Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide
Сымсыз желіні орнату
175
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
18
Желілік кабельді пайдалану
Желілік портты қолдамайтын құрылғыда бұл мүмкіндікті пайдалану
мүмкін болмайды (22-беттегі "Артқы көрінісі" бөлімін қараңыз).
Бұл құрылғы желімен сыйысымды құрылғы болып табылады.
Машинаға желіде жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін біраз теңшеу іс
рəсімдерін орындау керек.
• Сымсыз желі қосылымын аяқтағаннан кейін бағдарламадан
басып шығару үшін машина драйверін орнату керек (147-беттегі
"Желі арқылы драйверді орнату" бөлімін қараңыз).
• Желі теңшелімі туралы ақпарат алу үшін желілік əкімшіге
немесе сымсыз желіні орнатқан адамға жолығыңыз.
Дайындау керек элементтер
• Қатынас нүктесі
• Желіге қосылған компьютер
• Құрылғымен бірге келген бағдарламаның ықшам дискісі
• Сымсыз желі интерфейсі арқылы орнатылатын машина
• Желі кабелі
Желі конфигурациясы есебін басып шығару
Құрылғының желілік параметрлерін желі теңшелімі туралы есепті
басып шығару арқылы анықтауға болады.
144-беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару" қараңыз.
SetIP бағдарламасын пайдаланып IP
мекенжайды орнату (Windows)
Бұл бағдарлама машинамен байланысу үшін оның MAC мекенжайын
пайдаланып, машинаның желілік IP мекенжайын қолмен орнату үшін
пайдаланылады. MAC мекенжай желілік интерфейстің жабдықтық
сериялық нөмірі болып табылады жəне оны желілік теңшелім
есебінде табуға болады.
144-беттегі "IP мекенжайды орнату" қараңыз.
Құрылғының сымсыз желісін теңшеу
Бастау алдында сымсыз желінің желі атауын (SSID) жəне ол
шифрланған болса, желі кілтін білу керек. Бұл ақпарат қатынас орнын
(немесе сымсыз маршрутизаторды) орнатқанда орнатылған. Сымсыз
ортаны білмесеңіз, желіні орнатқан адамнан сұраңыз.
Сымсыз желі параметрлерін теңшеу үшін SyncThru™ Web Service
бағдарламасын пайдаланыңыз.