Адамның хабарын көру үшін контактіні таңдаңыз. Эл. пошта Бұл қолданбаны электрондық пошта хабарларын жіберу және көру үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Эл. пошта опциясын түртіңіз. Электрондық пошта есептік жазбаларын орнату Эл. пошта қолданбасын бірінші рет ашқанда электрондық пошта есептік жазбасын орнатыңыз. Электрондық пошта мекенжайын және құпия сөзді енгізіңіз.
Байланыс Жоспарланған хабарларды жіберу → Жіберуді белгілеу опциясын түртіңіз. Жіберуді белгілеу Хабарды жасап жатқанда құсбелгісін қойып, уақыт пен күнді орнатыңыз, содан кейін Дайын опциясын түртіңіз. Құрылғы хабарды көрсетілген уақыт пен күнде жібереді. • Егер құрылғы жоспарланған уақытта өшірулі, желіге қосылмаған немесе желі тұрақсыз болса, хабар жіберілмейді. • Бұл мүмкіндік құрылғыда орнатылған уақыт пен күнге негізделеді.
Байланыс Google Mail Бұл қолданбаны Google Mail қызметіне тез және тікелей қол жеткізу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Google Mail опциясын түртіңіз. • Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. • Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге бұл қолданбаның белгісі басқаша болуы мүмкін. Хабарлар жіберу Кез келген пошта жәшігінде опциясын түртіңіз, алушыларды, тақырыпты және хабарды енгізіңіз, содан кейін SEND опциясын түртіңіз.
Байланыс Белгілер Google Mail нақты қалталарды емес, олардың орнына белгілерді пайдаланады. Google Mail іске қосылғанда Inbox деген белгісі бар хабарларды көрсетеді. → Change labels опциясын түртіп, белгілеу Хабарға белгіні қосу үшін хабарды таңдаңыз, үшін белгіні таңдаңыз. Hangouts Бұл қолданбаны басқалармен сөйлесу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Hangouts опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.
Байланыс Photos Бұл бағдарламаны Google корпорациясының әлеуметтік желі қызметі арқылы кескіндер мен бейнелерді ортақ пайдалану үшін қолданыңыз. Қолданбалар экранында Photos опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Келесі санаттардың біреуін таңдаңыз: • CAMERA: Түсірілген немесе құрылғыға жүктелген барлық суреттерді немесе бейнелерді көріңіз. • HIGHLIGHTS: Күні немесе альбом бойынша топтастырылған суреттерді немесе бейнелерді көріңіз.
Веб және желі Шолушы Бұл қолданбаны интернетті шолу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Шолушы опциясын түртіңізз. Веб-беттерді көру Мекенжай өрісін түртіңіз, веб-мекенжайды енгізіңіз, содан кейін Өту опциясын түртіңіз. Веб-бетті көріп жатқанда ағымдағы веб-бетті бөлісу, сақтау немесе басып шығару үшін, опциясын түртіңіз. Жаңа бетті ашу опциясын түртіңіз. Басқа веб-бетке өту үшін тақырып өрісінде солға немесе оңға жылжып, оны таңдау үшін бетті түртіңіз.
Веб және желі Журнал Жақында кірген веб-беттер тізімінен веб-бетті ашу үшін → Журнал опциясын түртіңіз. → Журналды тазалау опциясын түртіңіз. Журналды өшіру үшін Ең көп кіретін веб-беттер тізімінен веб-бетті ашу үшін тармағына өтіңіз. → Журнал → Көп кіретін Сілтемелер Жаңа бетте ашу, сақтау немесе көшіру үшін веб-беттегі сілтемені түртіп ұстап тұрыңыз. Сақталған сілтемелерді көру үшін → Жазылған бөлімін қараңыз. Веб-беттерді бөлісу Веб-бет мекенжайын басқалармен бөлісу үшін → Бөлісу опциясын түртіңіз.
Веб және желі Вебте дауыспен іздеу Мекенжай өрісін түртіңіз, опциясын түртіңіз, кілт сөзді айтыңыз, содан кейін көрсетілген ұсынылған кілт сөздердің біреуін таңдаңыз. Басқа құрылғылармен синхрондау Бір Google есептік жазбасымен кіргенде, Chrome қолданбасын басқа құрылғыда пайдалану үшін ашық қойындылар мен бетбелгілерді синхрондаңыз. Ашық қойындыларды басқа құрылғылардан көру үшін Ашатын веб-бетті таңдаңыз. Бетбелгілерді көру үшін → Other devices түймешігін түртіңіз. → Bookmarks параметрін түртіңіз.
Веб және желі Басқа Bluetooth құрылғыларымен жұптастыру Қолданбалар экранында Қон-лар → Bluetooth → Қар. шығу тармағына өтіңіз, сонда анықталған құрылғылар тізіледі. Жұптастыру керек құрылғыны таңдаңыз да, растау үшін екі құрылғыда да авто жасалған рұқсат сөзді қабылдаңыз. Деректерді жіберу және алу Кқп қолданбалар Bluetooth арқылы деректерді тасымалдауды қолдайды. Мысалы Галерея. Галерея қолданбасын ашыңыз, суретті таңдаңыз, → Bluetooth опциясын түртіңіз, кейін Bluetooth құрылғыларының біреуін таңдаңыз.
