Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Сымсыз желіні орнату (тек қана CLP-325W(K)/CLP-326W)_ 54
Қатынас орны қосылмаған. Қатынас орнын қосыңыз.
Ошибка подключения - неправильные настройки
безопасности
Қауіпсіздікті дұрыс емес теңшедіңіз. Қатынас орнында жəне
құрылғыда теңшелген қауіпсіздікті тексеріңіз.
Ошибка подключения - ошибка основного
соединения
Компьютер құрылғыдан сигнал алып жатқан жоқ. USB кабельді
жəне құрылғы қуатын тексеріңіз.
Ошибка подключения - соединение с проводной
сетью
Құрылғы сымды желі кабелімен қосылған. Сымды желі кабелін
құрылғыдан ажыратыңыз.
Ошибка соединения с ПК
Теңшелген желі мекенжайы компьютер мен құрылғының
арасында қосыла алмады.
- DHCP желі ортасы үшін
Компьютер DHCP деп теңшелген болса, басып шығарғыш IP
мекенжайды автоматты түрде алады.
- Тұрақты желі ортасы үшін
Компьютер тұрақты мекенжайға теңшелген болса, құрылғы
тұрақты мекенжайды пайдаланады.
Мысалы:
Егер компьютердің желілік ақпараты төменде көрсетілгендей
болса:
- IP мекенжай: 169.254.133.42
- Ішкі желі маскасы: 255.255.0.0
Онда құрылғының желілік ақпараты төмендегідей болуы
керек:
- IP мекенжай: 169.254.133. 43
- Ішкі желі маскасы: 255.255.0.0 (Компьютердің ішкі желі
бүркенішін пайдаланыңыз).
- Шлюз: 169.254.133.1
Басқа мəселелерді шешу
Құрылғыны желіде пайдаланғанда мəселелер орын алса, төмендегіні
тексеріңіз:
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) туралы ақпарат
алу үшін оның өзінің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Компьютеріңіз, қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) не
құрылғы қосылмаған болуы мүмкін.
Құрылғының айналасындағы сымсыз қабылдауды тексеріңіз. Егер
қабылдау құрылғыдан алыс болса немесе кедергі болса, сигналды
қабылдау қиын болуы мүмкін.
Қатынас орнын (немесе сымсыз маршрутизаторды), құрылғыны
жəне компьютерді өшіріп қосыңыз. Кейде өшіріп, қосу желі
байланысын қалпына келтіруі мүмкін.
Желіаралық дидар бағдарламасын (V3 немесе Norton) байланысты
бұғаттап жатпағанын тексеріңіз.
Компьютер мен құрылғы бір желіге қосылып, оларды іздеу мүмкін
емес болса, желіаралық дидар бағдарламасы байланысты бұғаттап
жатқан болуы мүмкін. Оны өшіру үшін пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз жəне құрылғыны қайтадан іздеп көріңіз.
Құрылғының IP мекенжайы дұрыс бөлінгенін тексеріңіз. IP
мекенжайды желілік теңшелім туралы есепті басып шығару арқылы
тексеруге болады.
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) қауіпсіздік
(құпиясөз) теңшелгенін тексеріңіз. Егер оның құпия сөзі болса,
қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) əкімшісіне
хабарласыңыз.
Құрылғының IP мекенжайы бар-жоғын тексеріңіз. Құрылғы
драйверін қайта орнатыңыз жəне желідегі құрылғыға қосылу
параметрлерін өзгертіңіз. DHCP ерекшеліктеріне байланысты
құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбаса немесе қатынас орны
ысырылмаса, бөлінген IP мекенжай өзгеруі мүмкін.
Сымсыз ортаны тексеріңіз. Қатынас орнына (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылу алыднда пайдаланушы ақпаратын енгізу
керек инфрақұрылым ортасында желіге қосыла алмауыңыз мүмкін.
Бұл құрылғы тек IEEE 802.11 b/g/n жəне Wi-Fi желілерін қолдайды.
Басқа сымсыз байланысқа (Bluetooth) қолдау көрсетілмейді.
Windows Vista сияқты амалдық жүйелерде Ad-hoc режимін
пайдаланғанда сымсыз құрылғыны пайдаланған сайын сымсыз
қосылым параметрлерін орнату қажет болуы мүмкін.
Samsung сымсыз желі құрылғысында инфрақұрылым режимін жəне
Ad-hoc режимін бір уақытта пайдалана алмайсыз.
Құрылғы сымсыз желі ауқымында.
Құрылғы сымсыз сигналды бұғаттауы мүмкін кедергілерден алыс
орнатылады.
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) жəне құрылғы
арасындағы кез келген үлкен металл заттарды алып тастаңыз.
Құрылғы жəне сымсыз қатынас орны (немесе сымсыз
маршрутизатор) бағандармен, қабырғалармен немесе құрамында
металл немесе цемент бар бағандармен бөлінбегенін тексеріңіз.
Құрылғы сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін басқа
электрондық құрылғылардан алыс орналастырылады.
Көптеген құрылғыға сымсыз сигнал кедергі келтіруі мүмкін, соның
ішінде микротолқынды пештер мен кейбір Bluetooth құрылғылары.