Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Глоссарий_ 110
Су таңбасы
Су таңбасы - қағаздағы көрінетін кескін немесе өрнек, жарықпен
қарағанда ашық көрінеді. Алғаш рет су таңбалары 1282 жылы
Италияның Болонья қаласында пайдаланылды; оларды өз
өнімдерін белгілеу үшін қағаз жасаушылар пайдаланды, пошта
маркаларында, ақшада жəне басқа үкімет құжаттарында қолдан
жасауды болдырмау мақсатында пайдаланылды.
WEP
Енгізілген құпиялылық эквиваленті (WEP) - қауіпсіздік протоколы,
IEEE 802.11, сымды жергілікті желідегі қауіпсіздік деңгейін
қамтамасыз етеді. WEP радио арқылы деректерді шифрлау арқылы
қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, екі нүкте арасында берілген кезде
деректер қорғалады.
WIA
Windows кескін архитектурасы (WIA) - басында Windows Me жəне
Windows XP жүйесінде енгізілген кескін архитектурасы. Сканерлеуді
WIA сканерін пайдаланып осы операциялық жүйелердің ішінен
қосуға болады.
WPA
Wi-Fi қорғалған қатынас (WPA) - сымсыз (Wi-Fi) компьютер
желілерін қорғайтын жүйелер тобы, WEP қауіпсіздік мүмкіндіктерін
жетілдіру үшін жасалған.
WPA-PSK
WPA-PSK (WPA алдын ала ортақтасқан кілт) - шағын бизнес пен
үйде пайдаланушылар үшін WPA арнайы режимі. Ортақ кілт немесе
құпия сөз, сымсыз кіру нүктесінде (WAP) конфигурацияланады жəне
сымсыз лэптоп немесе үстел құрылғылары. WPA-PSK қауіпсіздікті
арттыру үшін сымсыз клиент пен тиісті WAP арасындағы əрбір
сеанс үшін бірегей кілт шығарады.
WPS
Wi-Fi қорғалған орнату (WPS) - сымсыз үй желісін орнату
стандарты. Егер сымсыз кіру нүктесі WPS стандартын қолдаса,
сымсыз желі қосылымын компьютерсіз оңай конфигурациялауға
болады.
XPS
XML қағаз сипаттамасы (XPS) - беттерді сипаттау тіліне (PDL) жəне
жаңа құжат пішіміне арналған сипаттама, тасымалы құжат жəне
электрондық құжат үшін артықшылықтары бар, Microsoft тарапынан
жасалған. XML негізіндегі сипаттама, жаңа баспа жолына
негізделген жəне векторға негізделген құрылғыдан тəуелсіз құжат
пішімі.