Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Қызмет көрсету_ 80
9.Қызмет көрсету
Бұл тарауда құрылғы мен тонер картриджіне қызмет көрсету туралы ақпарат берілген.
Бұл тарау мыналарды қамтиды:
Құрылғы ес
ебін басып шығару
Құрылғыны та
залау
Тонер к
артриджін сақтау
Құрылғыны жы
лжыту жəне сақтау бойынша кеңестер
Құрылғы есебін басып шығару
Ағымдағы принтер параметрлерін көру немесе принтер ақауларын жою
үшін конфигурациялық бетті басып шығаруыңызға болады.
Дайын реж
имінде Болдырмау ( ) түймесін 5 секундтай басып, одан
кейін жіберіңіз.
Конфигурациялық бет басылып шыға
ды.
Құрылғыны тазалау
Егер басып шығару ақаулары орын алса немесе құрылғыны лас ортада
пайдаланатын болсаңыз, ең оңтайлы басып шығару сапасын сақтау
үшін құрылғыны ұдайы тазалап тұрыңыз.
Құрылғының корпусын құрамында спирт, еріткіш немесе қатты
бөлшектері бар тазартқыш құралдармен тазалау корпустың
түсін оңдырып, корпустың қалпын бүлдіруі мүмкін.
Егер құр
ылғы немесе айналасы бояғыш ұнтақпен ластанған
болса, суланған шүберек немесе матаны пайдалануыңызды
ұсынамыз. Егер шаңсорғышты пайдаланатын болсаңыз,
бояғыш ұнтақ ауаға ұшып, тыныс алуға қауіпті болуы мүмкін.
Сыртын тазалау
Құрылғы корпусын жұмсақ, талшықсыз шүберекпен тазалаңыз.
Шүберекпен мұқият сулаңыз, бірақ құрылғы сыртына немесе ішіне
судың кіріп кетпеуіне сақ болыңыз.
Ішкі бөлігін тазалау
Басып шығару кезінде қағаз, бояғыш ұнтақ жəне шаң бөлшектері
құрылғының ішіне жиналуы мүмкін. Бұл бояғыш ұнтақ іздері немесе
жағылуы сияқты басып шығару сапасы ақауларын тудыруы мүмкін.
Құрылғының ішін тазалау бұл мəселелерді жояды немесе азайтады.
1. Құрылғыны өшір
іңіз де, шнурды ажыратыңыз. Құрылғы суығанша
күтіңіз.
2. Ашу түймесін басыңы
з, алдыңғы қақпақты толығымен ашыңыз.
3. Тонер картриджіндегі тұтқадан ұстап, картриджді құрылғыдан
шығару үшін өзіңізге қарай тартыңыз.
4. Пайдаланылған тонер контейнерін тұтқасын пайдалану арқылы
құрылғыдан шығарыңыз.
5. Бейнелеу құрылғысын оның алдыңғы жағындағы науаны пайдалану
арқылы құрылғыдан шығарып алыңыз.