Samsung CLP-320 Color Laser Printer series - User manual

Керек-жарақтар_ 98
8. Пайдаланылған тонер контейнерін орнына дəлдеп, дұрыс
орныққанына көз жеткізу үшін итеріңіз.
9. Тонер картриджін құрылғыға қайта енгізіңіз.
10. Алдыңғы қақпақты мықтылап жабыңыз.
Егер алдыңғы қақпақ толық жабылмаса, құрылғы жұмыс
істемейді. Барлық тонер картридждерінің дұрыс орнатылуын
қадағалаңыз. Егер тонер картридждерінің əлдебіреуі дұрыс
емес орнатылса, алдыңғы қақпақ жабылмайды.
11. Құрылғыны қосыңыз.
Əрбір жарық диоды қайталанған кезекпен қызыл түспен
жыпылықтайды. Құрылғы дайын болғанға дейін 1,5 минут
күтіңіз.
Пайдаланылған тонер контейнерін
алмастыру
Пайдаланылған тонер контейнерінің қызмет мерзімі аяқталғанда,
компьютерде оның салынуы қажеттігін білдіретін Smart Panel
бағдарламасының терезесі пайда болады. Кері жағдайда құрылғыңыз
басып шығаруды доғарады.
1. Құр
ылғыны өшіріп, құрылғыны бірнеше минут суытып алыңыз.
2. Алдың
ғы қақпақты ашыңыз.
3. Пайдаланылған тонер контейнерін тұтқасын пайдалану арқылы
құрылғыдан шығарыңыз.
Пайдаланылған тонер контейнерінің тегіс жерге тонері
төгілмейтіндей етіп қойылуын қадағалаңыз.
4. Контейнер қақпағын төменде көрсетілгендей ашыңыз жəне оны
пайдаланылған тонер контейнерінің аузын бекітуге пайдаланыңыз.
2
1
Контейнерді қисайтып не аудармаңыз.
5. Жа
ңа пайдаланылған тонер картриджін орамасынан шығарып
алыңыз.