Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Ақаулықтарды жою_ 83
10.Ақаулықтарды жою
Бұл қате кездестірсеңіз не істеу керектігі туралы пайдалы ақпарат береді.
Бұл тарау мыналарды қамтиды:
Тонерді қайта тарату
Қағаздың ке
птелуін болдырмау бойынша кеңестер
Кептелген қа
ғаздарды алып тастау
Басқа мə
селелерді шешу
Тонерді қайта тарату
Түрлі-түсті тонер картридждерінің бірінде тонер аз болғанда тонер
түстерінің қате араластырылуы себепті түрлі-түсті кескіндердің сəйкес
емес түстерде басып шығарылуы мүмкін. Басып шығару сапасын
тонерді шайқап тарату арқылы уақытқа жақсарта аласыз.
Компьютер экранына Smart Panel бағдарламасының терезесі
шығып, қай картридждің тонері аз екенін ескертеді (76-бе
ттегі
"Smart Panel ба
ғдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
1. Ашу түймесін басыңы
з, алдыңғы қақпақты толығымен ашыңыз.
2. Тонер картриджіндегі тұтқадан ұстап, картриджді құрылғыдан
шығару үшін өзіңізге қарай тартыңыз.
3. Тонердің тегіс таралуы үшін тонер картриджінің екі тұтқасынан да
ұстап тұрып, екі жаққа мұқият шайқаңыз.
Егер тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне оны
суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға сіңдіреді.
4. Тонер картриджін құрылғыға қайта енгізіңіз.
5. Алдыңғы қақпақты жабыңыз. Қақпақтың дұрыс жабылуын
қадағалаңыз.
Егер алдыңғы қақпақ толық жабылмаса, құрылғы жұмыс
істемейді.