Веб және желі Файлдарды бөлісу Құрылғыны немесе веб-қойманы таңдаңыз, опциясын түртіңіз, файлдарды таңдаңыз, Істелді опциясын түртіңіз, содан кейін бөлісу әдісін таңдаңыз. Веб қойма серверіндегі мазмұнды басқару Веб қойма серверін таңдаңыз да, файлдарды көріңіз және басқарыңыз. Веб-қойма қызметінен файлдарды жүктеу үшін, содан кейін Істелді опциясын түртіңіз.
Мультимедиа Музыка Бұл қолданбаны музыканы тыңдау үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Музыка опциясын түртіңіз. • Құрылғыда орнатылған бағдарламалық жасақтамаға байланысты кейбір файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді. • Пайдаланылған кодтау әдісіне байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы мүмкін. Музыканы ойнату Музыка санатын таңдаңыз да, ойнатылатын әнді таңдаңыз. Музыка ойнатқыш экранын ашу үшін альбом суретін басыңыз. Файл деректерін көріңіз. Файлды ойнататын басқа құрылғыларды іздеңіз.
Мультимедиа Әндерді бірдей дыбыс деңгейінде тыңдау үшін, дауыс тармағын түртіңіз. → Параметрлер → Қосымша → Смарт Смарт дауыс опциясы кейбір файлдар үшін іске қосылмауы мүмкін. Смарт дауыс белсендірілгенде, дыбыс деңгейі құрылғының дыбыс деңгейінен жоғарырақ болуы мүмкін. Естудің нашарлауын болдырмау үшін қатты дыбыстарды ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз. Әнді рингтон немесе дабыл ретінде орнату Ойнатылып жатқан әнді рингтон немесе дабыл ретінде пайдалану үшін опцияны таңдаңыз.
Мультимедиа Камера Бұл қолданбаны суреттер мен бейнелерді түсіру үшін пайдаланыңыз. Галерея қолданбасын құрылғының камерасымен түсірілген суреттерді және бейнелерді көру үшін пайдаланыңыз. (62-б.) Қолданбалар экранында Камера опциясын түртіңіз. Пайдаланылмаған кезде камера автоматты түрде өшеді. Камера этикеті • Басқа адамдардың суреттерін немесе бейнелерін рұқсатын алмай түсірмеңіз. • Заңмен тыйым салынған жерде суреттерді немесе бейнелерді түсірмеңіз.
Мультимедиа Көрініс режимі Алдын ала анықталған параметрлер реттеулерсіз суреттерді түсіруді оңайырақ етеді. → Окиға опциясын түртіңіз. • Табиғат көрінісі: Бұл параметрді көк аспан суреттері мен түрлі-түсті ландшафттарды түсіру үшін пайдаланыңыз. • Кеш/Іште: Бұл параметрді жақсы жарықтандырылған ішкі көріністер үшін пайдаланыңыз. • Күннің батуы: Бұл параметрді қанығырақ түстер мен анығырақ контрасттар үшін пайдаланыңыз. • Анық көріну: Бұл параметрді білінер-білінбес түстер үшін пайдаланыңыз.
Мультимедиа Панорамалық суреттер Панорамалық сурет — бірнеше кадрдан тұратын кең табиғат көрінісінің суреті. → Түсірілім режимі → Панорама опциясын түртіңіз. опциясын түртіп, камераны кез келген бағытта жылжытыңыз. Екі панорама бағыт жақтауларын туралаған кезде камера панорамалық тізбектегі басқа кадрды автоматты түрде түсіреді. Түсіруді тоқтату үшін опциясын қайтадан түртіңіз.
Мультимедиа Жазу режимі Қол жетімді әр түрлі әсерлер арасында таңдау. Жазу режимін өзгерту. Қай сақтау орны пайдаланылатынын көрсетеді. Қозғалыссыз және бейне режим арасында ауысу. мұны уақыты кідіртілген кадрлар үшін пайдаланыңыз. Камера сенсорының қанша жарық алғанын анықтаңыз. Түсірген фотосуреттер мен бейнелерді көріңіз. Камера параметрлерін өзгерту Ақ түс тепе-теңдігі параметрін өзгертіңіз. Жазу режимін өзгерту үшін опциясын түртіңіз. • Қалыпты: Бұл режимді қалыпты сапа үшін пайдаланыңыз.
Мультимедиа Келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: • Үлкейту немесе кішірейту үшін Дыбыс деңгейі түймесін пайдаланыңыз. • Үлкейту үшін экранда екі саусақты бір бірінен алшақтатыңыз және кішірейту үшін шымшыңыз. • Ең жоғары ажыратымдылықпен түсіру кезінде масштабтау функциясы қол жетімді болмауы мүмкін. • Бейнені түсіру кезінде масштабтау мүмкіндігін пайдаланғанда үлкейту/кішірейту әсері қол жетімді болады. Камера параметрлерін теңшеу Камера параметрлерін теңшеу үшін опциясын түртіңіз.
