Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату (тек қана CLP-325W(K)/CLP-326W)_ 50
WEP (Wired Equivalent Privacy) – сымсыз желіге рұқсат
етілмеген қатынасуды болдырмайтын қауіпсіздік
протоколы. WEP сымсыз желіде алмасатын əр пакеттің
деректерінің бөлігін 64-биттік немесе 128-биттік WEP
шифрлау кілтін пайдаланып шифрлайды.
WPA болған жағдайда
WPA ортақ кілтін енгізіңіз жəне Next түймесін басыңыз.
WPA тұрақты аралықтарда автоматты түрде өзгеретін
құпия кілтке негізделіп пайдаланушылардың
түпнұсқалығын растайды жəне кім екенін анықтайды.
Сондай-ақ, WPA шифрлау үшін TKIP (Temporal Key
Integrity Protocol) протоколын жəне AES (Advanced
Encryption Standard) шифрлауын пайдаланады.
16. Терезе сымсыз желінің параметрлерін көрсетеді.
Параметрлердің дұрыс екенін тексеріңіз. Next түймесін
басыңыз.
DHCP əдісі үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі DHCP болса, терезеде
DHCP көрсетілгенін тексеріңіз. Бірақ, ол «Тұрақты» дегенді
көрсетсе, тағайындау əдісін DHCP деп өзгерту үшін Change
TCP/IP пəрменін таңдаңыз.
Тұрақты əдіс үшін
Егер IP мекенжайды тағайындау əдісі тұрақты болса,
терезеде «Тұрақты» көрсетілгенін тексеріңіз. Бірақ, егер ол
DHCP дегенді көрсетсе, құрылғының IP мекенжайын жəне
басқа желілік теңшелім мəндерін енгізу үшін Change TCP/IP
пəрменін таңдаңыз. Құрылғының IP мекенжайын енгізу
алдында компьютердің желілік теңшелімі туралы ақпаратты
білу керек. Егер компьютер DHCP деп орнатылған болса,
тұрақты IP мекенжайды алу үшін желілік əкімшіге хабарласу
керек.
Мысалы:
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде көрсетілгендей
болса:
- IP мекенжай: 169.254.133.42
- Ішкі желі маскасы: 255.255.0.0
Онда құрылғының желілік ақпараты төмендегідей болуы
керек:
- IP мекенжай: 169.254.133. 43
- Ішкі желі маскасы: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі
бүркенішін пайдаланыңыз).
- Шлюз: 169.254.133.1
17. Сымсыз желі теңшеліміне сəйкес қосылады.
18. Сымсыз желіні теңшеу аяқталғанда, компьютер мен құрылғы
арасындағы USB кабельді ажыратыңыз.
19. Орнатуды аяқтау үшін экранда көрсетілген нұсқауларды
орындаңыз. Орнату аяқталғанда Quit немесе Restart параметрін
таңдаңыз.
Құрылғыны Ad-Hoc желісінде орнату (Macintosh)
Егер қатынас орны болмаса, Ad-Hoc желісін мына оңай
нұсқауларды орындай орнатып, бəрібір құрылғыны компьютерге
қоса аласыз.
Дайындау керек элементтер
Келесі элементтер дайын болу керек:
Желіге қосылған компьютер
Құрылғымен келген бағдарлама ықшам дискісі
Сымсыз интерфейс арқылы орнатылатын құрылғы
USB кабелі
Macintosh жүйесінде Ad-Hoc желісін жасау
Элементтер дайын болғанда осы қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыға USB кабельдің қосылғанын тексеріңіз.
2. Компьютерді жəне құрылғыны қосыңыз.
3. Берілген бағдарлама ықшам дискісін CD-ROM дискіенгізісіне
салыңыз.
4. Macintosh жұмыс үстелінде шығатын CD-ROM белгішесін екі рет
басыңыз.
5. MAC_Installer қалтасын екі рет басыңыз.
6. Installer OS X белгішесін екі рет басыңыз.
7. Құпиясөзді енгізіңіз жəне OK түймесін басыңыз.
8. Samsung орнату құралының терезесі ашылады. Жалғастыру
түймесін басыңыз.
9. Лицензиялық келісім-шартты оқыңыз жəне Continue түймесін
басыңыз.
10. Лицензиялық келісімге келісім беру үшін Agree түймесін
басыңыз.
11. Easy Install параметрін таңдап, Install түймесін басыңыз. Easy
Install параметрі басым көпшілік пайдаланушыларға
ұсынылады. Құрылғының жұмысына қажетті барлық
компоненттер орнатылады.
Custom Install параметрін таңдасаңыз, орнатылатын жеке
əрекеттерді таңдай аласыз.
12. Wireless Setting and Installation параметрін таңдаңыз.
13. Бағдарлама сымсыз желі құрылғыларын іздейді.
Егер іздеу орындалмаса, компьтер мен құрылғы
арасындағы USB кабельдің дұрыс қосылғанын тексеріңіз
жəне терезедегі нұсқауды орындаңыз.
14. Сымсыз желілерді іздегеннен кейін құрылғы іздеген сымсыз
желілер тізімі шығады.
Əдепкі Samsung ad-hoc параметрлерін пайдаланғыңыз келсе,
тізімде соңғы сымсыз желіні таңдаңыз. БұлNetwork Name
(SSID)portthru жəне SignalPrinter Self Network.
Одан кейін Next түймесін басыңыз.
Басқа ad-hoc параметрлерін пайдаланғыңыз келсе, тізімде басқа
сымсыз желіні таңдаңыз.
Аd-hoc параметрлерін өзгерту керек болса Advanced
Setting түймесін басыңыз.
Имя беспроводной сети: Қажетті SSID атауын
енгізіңіз (SSID – регистрді ескереді).
Режим работы: Ad-hoc параметрін таңдаңыз.
Channel: Арнаны таңдаңыз (Auto Setting немесе 2412
МГц - 2467 МГц).
Аутентификация: Аутентификация түрін таңдаңыз.
Open System: Аутентификация пайдаланылады жəне
деректер қауіпсіздігінің қажеттілігіне байланысты
шифрлау пайдаланылуы немесе пайдаланылмауы
мүмкін.
Shared Key: Аутентификация пайдаланылады. Тиісті
WEP кілті бар құрылғы желіге қатынаса алады.
Encryption: Шифрлауды таңдаңыз (ешқайсысы,
WEP64, WEP128).
Network Key: Шифрлау желі кілтінің мəнін енгізіңіз.
Confirm Network Key: Шифрлау желі кілтінің мəнін
растаңыз.