Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Нормативтік ақпарат_ 17
Нормативтерге сəйкестік мəлімдемелері
Сымсыз құрылғылар бойынша нұсқаулар
Принтер жүйесінде төмен қуатты, 2.4 ГГц/5 диапазонында жұмыс істейтін, Radio LAN түріне жататын құрылғылар болуы (ендірілген
болуы) мүмкін. Келесі бөлім сымсыз құрылғыны пайдалану кезінде ескеру керек нəрселердің жалпы шолуы.
Нақты елдер үшін қосымша шектеулер, ескертулер жəне ескеру керек нəрселер нақты ел бөлімдерінде (немесе елдер тобы
бөлімдерінде) тізілген. Жүйедегі сымсыз құрылғыларды тек жүйенің баға жапсырмасындағы радио бекіту белгілерінде анықталған
елдерде ғана пайдалануға болады. Егер сымсыз құрылғыны пайдаланатын ел тізілмеген болса, талаптарды білу үшін жергілікті радио
бекіту агенттігіне хабарласыңыз. Сымсыз құрылғылар қатты ретте
леді жəне рұқсат етілмеген болуы мүмкін.
Принтерге ендірі
лген болуы мүмкін сымсыз құрылғының немесе құрылғылардың қуат шығысы осы уақытта белгілі радио жиілік
сəулелендіру шектерінен əлдеқайда төмен. Сымсыз құрылғылар (олар басып шығарғыштың ішіне салынған болуы мүмкін) радио
жиілік қауіпсіздігі стандарттарында жəне ұсыныстарында рұқсат етілгеннен азырақ энергия бөлетіндіктен, дайындаушы бұл
құрылғыларды пайдалану қауіпсіз деп санайды. Қуат деңгейлеріне қарамастан, қалыпты əрекет ке
зінде адамның жанасуын барынша
азайту керек.
Əдетте сы
мсыз құрылғыны денеге жақын (бұған өскелең жағдайлар кірмейді) пайдалану үшін құрылғы мен дене арасында жалпы 20
см бос аралық болады. Сымсыз құрылғылар қосулы жəне таратып жатқанда бұл құрылғыны денеден 20 см-дан аса қашықтықта
пайдалану керек.
Бұл таратқышты кез келген басқа антенна немесе таратқыштың жанында қоймау немесе сонымен бірге жұмыс істетпеу керек.
Кейбір жағдайл
арды сымсыз құрылғыларды шектеу керек. Жалпы шектеулердің мысалдары төменде тізілген:
Радиожиілік сымсыз байланысы жабдыққа немесе коммерциялық ұшағына кедергі келтіруі мүмкін. Ағымдағы авиация ережелері
ұшақта ұшқанда сымсыз құрылғыларды өшіруді талап етеді. IEEE 802.11 (сондай-ақ, сымсыз Ethernet ретінде белгілі) жəне Bluetooth
байланыс құрылғылары сымсыз байланысты қамтамасыз ететін құрылғылардың мысалдары болып табылады.
Басқа құрылғыларға немесе қызметтерге кедергі келтіру қаупі зиян тигізсе немесе зиянды деп есептелсе, сымсыз құрылғыны
пайдалану параметрі шектелуі немесе жойылуы мүмкін. Əуежайлар, ауруханалар жəне оттегі немесе жанғыш газға қаныққан
атмосфералар сымсыз құрылғыларды пайдалану шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін орындардың шектеулі мысалдары болып
табылады. Сымсыз құрылғыларды пайдалану санкциясы туралы білмейтін орталарда болғанда, ти
істі билік өкілінен сымсыз
құрылғыны пайдалану немесе қосуға рұқсат сұраңыз.
Əр елде сымсыз құрылғыларды пайдалану шектеулері əр түрлі. Жүйе сымсыз құрылғымен жабдықталған болғандықтан, елдер
арасында жүйемен бірге саяхаттағанда, кез келген қозғалу немесе саяхат алдында мақсатты елде сымсыз құрылғыны пайдалану
шектеулері туралы жергілікті радио құрылғыларды мақұлдау бойынша билік өкілдерінен сұраңыз.
Егер жүйе ішкі ендірілген сымсыз құрылғымен жабдықталған болса, барлық қақпақтар жəне қалқандар орнында болғанша жəне жүйе
толық жиналғанша сымсыз құрылғыны пайдаланбаңыз.
Сымсыз құрылғыларға пайдаланушы қызмет көрсете алмайды. Оларды ешқалай өзгертпеңіз. Сымсыз құрылғыны өзгерту оны
пайдалану рұқсатын жоюы мүмкін. Қызмет көрсетуі үшін дайындаушыға хабарласыңыз.
Тек құрылғы пайдаланылатын ел үшін мақұлданған драйверлерді пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін жасап шығарушының
жүйені қалпына келтіру жинағын қараңыз немесе дайындаушының техникалық қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.