Мультимедиа • Ажыратымдылық: Ажыратымдылықты таңдау. Жоғарырақ сапаны алу үшін жоғарырақ ажыратымдылықты пайдаланыңыз. Бірақ ол көбірек жадты алады. • Ақ түстің тепе-теңдігі: Суреттердің түстер ауқымы шынайы болуы үшін тиісті ақ түстің тепе-теңдігін таңдаңыз. Бұл параметрлер белгілі бір жарық жағдайларына арналған. Бұл параметрлер кәсіби камералардағы ақ түстің тепе-теңдегі экспозициясының жылулық ауқымына ұқсайды. • Өлшеуіш: Өлшеу әдісін таңдаңыз. Бұл жарық мәндері қалай есептелетінін анықтайды.
Мультимедиа Галерея Бұл қолданбаны суреттер мен бейнелерді көру үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Галерея опциясын түртіңіз. • Құрылғыда орнатылған бағдарламалық жасақтамаға байланысты кейбір файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді. • Пайдаланылған кодтау әдісіне байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы мүмкін. Суреттерді көру Галерея қолданбасын іске қосу қол жетімді қалталарды көрсетеді. Эл.
Мультимедиа Суреттерді өңдеу Суретті көргенде, опциясын түртіп, келесі функцияларды пайдаланыңыз: • Сүйікті: Таңдаулылар тізіміне қосу. • Слайдшоу: Ағымдағы қалтадағы суреттермен слайдшоуды бастау. • Фотосурет жақтауы: Мұны кескінге жақтау және ескертпе қосу үшін пайдаланыңыз. Өңделген сурет Photo frame қалтасында сақталады. • Фото ноут: Мұны кескіннің артқы жағына ескертпе жазу үшін пайдаланыңыз. Жазбаны өңдеу үшін опциясын түртіңіз. • Буферге көшіру: Буферге көшіру.
Мультимедиа Суреттерді бөлісу Келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: • Қалтада → Элементті таңдау опциясын түртіңіз, құсбелгілер қою арқылы суреттерді таңдаңыз, содан кейін оларды басқаларға жіберу үшін опциясын түртіңіз. • Суретті көргенде оны басқаларға жіберу немесе әлеуметтік желі қызметтері арқылы бөлісу үшін, опциясын түртіңіз. Тұсқағаз ретінде орнату Суретті көргенде, суретті тұсқағаз ретінде орнату немесе контактіге тағайындау үшін Орнату опциясын түртіңіз.
Мультимедиа Бейне Бұл қолданбаны бейне файлдарды ойнату үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Бейне опциясын түртіңіз. • Құрылғыда орнатылған бағдарламалық жасақтамаға байланысты кейбір файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді. • Пайдаланылған кодтау әдісіне байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы мүмкін. Бейнелерді ойнату Ойнатылатын бейнежазбаны таңдаңыз. Файлды ойнататын басқа құрылғыларды іздеңіз. Дыбыс қаттылығын реттеу. Келесі бейнеге өту. Алға қарай тез жылжу үшін, түртіп, ұстап тұрыңыз.
Мультимедиа Бейнелерді бөлісу → Бөлісу тармағын басып, бейнелерді таңдап, Аяқ. опциясын басыңыз, содан кейін ортақ пайдалану әдісін таңдаңыз. Қалқымалы бейне ойнатқышын пайдалану Бұл мүмкіндікті бейне ойнатқышын жабусыз басқа қолданбаларды пайдалану үшін пайдаланыңыз. Бейнелерді көргенде қалқымалы ойнатқышты пайдалану үшін, опциясын түртіңіз. Ойнатқышты үлкейту үшін экранда екі саусақты бір бірінен алшақтатыңыз және кішірейту үшін шымшыңыз. Жылжыту үшін ойнатқышты басқа орынға сүйреп апарыңыз.
Мультимедиа Flipboard Бұл қолданбаны жекелендірілген журналдарға қол жеткізу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Flipboard опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Flipboard қолданбасын іске қосу үшін сәлемдесу бетінің сол жағын шертіңіз, жаңа тақырып таңдап, Build Your Flipboard түймесін басыңыз. Мұқабадағы хикаяны немесе тақырыпты таңдаңыз, Flipboard беттері арасында шертіп өтіңіз де, оқитын мақаланы таңдаңыз.
Қолданба және мультимедиа дүкендері Play Store Бұл қолданбаны құрылғыда іске қосуға болатын қолданбалар мен ойындарды сатып алу және жүктеу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Play Store опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Қолданбаларды орнату Қолданбаларды санат бойынша шолыңыз немесе кілт сөз көмегімен іздеу үшін түртіңіз. опциясын Ақпаратты көру үшін қолданбаны таңдаңыз. Жүктеу үшін, INSTALL опциясын түртіңіз.
