Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

Білген жөн
Құрылғы басып шығармайды.
Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз жəне құжатты
тізімен алып тастаңыз (48-беттегі "Басып шығару
тапсырмасын болдырмау" бөлімін қараңыз).
Драйверді жойып, қайта орнатыңыз (26-беттегі
"Драйверді жергілікті орнату" бөлімін қараңыз).
Құрылғыны Windows жүйесінде əдепкі құрылғы ретінде
таңдаңыз (212-беттегі "Құрылғыны əдепкі құрылғы
ретінде орнату" бөлімін қараңыз).
Керек-жарақтарды немесе шығын
материалдарын қайда сатып алуға болады?
Samsung дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
www.samsung.com/supplies торабына кіріңіз. Өнімге
қызмет көрсету туралы ақпаратты қарау үшін елді/
аймақты таңдаңыз.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе
тұрақты жанып тұрады.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын
тексеріңіз жəне ақауларды сəйкесінше жойыңыз (98-
беттегі "Жарық диодты экран күйін түсіну" бөлімін
қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
Алдыңғы есікті ашып жабыңыз (20-беттегі "Алдыңғы
көрінісі" қараңыз).
Осы нұсқаулықта қағаз кептелісін алып тастау туралы
нұсқауларды қараңыз жəне сəйкесінше ақаулықтарды
жойыңыз (86-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру" бөлімін
қараңыз).
Басып шығарылған қағазда дақтар бар.
Тонер деңгейі төмен немесе біркелкі емес болуы
мүмкін. Тонер картриджін шайқаңыз (65-беттегі
"Тонерді қайта тарату" бөлімін қараңыз).
Басып шығару ажыратымдылығының басқа
параметрлерін қолданып көріңіз (48-беттегі "Басып
шығару теңшелімдерін ашу" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджін ауыстырыңыз (67-беттегі "Тонер
картриджін ауыстыру" бөлімін қараңыз).
Машинаның драйверін қайдан қотаруға
болады?
•Samsung веб-торабынан анықтаманы, қосымша
бағдарламаларды, құрылғы драйверлерін,
нұсқаулықтарды жəне тапсырыс беру туралы
ақпаратты ала аласыз, www.samsung.com > өнімді
табыңыз > Қолдау немесе Қотарулар.