Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
164
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Желіге қайта қосылу
Сымсыз желі функциясы өшірулі кезде, құрылғы қатынас орнына
(немесе сымсыз маршрутизаторға) бұрын пайдаланылған сымсыз
қосылым параметрлерімен жəне мекенжайымен қайта қосылуға
əрекет жасайды.
Келесі жағдайларда құрылғы сымсыз желіге автоматты түрде
қайта қосылады:
Құрылғы өшіріліп, қайта қосылады.
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) өшіріліп, қайта
қосылады.
Қосылу процесін болдырмау
Құрылғы сымсыз желіге қосылып жатқанда сымсыз желіге қосылуды
болдырмау үшін басқару тақтасында (Отмена немесе Стоп/Сброс)
түймесін басып, жіберіңіз. Сымсыз желіге қайта қосылу үшін 2
минут күту керек болады.
Желіден ажырату
Сымсыз желі қосылымын ажырату үшін басқару тақтасындағы
(WPS) түймесін екі секундтан аса басыңыз.
Wi-Fi желісі бос режимде болғанда: Машина сымсыз желіден
бірден ажыратылады жəне WPS көрсеткіш шамы өшеді.
Wi-Fi желісі пайдаланылғанда: Машина ағымдағы тапсырманың
аяқталғанын күткенде, WPS көрсеткіш шамы тез жыпықтайды.
Одан кейін сымсыз желі қосылымы автоматты түрде ажыратылады
жəне WPS көрсеткіш шамы өшеді.
15
Мəзір түймесін пайдалану
Параметрлерге немесе модельдерге байланысты кейбір мəзірлер
дисплейде шықпауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға
сəйкес келмейді (29-беттегі "Мəзірді шолу" бөлімін қараңыз).
Бастау алдында сымсыз желінің желі атауын (SSID) жəне шифрланған
болса желі кілтін білуіңіз керек. Бұл ақпарат қатынас орнын (немесе
сымсыз маршрутизаторды) орнатқанда орнатылған. Сымсыз ортаны
білмесеңіз, желіні орнатқан адамнан сұраңыз.