Қолданба және мультимедиа дүкендері Samsung Apps Бұл қолданбаны арнайы Samsung қолданбаларын сатып алу және жүктеу үшін пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін apps.samsung.com сайтына кіріңіз. Қолданбалар экранында Samsung Apps опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Егер Samsung есептік жазбасы тіркелмеген болса, Samsung есептік жазбасын жасау үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз.
Қолданба және мультимедиа дүкендері Play Books Бұл қолданбаны кітап файлдарын оқу және жүктеу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Play Books опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Play Music Бұл қолданбаны құрылғыдағы музыканы тыңдау немесе Google бұлт қызметінен музыка ағынын жіберу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Play Music опциясын түртіңіз.
Утилиталар Жад Маңызды ақпаратты сақтауға жазып алу үшін және кейінірек көру үшін осы бағдарламаны пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Жад опциясын түртіңіз. Жазбаларды жазу опциясын түртіп, жазбаны енгізіңіз, содан соң Сақтау түймесін түртіңіз. Фон түсін өзгерту үшін → Түс опциясын түртіңіз. Әр санаттың фондық түсі әр түрлі. Басқалар көре алмауы үшін жазбаны бұғаттау үшін → Кілттеу опциясын таңдаңыз. Жазбаларды шолу Жоғары немесе төмен жылжу арқылы жазба кіші суреттерін шолыңыз.
Утилиталар Жазбаны көру Ашу үшін жазбаның кіші суретін түртіңіз. Қосымша жазбаларды көру үшін солға не оңға айналдырыңыз. Жазбаны өңдеу үшін оны басыңыз. Жазбаны жою үшін Фон түсін өзгерту үшін → Жою түймесін басыңыз. → Түс опциясын түртіңіз. PIN кодын жазбаны құлыптау немесе құлыптан ашуға орнату үшін басыңыз. → Кілттеу түймесін → Басып шығару Құрылғыны принтерге жалғау арқылы жазбаны басып шығару үшін түймесін басыңыз. Кейбір принтерлер құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
Утилиталар Оқиғаны немесе тапсырманы қысқарақ етіп қосу үшін, күнді түртіп таңдаңыз және оны қайтадан түртіңіз. Тақырыпты енгізіңіз және пайдаланылатын немесе синхрондалатын күнтізбені көрсетіңіз. Содан кейін Оқиға мәліметтерін өзгерту немесе Тапсырма мәліметтерін өзгерту опциясын түртіп, оқиғаның қайталану жиілігі, оның алдын ала ескерту уақыты немесе оның орын алатын жері сияқты қосымша мәліметтерді қосыңыз. Оқиғаның орнын көрсететін картаны тіркеңіз.
Утилиталар Күнтізбе түрін өзгерту Экранның жоғарғы сол жақ шетін түртіңіз де, ай, апта және т.б. бар әр түрлі күнтізбелер арасынан біреуін таңдаңыз. Күнтізбе түрін өзгерту үшін кішірейту қимылын пайдалануға болады. Мысалы, ай сайынғы күнтізбеден жыл сайынғы күнтізбеге өзгерту үшін кішірейтіңіз, жыл сайынғы күнтізбені қайтадан ай сайынғы күнтізбеге өзгерту үшін саусақтарды алшақтатыңыз. Оқиғаларды іздеу түймесін түртіңіз де, іздеу үшін кілт сөзді енгізіңіз.
Утилиталар POLARIS Office 5 Бұл бағдарламаны электрондық кестелер мен көрсетілімдермен бірге құжаттарды түрлі пішімде өңдеу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында POLARIS Office 5 опциясын түртіңіз. Файл түріне байланысты кейбір функциялар қол жетімді болмауы мүмкін. Құжат жасаңыз. Соңғы құжаттарды көру үшін солға не оңға айналдырыңыз. Құжат пішімдері арқылы шолыңыз. Таңдамалық құжаттарды көріңіз. Қалталарды шолыңыз. Басқалармен құжатты ортақ пайдалану.
Утилиталар Құжаттарды өңдеген кезде пайдаланыңыз: опциясын түртіңіз де, келесі функциялардың біреуін • Көру режимін қосу: Құжатты алдын ала қарау. • Табу / Ауыстыру: Мәтінді іздеңіз немесе ауыстырыңыз. • Бет пішімі: Беттердің орналасуын өзгертіңіз. • Көру параметрлері: Көру режимінің параметрлерін өзгерту. • Барлығын оқу: Құжатты мәтінді сөзге түрлендіру мүмкіндігі арқылы оқыңыз. • Сүзгі: Сүзілген ұяшықтарды арнайы шарттар арқылы көріңіз. • Сұрыптау: Ұяшықтарды арнайы шарттар арқылы сұрыптаңыз.
Утилиталар опциясын түртіңіз де, келесі функциялардың біреуін пайдаланыңыз: • Өңдеу режимін қосу: Өңдеу құралдар тақтасын ашыңыз. • Бетбелгілерге қосу: Бетбелгі тақтасын ашыңыз. Бетбелгілер нүктесіне өту үшін жапсырманы таңдаңыз. • Көру параметрлері: Көру режимінің параметрлерін өзгерту. • Жақтауды қатыру: Таңдалған жолды орнында сақтаңыз. • Бір слайд көрсетуді қосу: Слайдтарды бірінен соң бірін көріңіз. • Слайд ескертпесі: Слайдтардағы еске түсірушілерді өзгерту.
