Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Глоссарий_ 106
DHCP
Хостарды динамикалық теңшеу протоколы (DHCP) - клиент-сервер
желілік протоколы. DHCP сервері DHCP клиент хост сұрауына тəн
конфигурация параметрлерін қамтамасыз етеді, жалпы, IP
желісінде қатысу үшін клиент хостына қажет мəліметтер. Сондай-ақ,
DHCP клиент хосттарына IP-мекенжайларды бөліп беру механизмін
қамтамасыз етеді.
DIMM
Қос қосылған жад модулі (DIMM) - жад ұстайтын кішкентай
схемалық тақта. DIMM басып шығару деректері, алынған факс
деректері сияқты құрылғы ішіндегі барлық деректерді сақтайды.
DLNA
DLNA альянсы (DLNA) - үй желісіндегі құрылғыларға желі арқылы
бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін стандарт.
DMPr
Сандық медиа принтер (DMPr) - DLNA үй желісінде басып шығаруға
мүмкіндік беретін құрылғы. DMPr суреттерді Созылмалы
гипермəтінді белгілеу тілі (XHTML) үлгісімен біріктіру арқылы бетті
басып шығарады.
DNS
Домен атауларының сервері (DNS) - Интернет сияқты желілердегі
бөлінген дерекқордағы домен атауларына қатысты мəліметтерді
сақтайтын жүйе.
Нүктелік-матрицалық принтер
Нүктелік-матрицалық принтер - басатын басы бетте алға жəне
артқа қозғалатын, соққы арқылы басатын, жазу машинкасы сияқты
қағазға бояу сіңірілген мата таспаны соғу арқылы басатын
компьютер принтері.
DPI
Дюймдегі нүктелер саны (DPI) - сканерлеу жəне басып шығару үшін
пайдаланылатын ажыратымдылық өлшемі. Əдетте, DPI
жоғарылаған сайын ажыратымдылық артады, суреттегі көрінетін
бөліктер көбейеді жəне файл өлшемі үлкейеді.
DRPD
Шартты қоңырауды автоматты тану. Шартты қоңырау -
пайдаланушыға əр түрлі бірнеше телефон нөмірлеріне жауап беру
үшін бір телефон желісін пайдалануға мүмкіндік беретін телефон
компаниясының қызметі.
Дуплекс
Құрылғы қағаздың екі жағында да басатын (немесе сканерлейтін)
етіп қағаз парағын автоматты түрде аударатын механизм. Дуплекс
құрылғысы бар принтер бір баспа циклінде қағаздың екі жағынан да
баса алады.
Өнімділік
Өнімділік - принтердің бір айдағы жұмыс өнімділігіне əсер етпейтін
беттер саны. Əдетте принтерде бір жылдағы беттер саны сияқты
пайдалану мерзімінің шектеуі болады. Пайдалану мерзімі басып
шығарулардың орташа көрсеткішін білдіреді, əдетте кепілдік мерзімі
ішіндегі. Мысалы, егер өнімділік 20 жұмыс күні бар бір ай үшін 48
000 бет болса, принтердің жұмыс істеу шегі күніне 2 400 бет
болады.
ECM
Қателерді түзету режимі (ECM) - 1-класс факс машиналарына
немесе факс-модемдерге қосылатын қосымша беру режимі. Ол
кейде телефон желісіндегі кедергілерден болатын факс жіберу
процесіндегі қателерді автоматты түрде табады жəне түзетеді.
Эмуляция
Эмуляция - бір құрылғының басқа құрылғының нəтижелерімен
бірдей нəтижелер алу əдісі.
Эмулятор бір жүйенің функцияларын басқа жүйеде қайталайды,
екінші жүйе бірінші жүйе сияқты əрекет етеді. Эмуляция сыртқы
жұмысты дəл көшіруге назар аударады, симуляциядан өзгеше
болады, симуляцияда симуляцияланатын жүйенің абстрактілік
моделіне, көбінесе ішкі күйіне көңіл бөлінеді.
Ethernet
Ethernet - жергілікті желілерге (LAN) арналған фреймдік компьютер
желісінің технологиясы. Ол физикалық деңгей үшін схеманы жəне
сигнал беруді сипаттайды жəне кадр пішімдері жəне протоколдар
үшін, ортамен қатынасты басқару (MAC)/деректер беру деңгейі, OSI
моделі. Ethernet көбінесе IEEE 802.3 ретінде стандартталады. Ол
1990 жылдардан бастап қазірге дейін пайдаланылып келе жатқан
ең көп таралған LAN технологиясына айналды.
EtherTalk
Компьютер желісіне арналған Apple Computer тарапынан жасалған
протоколдар жиынтығы. Ол бастапқы Macintosh (1984) құрамына
енгізілген жəне қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің
пайдасына жойды.
FDI
Сыртқы құрылғы интерфейсі (FDI) - монеталық құрылғы немесе
кардридер сияқты үшінші тараптың құрылғысына рұқсат етуге
арналған құрылғы ішіне орнатылған карта. Ол құрылғылар сіздің
құрылғыңызда төлемге негізделген қызметті қамтамасыз етеді.
FTP
Файлдарды беру протоколы (FTP) - TCP/IP протоколын (мысалы,
Интернет немесе интранет) қолдайтын кез келген желі арқылы
файлдар алмасу үшін кең пайдаланылатын протокол.
Термофиксатор құрылғысы
Баспа құралына тонерді түсіретін лазерлік принтердің бөлігі. Ол
жылу ролигі мен қысым ролигінен тұрады. Тонер қағазға
түсірілгеннен кейін, термобекіту құрылғысы тонердің қағазда
тұрақты қалуы үшін жылу мен қысымды қолданады, сондықтан да
қағаз лазерлік принтерден шыққан кезде ол жылы болады.
Шлюз
Компьютер желілерінің арасындағы қосылым немесе компьютер
желісі мен телефон желісінің арасындағы қосылым. Ол өте кең