Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Глоссарий_ 107
таралған, себебі ол басқа компьютермен немесе желімен
қатынасты қамтамасыз ететін компьютер немесе желі болып
табылады.
Сұр түстің реңктері
Түсті суреттер сұр түстің реңктеріне түрлендірілгенде суреттің ашық
жəне қара бөліктерін көрсететін сұр түстің шкаласы; түстер əр түрлі
сұр түстің шкаласымен көрсетіледі.
Көмескі түс
Нүктелер санын өзгерту арқылы сұр түстің реңктерін көрсететін
сурет түрі. Қатты боялған бөліктерде нүктелердің саны көп болады,
ал ақшыл бөліктердегі нүктелердің саны азырақ болады.
HDD
Қатты диск жетегі (HDD), əдетте қатты жетек немесе қатты дискіні
білдіреді, энергиядан тəуелсіз сақтау құрылғысы, сандық кодталған
деректерді магнитті беті болатын жылдам айналатын дискілерде
сақтайды.
IEEE
Электротехника жəне электроника саласындағы инженерлер
институты (IEEE) - электрге қатысты технологияны дамытуға
арналған халықаралық коммерциялық емес кəсіби ұйым.
IEEE 1284
1284 параллель порт стандартын Электротехника жəне
электроника саласындағы инженерлер институты (IEEE) жасаған.
«1284-B» термині сыртқы құрылғыға (мысалы, принтерге)
қосылатын параллель кабельдің ұшындағы арнайы коннектор түрін
білдіреді.
Интранет
Ұйымның мəліметтерінің немесе операцияларының бір бөлігін
сенімді түрде өз қызметкерлерімен бірлесіп пайдалану үшін IP
протоколдарын, желі қосылымын жəне жалпы байланыс жүйесін
пайдаланатын жеке желі. Кейде бұл термин тек ең нақты көрінетін
қызметті, ішкі веб-сайтты білдіреді.
IP мекенжай
Интернет протоколы (IP) мекенжайы - IP протоколы стандартын
пайдаланатын желіде бір-бірімен байланысу жəне анықтау үшін
құрылғылар пайдаланатын бірегей нөмір.
IPM
Бір минуттағы суреттер (IPM) - принтер жылдамдығын өлшеу əдісі.
IPM көрсеткіші принтер бір минут ішінде басып шығара алатын бір
жақты парақтар санын көрсетеді.
IPP
Интернет басып шығару протоколы (IPP) басып шығару, басып
шығару тапсырмаларын басқару, баспа құралдарының өлшемі,
ажыратымдылық жəне т.б. үшін стандартты протоколды
сипаттайды. IPP протоколын жергілікті немесе Интернет арқылы
жүздеген принтерлер үшін пайдалануға болады жəне ол қатынасты
басқару, аутентификация жəне шифрлау мүмкіндіктерін қолдайды,
бұл оны бұрынғыларға қарағанда икемдірек жəне қауіпсіз басып
шығару шешімі етеді
.
IPX/SPX
IPX/SPX - желіаралық бумалар алмасу протоколы/бірізді бумалар
алмасу. Novell NetWare операциялық жүйелері пайдаланатын
желілік протокол. IPX жəне SPX протоколдары TCP/IP протоколына
ұқсас қосылым қызметтерін қамтамасыз етеді, IPX протоколы IP
протоколына ұқсас жəне SPX протоколы TCP протоколы на ұқсас.
IPX/SPX протоколы негізінен жергілікті желілерге (LAN) арналған
жəне осы мақсатта ол өте тиімді протокол болып табылады (əдетте
оның жұмыс көрсеткіштері жергілікті желідегі TCP/IP
көрсеткіштерінен жоғары
).
ISO
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) - ұлттық
стандарттау органдарының өкілдерінен құралған халықаралық
стандарттау органы. Ол халықаралық өнеркəсіп жəне сауда
стандарттарын шығарады.
ITU-T
Халықаралық телекоммуникация одағы - халықаралық радио жəне
телекоммуникация саласын стандарттау жəне реттеу үшін құрылған
халықаралық ұйым. Оның негізгі мақсаттары радиожиіліктер
диапазонын бөлу, стандарттау жəне халықаралық телефон
байланыстарын қамтамасыз ету мақсатында əр түрлі елдер
арасында өзара байланыс келісімдерін ұйымдастыру. ITU-T
сөзіндегі -T əрпі телекоммуникацияны білдіреді.
ITU-T 1 диаграмма
Құжаттарды факсимильді байланыс арқылы жіберу үшін ITU-T
жариялаған стандартталған сынақ диаграммасы.
JBIG
Екі деңгейлі кескіндер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JBIG) -
дəлдік пен сапаны жоғалтпай кескіндерді қысу стандарты, бинарлық
кескіндерді қысуға арналған, əсіресе факстер үшін, сонымен қатар
басқа кескіндер үшін де пайдалануға болады.
JPEG
Фотосуреттер жөніндегі бірлескен эксперттер тобы (JPEG) -
фотосуреттерді жоғалтумен қысу үшін ең көп қолданылатын
стандартты əдіс. Фотосуреттерді Интернетте сақтау жəне жіберу
үшін пайдаланылатын пішім.
LDAP
Каталогқа кіру үшін жеңілдетілген протокол (LDAP) - TCP/IP арқылы
жұмыс істейтін каталог қызметтерін сұрауға жəне өзгертуге
арналған желілік протокол.
Жарық диодты экран
Жарық шығаратын диод (LED) - құрылғы күйін көрсететін жартылай
өткізгішті құрылғы.