Утилиталар Dropbox Бұл қолданбаны Dropbox бұлт қоймасы арқылы файлдарды сақтау және басқалармен бөлісу үшін пайдаланыңыз. Файлдарды Dropbox қоймасына сақтағанда, құрылғы веб-сервермен және Dropbox орнатылған барлық басқа компьютерлермен автоматты түрде синхрондалады. Қолданбалар экранында Dropbox опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Dropbox қолданбасын бірінші рет іске қосқанда, іске қосу үшін, Start опциясын түртіңіз.
Утилиталар Дабыл Осы бағдарламаны маңызды оқиғаларға ояту қоңыраулары мен дабылдарды орнату үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Дабыл опциясын түртіңіз. Осы дабылды қосу немесе өшіру. Дабылдарды орнату түймесін түртіңіз, дабыл өшуі керек уақытты орнатыңыз, дабыл қайталанатын күндерді таңдаңыз, содан соң Сақтау опциясын түртіңіз. • Орын дабылы: Орынды реттеңіз. Дабыл орында болғанда ғана өшеді.
Утилиталар Әлемдік уақыт Осы қолданбаны әлемдегі көптеген ірі қалалар уақытын тексеру үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Әлемдік уақыт опциясын түртіңіз. Сағаттарды жасау түймесін басып, қала атауын енгізіңіз немесе қалалар тізімінен қаланы таңдаңыз, кейін түймесін басыңыз. Жазғы уақытты қолдану үшін, сағатты түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін ЖУ параметрлері опциясын түртіңіз. Сағаттарды жою опциясын түртіп, сағаттарды таңдаңыз және Жою опциясын түртіңіз.
Утилиталар S Voice Әр түрлі мүмкіндіктерді орындауға құрылғыны дауыспен басқару үшін осы қолданбаны пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында S Voice опциясын түртіңіз. Я болмаса, бастапқы түймесін екі рет басыңыз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.
Утилиталар Құлыпталған экранда ояту пәрмендерін пайдалану Құлыпталған экранда алдын ала орнатылған ояту пәрмендерімен түрлі функцияларды пайдалана аласыз. → Settings тармағын түртіңіз де, Wake up in lock screen Осы мүмкіндікті іске қосу үшін құсбелгісін қойыңыз. Set wake-up command пәрменін түртіңіз де, функцияларды және дауыстық пәрмендерді орнатыңыз. Google Бұл қолданбаны интернетте ғана емес, құрылғыдағы қолданбаларда және олардың мазмұндарында іздеу үшін де пайдаланыңыз.
Утилиталар Voice Search Бұл қолданбаны веб-беттерді сөйлеу арқылы іздеу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Voice Search опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Экранда Speak now хабары көрсетілгенде, кілт сөзді немесе фразаны айтыңыз. Көрсетілген ұсынылған кілт сөздердің біреуін таңдаңыз.
Утилиталар Жазылған Бұл қолданбаны қолданбалар арқылы қандай файлдар жүктелгенін көру үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Жазылған опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Интернеттен жүктелген файлдарды көру үшін Интерн. жүктелгендер түртіңіз, не болмаса, Басқа жүктелгендер секілді басқа қолданбалардан жүктелген файлдарды көру үшін Эл. пошта түймесін түртіңіз. Тиісті қолданбамен ашу үшін файлды таңдаңыз.
Саяхат және жергілікті Maps Бұл қолданбаны құрылғының орнын көрсету, орындарды іздеу және бағыттарды алу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Maps опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Орындарды іздеу Мекенжайды немесе кілт сөзді енгізу арқылы орындарды іздеңіз. Орындар табылғаннан кейін толық ақпаратты қарау үшін орынды таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін анықтаманы қараңыз.
Саяхат және жергілікті Local Бұл қолданбаны маңайдағы мейрамханаларды, банктерді, аялдамаларды және т.б. іздеу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Local опциясын түртіңіз. Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін. Орын санатын таңдаңыз да, іздеу нәтижелері тізімінен орынды таңдаңыз. Орналастыру жері табылған соң, картадағы оның орны сияқты орын туралы ақпаратты немесе басқалардың түсініктемелерін қарап шығыңыз.
Параметрлер Параметрлер туралы Бұл қолданбаны құрылғыны теңшеу, қолданба параметрлерін орнату және есептік жазбаларды қосу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Қон-лар опциясын түртіңіз. Bluetooth Қысқа қашықтықтарда ақпарат алмасу үшін Bluetooth мүмкіндігін іске қосыңыз. Қосымша опцияларды пайдалану үшін опциясын түртіңіз. • Көріну уақыты бітті: Құрылғы көрініп тұратын уақыт ұзақтығын реттеңіз. • Алынған файлдар: Алынған файлдарды Bluetooth мүмкіндігі арқылы көріңіз.
