Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

144
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Сымды желіні орнату
4
Желі конфигурациясы есебін басып шығару
Машинаның басқару тақтасынан машинаның ағымдағы желілік
параметрлерін көрсететін желі теңшелімі туралы есепті басып
шығара аласыз. Бұл желіні орнатуға көмектеседі.
Басқару тақтасында (Меню) түймесін басып, Сеть > Конфигур.
сети пəрменін таңдаңыз.
Осы желі теңшелімі туралы есепті пайдаланып, машинаның MAC
мекенжайын жəне IP мекенжайын таба аласыз.
Мысалы:
•MAC мекенжай: 00:15:99:41:A2:78
•IP мекенжай: 169.254.192.192
5
IP мекенжайды орнату
Желілік интерфейсті қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті
пайдалану мүмкін болмайды (22-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін
қараңыз).
Бағдарлама TCP/IPv6 қолдамайды.
Алдымен желілік басып шығару мен басқару үшін IP мекенжайын
орнатуыңыз керек. Көп жағдайда жаңа IP мекенжайы желідегі DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) серверіне автоматты
түрде тағайындалады.
SetIP бағдарламасын пайдаланып, IPv4
протоколды теңшеу (Windows)
SetIP бағдарламасын пайдалану алдында Басқару тақтасы > Центр
обеспечения безопасности > Windows желіаралық дидары
тармағында компьютердің брандмауэрын ажыратыңыз.
1
Бұл бағдарламаны берілген ықшам дискіде Application > SetIP
> Setup.exe файлын нұқып, орнатыңыз.
2
Орнату терезесіндегі нұсқауларды орындаңыз.
3
Құрылғыны желіге желілік кабельмен қосыңыз.
4
Құрылғыны өшіріңіз.
5
Windows жүйесінің Бастау мəзірінен Барлық
бағдарламаларда > Samsung Printers > SetIP > SetIP
тармағын таңдаңыз.
6
SetIP терезесіндегі белгішесін (сол жақтан үшінші) нұқып,
TCP/IP теңшеу терезесін ашыңыз.