Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату (тек қана CLP-325W(K)/CLP-326W)_ 49
9. Сымсыз желіні теңшеу аяқталғанда, компьютер мен құрылғы
арасындағы USB кабельді ажыратыңыз. Далее түймесін
басыңыз.
Егер Компьютер желісінің параметрлерін өзгерту
терезесі шықса, терезедегі қадамдарды орындаңыз.
Компьютердің сымсыз желі параметрлерін орнатуды
аяқтасаңыз, Далее түймесін басыңыз.
Компьютердің сымсыз желісін DHCP етіп орнатсаңыз, IP
мекенжайды алуға бірнеше минут кетеді.
10. Сымсыз желіні теңшеу аяқталды терезесі шығады.
Ағымдағы параметрлерді қабылдасаңыз Иə түймесін басыңыз
жəне орнату процедурасын жалғастырыңыз.
Бастапқы экранға оралу керек болса Нет түймесін басыңыз.
Одан кейін Далее түймесін басыңыз.
11. Подтверждение подключения принтера терезесін шыққанда
Далее түймесін басыңыз.
12. Орнатылатын құрамдастарды таңдаңыз. Далее түймесін
басыңыз.
Құрамдастарды таңдағаннан кейін, сонымен бірге, құрылғының
атауын өзгертуге, құрылғыны желіде ортақ пайдалануға
теңшеуге, құрылғыны əдепкі құрылғы ретінде орнатуға жəне əр
құрылғының порт атауын өзгертуге болады. Далее түймесін
басыңыз.
13. Орнату аяқталғаннан кейін сынақ бетін басып шығаруды
сұрайтын терезе шығады. Сынақ бетін басып шығарғыңыз келсе,
Печать тестовой страницы пəрменін таңдаңыз.
Сонымен қатар Далее түймесін басып 15-қадамға өтуіңізге
болады.
14. Егер сынақ беті дұрыс басып шығарылса, Иə түймесін басыңыз.
Олай болмаса, оны қайта басып шығару үшін Нет түймесін
басыңыз.
15. Samsung компаниясынан ақпарат алып отыру үшін құрылғы
пайдаланушысын тіркеу үшін Регистрация через Интернет
параметрін таңдаңыз.
16. Готово түймесін басыңыз.
Қатынас орны бар сымсыз желіде құрылғыны
орнату (Macintosh)
Дайындау керек элементтер
Келесі элементтер дайын болу керек:
Қатынас орны
Желіге қосылған компьютер
Құрылғымен бірге келген бағдарламаның ықшам дискісі
Сымсыз интерфейс арқылы орнатылатын құрылғы
USB кабелі
Macintosh жүйесінде инфрақұрылым желісін жасау
Элементтер дайын болғанда төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыға USB кабельдің қосылғанын тексеріңіз.
2. Компьютерді, қатынас орнын жəне құрылғыны қосыңыз.
3. Берілген бағдарлама ықшам дискісін CD-ROM дискіенгізісіне
салыңыз.
4. Macintosh жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет
басыңыз.
5. MAC_Installer қалтасын екі рет басыңыз.
6. Installer OS X белгішесін екі рет басыңыз.
7. Құпиясөзді енгізіңіз жəне OK түймесін басыңыз.
8. Samsung орнату құралының терезесі ашылады. Жалғастыру
түймесін басыңыз.
9. Лицензиялық келісім-шартты оқыңыз жəне Continue түймесін
басыңыз.
10. Лицензиялық келісімге келісім беру үшін Agree түймесін
басыңыз.
11. Samsung орнату құралының терезесі ашылады. Жалғастыру
түймесін басыңыз.
12. Easy Install параметрін таңдап, Install түймесін басыңыз. Easy
Install параметрі басым көпшілік пайдаланушыларға
ұсынылады. Құрылғының жұмысына қажетті барлық
компоненттер орнатылады.
Custom Install параметрін таңдасаңыз, орнатылатын жеке
əрекеттерді таңдай аласыз.
13. Wireless Setting and Installation параметрін таңдаңыз.
14. Бағдарлама сымсыз желіні іздейді.
Егер іздеу орындалмаса, компьютер мен құрылғы
арасындағы USB кабельдің дұрыс қосылғанын тексеріңіз
жəне терезедегі нұсқауларды орындаңыз.
15. Іздеуден кейін терезе сымсыз желі құрылғыларын көрсетеді.
Пайдаланатын қатынас орнының атауын (SSID) таңдаңыз жəне
Next түймесін басыңыз.
Сымсыз желі теңшелімін қолмен орнатқыңыз келсе,
Advanced Setting пəрменін таңдаңыз.
Имя беспроводной сети: Қатынас орнының SSID
атауын енгізіңіз (SSID – регистрді ескереді).
Режим работы: Инфраструктура параметрін
таңдаңыз.
Аутентификация: Аутентификация түрін таңдаңыз.
Open System: Аутентификация пайдаланылады жəне
деректер қауіпсіздігінің қажеттілігіне байланысты
шифрлау пайдаланылуы немесе пайдаланылмауы
мүмкін.
Shared Key: Аутентификация пайдаланылады. Тиісті
WEP кілті бар құрылғы желіге қатынаса алады.
WPA Personal немесе WPA2 Personal: Басып шығару
серверінің түпнұсқалығын WPA Pre-Shared кілтінің
көмегімен растау үшін осы параметрді таңдаңыз. Ол
ортақ құпия кілтті пайдаланады (əдетте Pre Shared Key
құпия сөзі деп аталады). Ол кілт қатынас орнында жəне
оның əр клиентінде қолмен теңшеледі.
Encryption: Шифрлауды таңдаңыз. (Жоқ, WEP64,
WEP128, TKIP, AES, TKIP AES)
Network Key: Шифрлау желі кілтінің мəнін енгізіңіз.
Confirm Network Key: Шифрлау желі кілтінің мəнін
растаңыз.
WEP Key Index: WEP шифрлауды пайдалансаңыз,
тиісті WEP Key Index пайдаланыңыз.
Қатынас орнында қауіпсіздік параметрі болса, сымсыз желі
қауіпсіздік терезесі шығады.
Сымсыз желі қауіпсіздік терезесі шығады. Терезе
қауіпсіздік режиміне байланысты əр түрлі болуы мүмкін:
WEP немесе WPA.
WEP болған жағдайда
Түпнұсқалық растама үшін Open System немесе
Shared Key параметрін таңдаңыз жəне WEP қауіпсіздік
кілтін енгізіңіз. Next түймесін басыңыз.