Параметрлер Wi-Fi ұйқы саясатын орнату Параметрлер экранында Wi-Fi → ұстаңыз. → Қосымша → Ұйқы режимінде Wi-Fi қосулы Экран өшірілгенде құрылғы Wi-Fi байланыстарын автоматты түрде өшіреді. Бұл орын алғанда құрылғы пайдалануға орнатылған болса, деректер желілеріне автоматты түрде қол жеткізеді. Бұған деректерді тасымалдау ақылары алынуы мүмкін. Деректерді пайдалану шоттарын алмау үшін бұл опцияны Әрқашан деп орнатыңыз.
Параметрлер Қосымша опцияларды пайдалану үшін опциясын түртіңіз. • Деректер роумингі: Құрылғыны роуминг кезінде деректер байланыстарын пайдалану үшін реттеңіз. • Фондық деректерді шектеу: Құрылғыны ұялы желіні пайдаланып жатқанда фонда синхрондауды өшіру үшін реттеңіз. • Деректерді автоматты түрде синхрондау: Қолданбаларды авто синхрондауды іске қосыңыз немесе өшіріңіз. Қон-лар → Тіркелгі тармағындағы әр тіркелгі үшін қандай ақпаратты синхрондайтыныңызды таңдай аласыз.
Параметрлер Тірк. және жылж. “ыстық” нүкте • Портативті Wi-Fi “жедел” нүктесі: Портативті Wi-Fi «жедел» нүктесін құрылғының ұялы желі байланысын компьютерлермен немесе басқа құрылғылармен Wi-Fi желісі арқылы бөлісу үшін пайдаланыңыз. • USB тіркеу: Құрылғының ұялы желі байланысын компьютермен USB арқылы бөлісу үшін USB тіркеу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Компьютерге жалғанғанда, құрылғы компьютерге сымсыз модем ретінде пайдаланылады.
Параметрлер Бұғаттау режимі Қай хабарландырулар бұғатталатынын орнатыңыз немесе бұғаттау режимінде көрсетілген контактілерден келген қоңыраулар үшін қоңырауларға рұқсат етуді орнатыңыз. Гарнитура режимі Құрылғыны мазмұнды дауыстап оқу үшін орнатыңыз және автоматты режимде пайдалану үшін қолданбаларды көрсетіңіз. Қоңырау Қоңырау шалу мүмкіндіктерінің параметрлерін реттеу. • Қоңырауды қабылдамау: Көрсетілген телефон нөмірлерінен келген қоңырауларды автоматты түрде қабылдамау.
Параметрлер • Қоңырау аксессуарлары: – – Автоматты жауап беру: Құрылғыны көрсетілген уақыттан кейін автоматты түрде жауап беруге реттеу (тек құлақаспап қосулы кезде қол жетімді). – – Авто жауап беру таймері: Қоңырауларға жауап беруден бұрын құрылғының күтетін уақыт ұзақтығын орнатыңыз. – – Шығыс қоңырауы шарттары: Құрылғыны тіпті құрылғы құлыпталған болса да, Bluetooth құлақаспап көмегімен шығыс қоңырауларға рұқсат етуге реттеу.
Параметрлер • Дауыстық пошта қызметі: Дауыстық пошта қызмет көрсетушісін таңдау немесе орнату. • Дауыс. пошта параметрлері: Пошта параметрлері: Дауыстық пошта қызметіне қатынасу нөмірін енгізу. Бұл нөмірді қызмет жеткізушісінен алыңыз. • Дыбыс: Жаңа дауыстық пошта хабарлары туралы ескертетін рингтонды таңдау. • Дірілдеу: Құрылғыны дауыстық пошта хабарлары алынғанда дірілдеуге реттеу. • Тіркелгі: Құрылғыны IP қоңырауларын қабылдауға реттеу және тіркелгілерді IP қоңырау қызметтері үшін реттеу. • Интер.
Параметрлер Дисплей Дисплей параметрлерін өзгертіңіз. • Түсқағаз: – – Бастапқы экран: Бастапқы экран үшін фондық суретті таңдаңыз. – – Экранды құлыптау: Құлыпталған экран үшін фондық суретті таңдаңыз. – – Бастапқы және құлып экрандары: Бастапқы экран және құлыпталған экран үшін фондық суретті таңдаңыз. • Хабарландыру тақтасы: Хабарландыру тақтасында пайда болатын элементтерді реттеңіз. • Көп терезе: Құрылғыны көп терезе қолданбасын пайдалану үшін реттеу. • Ашықтығы: Дисплей ашықтығын орнатыңыз.
Параметрлер Қуат үнемдеу режимі Қуатты үнемдеу режимін іске қосыңыз және қуатты үнемдеу режимінің параметрлерін өзгертіңіз. • CPU қуат үнемдеу: Құрылғыны кейбір жүйелік ресурстарды пайдалануды шектеуге орнатыңыз. • Экран қуатын үнемдеу: Құрылғыны дисплей ашықтығын азайтуға орнатыңыз. • Қуат үнемдеу режимі туралы оқып біліңіз: Батарея қуатын пайдалануды кеміту әдістерін анықтаңыз. Батарея Құрылғы тұтынған батарея қуатының мөлшерін көріңіз.
