Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide
Нормативтік ақпарат
125
5. Қосымша
Бұл құрылғы сынақтан өткізілді жəне FCC ережелерінің 15-бөлігіне
сəйкес B сыныпты сандық құрылғы шектеулеріне сай деп табылды.
Бұл шектеулер орнындағы орнатуда зиянды интерференцияға қарсы
тиісті қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл құрылғы радио
жиілік энергиясын тудырады, пайдаланады жəне таратуы мүмкін жəне
нұсқауларға сəйкес орнатылмаса жəне пайдаланылмаса, радио
байланысқа зиянды интерференцияны тудыруы мүмкін. Бірақ, нақты
орнатымда интерференция бол
майтынына кепілдік жоқ. Егер бұл
құрылғы радио немесе теледидар қабылдауға зиянды интерференция
тудырса (мұны құрылғыны өшіру жəне қосу арқылы анықтауға болады)
пайдаланушыға интерференцияны келесі шаралардың біреуі немесе
бірнешеуімен түзету ұсынылады:
• Қабылдаушы антеннаның бағытын немесе орнын өзгертіңіз.
• Құрылғы мен қабылдағыштың арасындағы бос аралықты
арттырыңыз.
• Құрылғыны тізбектегі қабылдағыш қосылған розеткадан басқа
розеткаға қосыңыз.
• Көмек алу үшін дилерге немесе тəжірибелі радио-теледидар
технигіне хабарласыңыз.
Сəйкестік үшін жауапты жасап шығарушы ашық бекітпеген өзгерту
немесе өзгертулер пайдаланушының құрылғыны пайдалану
рұқсатын жоққа шығаруы мүмкін.
Канадалық радио кедергілер туралы
ережелер
Канаданың Индустрия жəне ғылым министрлігінің «Digital Apparatus»,
ICES-003 атты интерференция тудыратын құрылғылар стандартында
көрсетілгендей бұл сандық аппарат радио шуын шығаратын аппарат
үшін B сыныбы шектеулерінен аспайды.
Cet appareil numérique respecte les limites de bruits radioélectriques
applicables aux appareils numériques de Classe B prescrites dans la
norme sur le matériel brouilleur : « Appareils Numériques », ICES-003
édictée par l’Industrie et Sciences Canada.
13
Америка Құрама Штаттары
Коммуникациялар бойынша федералдық
комиссия (FCC)
FCC 15-бөлік бойынша мақсатты сəуле шығарғыш
Принтер жүйесінде төмен қуатты, 2,4 ГГц/5 ГГц диапазонында жұмыс
істейтін, Radio LAN (радио жиілігіндегі сымсыз байланыс
құрылғылары) түріне жататын құрылғылар болуы (ендірілген болуы)
мүмкін. Бұл бөлім тек осы құрылғылар болса ғана қолданылады.
Сымсыз құрылғылардың болуын тексеру үшін жүйе жапсырмасын
қараңыз.