Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату (тек қана CLP-325W(K)/CLP-326W)_ 45
WPS түймесімен сымсыз желіні орнату
Сымсыз желіні WPS ( ) түймесімен орнатуға болады.
Сымсыз желіге қосылуды аяқтағаннан кейін бағдарламадан
басып шығару үшін құрылғының драйверін орнату керек
(40-беттегі "Құрылғының драйверіне қосылған желіні орнату"
бөлімін қа
раңыз).
WPS түймесімен сымсыз желіні орнату
Егер құрылғы жəне қатынасу нүктесі (немесе сымсыз бағыттағыш) Wi-Fi
Protected Setup™(WPS) режиміне қолдау көрсетсе, сымсыз желі
орнатымдарын басқару панеліндегі WPS (
) түймешігін басу арқылы
оңай теңшеуге бо
лады.
Егер сымсыз желіні инфрақұрылым режимін пайдаланып
пайдалану керек болса, желілік кабель құрылғыдан
ажыратылғанын тексеріңіз. Қатынас орнына қосылу үшін WPS
(PBC) түймесін пайдалану немесе компьютерде PIN кодты енгізу
пайдаланып жатқан қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) байланысты əр түрлі болады. Пайдаланып
жатқан қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың)
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Дайындау керек элементтер
Келесі элементтер пайдалану үшін дайын болуы керек:
Қа
тынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) Wi-Fi
Protected Setup™ (WPS) шифрлауды қолдайтынын тексеріңіз.
Құрылғы Wi-Fi Protected Setup™
(WPS) шифрлауын
қолдайтынын тексеріңіз.
Жел
іге қосылған компьютер (тек PIN код режимі).
Желілік қосылымды таңдау
Басқару панеліндегі WPS ( ) түймесін пайдаланып құрылғыны
сымсыз же
ліге қосудың екі əдісі бар.
Push Button Configuration (PBC) əд
ісі құрылғының басқару
панеліндегі WPS ( ) түймесін басу арқылы жəне сəйкесінше Wi-Fi
Protected Setup™(WPS)-қол
дайтын қатынасу орнындағы (немесе
сымсыз бағыттағыш) WPS (PBC) түймесін басу арқылы құрылғыны
сымсыз желіге қосуға мүмкіндік береді.
Personal Identification Number (PIN) əдісі құр
ылғыны сымсыз
желіге Wi-Fi Protected Setup™(WPS)-қолдайтын қатынасу орнында
(немесе сымсыз маршрутизаторда) берілген PIN ақпараты арқылы
қосуға мүмкіндік береді.
Құрылғыдағы зауыт
тық əдепкі параметрPBC режимі. Ол əдеттегі
сымсыз желі ортасы үшін ұсынылады.
PBC режимінде сымсыз желіге қосылу
PBC режимінде құрылғыны сымсыз желіге қосу үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
Сымсыз желі көрсеткішінің күйін тексеру керек.
1. Басқару па
неліндегі WPS ( ) түймесін шамамен 2-4 секунд
бойы жа
рық диодты күй көрсеткіші тез жыпылықтағанша басып
тұрыңыз.
: Сымсыз желі көрсеткішінде жарық баяу
жыпылықтайды. Құрылғы сымсыз желіге қосылуды
бастайды. Көрсеткіш қатынас орнында (немесе сымсыз
маршрутизаторда) PBC түймесін басқанша екі минутқа дейін
баяу жыпылықтайды.
2. :
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда)
WPS (PBC) түймесін басыңыз.
Сымсыз желі көрсеткіші төмендегідей жыпылықтайды:
a) : Сымсыз жарық диодындағы жарық тез
жыпылықтайды. Құрылғы қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылуда.
b) :
Құрылғы сымсыз желіге сəтті қосылғанда, сымсыз желі
көрсеткіші қосулы қалады.
PIN режимінде сымсыз желіге қосылу
Құрылғыны сымсыз желіге қосу үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
Сымсыз же
лі көрсеткішінің күйін тексеру керек.
1. PIN нөмірін қамтитын желі теңшелімі туралы есепті басып
шығару керек.
Дайын режимінде басқару панелінде Болдырмау ( ) түймесін
шамамен 5 секунд бойы басып тұрыңыз. Құрылғының PIN
нөмірін білуге болады.
2. Жарық дио
дты күй көрсеткіші қосылғанша басқару панеліндегі
WPS ( ) түймесін 4 секундтан аса басып тұрыңыз.
:
Сымсыз желі көрсеткішінде жарық баяу
жыпылықтайды. Құрылғы қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосыла бастайды.
3. Қатына
с орнына (немесе сымсыз маршрутизаторға) қосылған
компьютерге екі минут ішінде сегіз сандық PIN нөмірін енгізу
керек.
Көрсеткіш сегіз сан
дық PIN нөмірін енгізгенше екі минутқа дейін
баяу жыпылықтайды.
Сымсыз же
лі көрсеткіші төмендегідей жыпылықтайды:
a) : Сымсыз жарық диодындағы жарық тез
жыпылықтайды. Құрылғы қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылуда.
b) :
Құрылғы сымсыз желіге сəтті қосылғанда, сымсыз желі
көрсеткіші қосулы қалады.
Сымсыз желіге қайта қосылу
Сымсыз желі функциясы өшірулі кезде, құрылғы қатынас орнына
(немесе сымсыз маршрутизаторға) бұрын пайдаланылған сымсыз
қосылым параметрлерімен жəне мекенжайымен қайта қосылуға
əрекет жасайды.
Келесі жағдайларда құрылғы сымсыз желіге автоматты түрде
қайта қосылады:
Құрылғы өш
іріліп, қайта қосылады.
Қатына
с орны (немесе сымсыз маршрутизатор) өшіріліп,
қайта қосылады.
Сымсыз желіге қосылу процесін болдырмау
Құрылғы сымсыз желіге қосылып жатқанда сымсыз желіге қосылу
функциясын болдырмау үшін басқару панеліндегі Болдырмау (
)
түймесін басыңыз жəне жіберіңіз. Сымсыз желіге қайта қосылу
үшін 2 минут күту керек.
Сымсыз желі қосылымын ажырату
Сымсыз желіден қосылымын ажырату үшін басқару панеліндегі
WPS ( ) түймесін екі секундтан аса басыңыз.