Параметрлер Экранды құлыптау Құлыпталған экран параметрлерін өзгерту. • Экранды құлыптау: Экранды құлыптау мүмкіндігін іске қосыңыз. • Бірнеше виджеттер: Құрылғыны құлыпталған экрандағы виджеттерді пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп орнатыңыз. • Құлып экраны виджеттері: Бұл параметрлер тек жанап өтумен құлыптау опциясын орнатқанда ғана қолданылады. – – Сағат не жеке хабар: Құрылғыны құлыпталған экранда сағатты немесе жеке хабарды көрсету үшін реттеңіз.
Параметрлер Қауіпсіздік Құрылғыны қорғау параметрлерін өзгертіңіз. • Құрылғыны шифрлау: Құрылғыда сақталған деректерді шифрлау үшін құпия сөзді орнатыңыз. Құрылғыны қосқан сайын құпия сөзді енгізу керек. Бұл параметрді қосу алдында батареяны зарядтаңыз, өйткені деректерді шифрлау бір сағаттан көбірек уақыт алуы мүмкін. • Сыртқы SD картасын шифрлаңыз: Құрылғыны жад картасында файлдарды шифрлау үшін реттеңіз.
Параметрлер • Бағдарламаларды тексеру: Қолданбаларды орнатпас бұрын, құрылғының Google қызметіне зиянды әрекеттерді тексеруге рұқсат ететін мүмкіндігін орнатыңыз. • Сенімді ес. жазба мәліметтері: Әр түрлі қолданбаларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін куәліктер мен есептік жазба мәліметтерін пайдалану. • Құрылғы жадынан орнату: USB қоймасында сақталған шифрлі сертификаттарды орнатыңыз. • Есеп. жазба мәліметтерін өшіру: Құрылғыдан есептік жазба мәліметтері мазмұнын өшіру және құпия сөзді алып тастау.
Параметрлер Samsung пернетақтасы Samsung пернетақтасының параметрлерін өзгерту үшін опциясын түртіңіз. Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді опциялар өзгеріп отыруы мүмкін. • Тілдер енгізу: Мәтінді енгізу үшін тілдерді таңдаңыз. • Болжайтын мәтін: Енгізуге байланысты сөздерді болжау және сөз ұсыныстарын көрсету үшін болжалды мәтін режимін іске қосыңыз. Сондай-ақ, сөздерді болжау параметрлерін теңшеуге болады.
Параметрлер Дауыспен іздеу • Language: Дауысты тану үшін тілді таңдаңыз. • Speech output: Құрылғыны ағымдағы әрекет туралы ескертетін дауыстық жауапты беруге орнатыңыз. • Block offensive words: Дауыспен іздеу нәтижелерінен дөрекі сөздерді жасыру. • Offline speech recognition: Офлайн дыбыс енгізудің тіл деректерін жүктеп алып, орнатыңыз. • Bluetooth headset: Құрылғыға Bluetooth құлақаспабы қосылған кезде құрылғыдағы дауыстық іздеу мүмкіндігін орнатыңыз.
Параметрлер Сақтық көшірме және қалпына келтіру Параметрлерді және деректерді басқару параметрлерін өзгертіңіз. • Дер-імнің сақ. көш. жасау: Құрылғыны Google серверіне параметрлердің және қолданба деректерінің сақтық көшірмесін жасау үшін реттеңіз. • Есептік жазбаның сақтық көшірмесін жасау: Google сақтық көшірме есептік жазбасын орнату немесе өңдеу. • Автоматты қалпына келтіру: Құрылғыда қолданбаларды қайта орнатқанда параметрлерді және қолданба деректерін қалпына келтіретін етіп оны реттеңіз.
Параметрлер Күні және уақыты Құрылғының уақыт пен күнді көрсету жолын басқару үшін келесі параметрлерге қол жеткізіп, өзгертіңіз. Батарея толығымен таусылған немесе құрылғыдан алып тасталған күйде қалса, уақыт пен күн алып тасталады. • Автоматты күн мен уақыт: Уақыт белдеулері арқылы өткенде, уақыт пен күнді автоматты түрде орнату. • Күн белгілеу: Ағымдағы күнді қолмен орнату. • Уақытты орнату: Ағымдағы уақытты қолмен орнату.
Параметрлер • Белгішені көрсету: Қуат пернесін басып, ұстап тұрған кезде көрсетілетін жылдам мәзірде Қол жетімділік параметрлеріне тіркесімді қосу. • Қол жетімділікті басқару: Қол жетімділік параметрлерін басқа құрылғылармен ортақ пайдалану үшін экспорттаңыз немесе импорттаңыз. – – Экспорттау: Ағымдағы қол жетімділік параметрлерін файл ретінде экспорттаңыз. – – Жаңарту: Ағымдағы қол жетімділік параметрлерін файл ретінде импорттаңыз. – – Бөлісу: Қол жетімділік параметрлері файлын басқалармен бөлісіңіз.
