Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Қызмет көрсету_ 82
Шығыс материалдарды келесі талаптарда сақтауға болмайды:
- 40°C деңгейінен жоғары температурада.
- 20 % деңгейінен төмен жəне 80 % деңгейінен жоғары
ылғалдылық деңгейі.
- Ылғалдылық пен температураның күрт өзгерістеріне ие орта.
- Тікелей күн көзі мен бөлме жарығында.
- Шаң жерлерде.
- Ұзақ уақыт бойы автокөлікте.
- Улы газды орталарда.
- Тұзды ауалы орталарда.
Пайдалану нұсқаулары
Картриджегі фотоөткізгіш барабанның бетін ұстамаңыз.
Картриджді қажетсіз вибрациялар немесе соққы əсеріне
қалдырмаңыз.
Барабанды ешқашан əсіресе кері бағытта қолмен айналдырмаңыз,
бұл ішкі зиян мен тонердің төгілуіне алып келуі мүмкін.
Samsung компаниясы шығармаған жəне қайта
құйылған тонер картриджін пайдалану
Samsung Electronics компаниясы принтеріңіз үшін Samsung брендіне
жатпайтын тонер картридждерін, соның ішінде жалпы, сауда желісі
маркалы, қайта құйылған немесе қайта дайындалған тонер
картридждерін пайдалануды ұсынбайды немесе мақұлдамайды.
Samsung компаниясының принтерінің кепілдігі қайта құйылған,
қайта дайындалған немесе немесе Samsung брендіне жатпайтын
тонер картриджін пайдаланудан туындаған құрылғының
зақымдалуына қолданылмайды.
Картридждің болжамды қызмет мерзімі
Картриджің болжамды қызмет мерзімінің (тонер картриджінің
болжамды пайдалы қызмет мерзімі) басып шығару тапсырмасының
қажет ететін тонер көлеміне байланысты болады. Нақты басып шығару
өнімділігі беттердің баспа тығыздығына, жұмыс істеу ортасына, басып
шығару уақыт аралығына, медиа түріне жəне/немесе медиа өлшеміне
байланысты əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер көптеген графиканы
басып шығаратын болсаңыз, тонер
көп жұмсалады жəне картриджерді
жиірек ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Құрылғыны жылжыту жəне сақтау бойынша
кеңестер
Құрылғыны жылжыту кезінде қисайтуға немесе аударуға болмайды.
Əйтпесе құрылғының іші ластанып, бұл құрылғыға зиян келтіруі
немесе басып шығару сапасын төмендетуі мүмкін.
Құрылғыны тасымалдағанда, кемінде екі адам оны мықты ұстауы
керек.