Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Нормативтік ақпарат_ 14
Сəулеленудің радио жиілігі
Пайдаланушы үшін FCC ақпараты
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөлігіне сəйкес келеді. Оның жұмысы келесі екі шартқа сай болуы керек:
Бұл құрылғы зиянды интерференцияны тудырмауы керек жəне
Бұл құрылғы кез келген интерференцияны, соның ішінде қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін интерференцияны қабылдауы керек.
Бұл құрылғы сынақтан өткізілді жəне FCC ережелерінің 15-бөлігіне сəйкес B сыныпты сандық құрылғы шектеулеріне сай деп табылды.
Бұл шектеулер орнындағы орнатуда зиянды интерференцияға қарсы тиісті қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл құрылғы
радио жиілік энергиясын тудырады, пайдаланады жəне таратуы мүмкін жəне нұсқауларға сəйкес орнатылмаса жəне
пайдаланылмаса, радио байланысқа зиянды интерференцияны тудыруы мүмкін. Бірақ
, нақты орнатымда интерференция
болмайтынына кепілдік жоқ. Егер бұл құрылғы радио немесе теледидар қабылдауға зиянды интерференция тудырса (мұны
құрылғыны өшіру жəне қосу арқылы анықтауға болады) пайдаланушыға интерференцияны келесі шаралардың біреуі немесе
бірнешеуімен түзету ұсынылады:
Қабылдаушы антеннаның бағытын немесе орнын өзгертіңіз.
Құрылғы мен қабылдағыштың арасындағы бос аралықты арттырыңыз.
Құрылғыны тізбектегі қабылдағыш қосылған розеткадан басқа розеткаға қосыңыз.
Көмек алу үшін дилерге немесе тəжірибелі радио-теледидар технигіне хабарласыңыз.
Сəйкестік үшін жауапты жасап шығарушы ашық бекітпеген өзгерту немесе өзгертулер пайдаланушының құрылғыны пайдалану
рұқсатын жоққа шығаруы мүмкін.
Канадалық радио интерференция ережелері
Канаданың Индустрия жəне ғылым министрлігінің «Digital Apparatus», ICES-003 атты интерференция тудыратын құрылғылар
стандартында көрсетілгендей бұл сандық аппарат радио шуын шығаратын аппарат үшін B сыныбы шектеулерінен аспайды.
Cet appareil numérique respecte les limites de bruits radioélectriques applicables aux appareils numériques de Classe B prescrites dans la
norme sur le matériel brouilleur: “Appareils Numériques”, ICES-003 édictée par l’Industrie et Sciences Canada.
Америка Құрама Штаттары
Коммуникациялар бойынша федералдық комиссия (FCC)
FCC 15-бөлік бойынша мақсатты сəуле шығарғыш
Принтер жүйесінде төмен қуатты, 2.4 ГГц/5 диапазонында жұмыс істейтін, Radio LAN түріне жататын құрылғылар болуы (ендірілген
болуы) мүмкін. Бұл бөлім тек осы құрылғылар болса ғана қолданылады. Сымсыз құрылғылардың болуын тексеру үшін жүйе
жапсырмасын қараңыз.
Жүйе жапсырмасында FCC ID нөмірі болса, жүйеде болуы мүмкін сымсыз құрылғылар тек АҚШ-та пайдалануға арналған.
FCC сымсыз құрылғыны дене жанында (бұл өскелең жағдайларды қамтымайды) пайдалану үшін құрылғы мен дене арасында жалпы
20 см бос аралық шегін орнатқан. Бұл құрылғы сымсыз құрылғы қосулы кезде денеден 20 см-ден аса қашықтықта қолданылуы керек.
Принтерге ендірілген болуы мүмкін сымсыз құрылғының (немесе құрылғылардың) қуат шығысы FCC орнатқа радио жиілік
сəулелендіру шектерінен əлдеқайда төмен
.
Бұл таратқышты кез келген басқа антенна немесе таратқыштың жанында қоймау немесе сонымен бірге жұмыс істетпеу керек.
Бұл құрылғының жұмысы келесі екі шартқа бағынады: (1) Бұл құрылғы зиянды интерференцияны тудырмауы керек жəне (2) бұл
құрылғы кез келген интерференцияны, соның ішінде қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін интерференцияны қабылдауы керек.
Сымсыз құрылғыларға пайдаланушы қызмет көрсете алмайды. Оларды ешқалай өзгертпеңіз. Сымсыз құрылғыны өзгерту оны
пайдалану рұқсатын жоюы мүмкін. Қызмет көрсетуі үшін дайындаушыға хабарласыңыз.
Сымсыз LAN желісін пайдалану бойынша FCC мəлімдемесі:
Бұл таратқышты жəне антенна тіркесімін орнатқанда жəне пайдаланғанда радио жиілік сəулелендіруінің 1 мВт/cм2 шектеуі
орнатылған антеннаға жақын қашықтықта асырылуы мүмкін. Сондықтан, пайдаланушы əрқашан антеннандан ең кемі 20 см
қашықтықта болуы керек. Бұл құрылғыны басқа таратқыштың жəне тарату антеннасының жанына қоймау керек.