Параметрлер Құрылғы туралы Құрылғы ақпаратына кіру және құрылғының бағдарламалық құралын жаңарту. Google Settings Бұл қолданбаны Google қызметі ұсынған кейбір мүмкіндіктерге арналған параметрлерді теңшеу үшін пайдаланыңыз. Қолданбалар экранында Google Settings опциясын түртіңіз.
Ақаулықтарды жою Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын мына шешімдерді пайдаланып көріңіз. Кейбір жағдайлар құрылғыға қолданылмауы мүмкін. Құрылғыны қосқанда немесе құрылғыны пайдаланып жатқанда, ол келесі кодтардың біреуін енгізуді сұрайды: • Құпия сөз: Құрылғыны құлыптау мүмкіндігі іске қосылған кезде, сіз құрылғы үшін орнатылған құпия сөзді енгізуіңіз керек.
Ақаулықтарды жою Сенсорлық экран баяу немесе дұрыс емес жауап береді • Егер сенсорлық экранға қорғағыш қаптаманы немесе қосымша қосалқы құралдарды тіркесеңіз, сенсорлық экран дұрыс істемеуі мүмкін. • Егер қолғап кисеңіз, сенсорлық экранды ұстаған кезде қолыңыз таза болмаса немесе егер экранды үшкір затпен немесе тырнағыңыздың ұшымен түртсеңіз, сенсорлық экран дұрыс істемеуі мүмкін. • Сенсорлық экран ылғалды жерлерде немесе су тигенде дұрыс істемей қалуы мүмкін.
Ақаулықтарды жою Қоңырау кезінде дыбыс жаңғырығы естіледі Дыбыс деңгейі түймесін басып дыбыс деңгейін реттеңіз немесе басқа аумаққа жылжыңыз. Ұялы желі немесе Интернет жиі ажыратылады немесе дыбыс сапасы нашар • Құрылғының ішкі антеннасын жауып тұрмағаныңызға көз жеткізіңіз. • Сигналдар әлсіз немесе қабылдау нашар аумақтарда болғанда қабылдау жоғалуы мүмкін. Қосылым ақаулықтары қызмет көрсетушінің негізгі стансасындағы ақаулықтарға байланысты болуы мүмкін. Басқа аумаққа жылжып, әрекетті қайталаңыз.
Ақаулықтарды жою Құрылғыны түрткен кезде, ол ыстық Көбірек қуатты қажет ететін қолданбаларды пайдаланғанда немесе құрылғыдағы қолданбаны ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда, құрылғыны түрткенде, ол ыстық болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және құрылғының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Камераны іске қосқанда қате туралы хабарлар көрсетіледі Камера қолданбасын пайдалану үшін құрылғыда жеткілікті қол жетімді жад және батарея қуаты болуы керек.
Ақаулықтарды жою • Құрылғы құрылғымен түсірілген фотосуреттерге және бейнелерге қолдау көрсетеді. Басқа құрылғылар арқылы түсірілген фотосуреттер және бейнелер дұрыс істемеуі мүмкін. • Құрылғы желілік қызмет көрсетуші немесе қосымша қызметтер көрсетушілері рұқсат еткен мультимедиалық файлдарға қолдау көрсетеді. Рингтон, бейне немесе тұсқағаз сияқты Интернетте таралатын кейбір мазмұн дұрыс істемеуі мүмкін.
Ақаулықтарды жою Құрылғыда сақталған деректер жоғалған Құрылғыда сақталған барлық маңызды деректердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. Әйтпесе, егер деректер бүлінсе немесе жоғалса, оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Samsung компаниясы құрылғыда сақталған деректер жоғалуы үшін жауапты болмайды. Құрылғы корпусының сыртының айналасында шағын саңылау пайда болады • Бұл саңылау — өндіру мүмкіндігі үшін қажет және біраз аздаған шайқалау немесе бөліктердің дірілдеуі орын алуы мүмкін.
Тасымал құрылғысы Samsung SM-T111 Желі ішінде көшпелі радиотелефонды байланыс стандарттары жұмысына арналған GSM 850/R-GSM/DCS 1800/PCS 1900 және UMTS 900/2100 Көлемі (Ұ/Е/Т): 116.3 x 193.3 x 9.7 мм Салмағы 312 г. 1 Аккумулятор*: Стандартты. Li-Ion, 3600 mAh Тауардың қызмет көрсету мерзімі: 3 жылға дейін.
Портативное устройство Samsung SM-T111 предназначена для работы в сетях подвижной радиотелефонной связи стандартов GSM 850/R-GSM/DCS 1800/PCS 1900 и UMTS 900/2100 Размеры (В/Ш/Г): 116.3 x 193.3 x 9.7 мм Вес 312 г.
Аймаққа, қызмет көрсетушіге немесе бағдарламаға байланысты құрылғыдағы кейбір мазмұн басқаша болуы мүмкін, әрі алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. www.samsung.com Kazakh. 02/2014. Rev.1.