Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
177
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
8
Далее түймесін басыңыз.
Егер сымсыз қауіпсіздік параметрлері терезесі пайда болса,
тіркелген құпия сөзді (желілік құпия сөз) енгізіп, Далее түймесін
басыңыз.
9
Растау терезесі шығады. Сымсыз желі теңшелімін тексеріңіз.
Теңшелім дұрыс болса, Применить түймесін басыңыз.
Желілік кабельді (стандартты немесе желілік) ажыратыңыз. Содан
кейін құрылғы желімен сымсыз байланысуды бастауы керек. Ad-
hoc режимінде болған жағдайда, сымсыз LAN жəне сымды LAN
желілерін бір уақытта пайдалануға болады.
10
Берілген бағдарламалық жасақтама ықшам дискісін CD-ROM
жетегіне салыңыз да, сымсыз желіні орнату үшін терезедегі
нұсқауларды орындаңыз.
19
Wi-Fi желісін қосу/өшіру
Егер машинада дисплей бар болса, сонымен бірге, Wi-Fi желісін
құрылғының басқару тақтасынан, Сеть мəзірін пайдаланып қоса/
өшіре аласыз.
1
Желілік кабель құрылғыға қосылғанын тексеріңіз. Қосылмаған
болса, құрылғыны стандартты желілік кабельмен қосыңыз.
2
Internet Explorer, Safari немесе Firefox сияқты веб-шолғышты
іске қосыңыз жəне шолғыш терезесіне құрылғының жаңа IP
мекенжайын енгізіңіз.
Мысалы,
3
SyncThru™ Web Service веб-торабының жоғарғы оң жағындағы
Вход в систему түймесін басыңыз.
4
Идентификатор мен Пароль енгізіп, Вход в систему түймесін
басыңыз. Қауіпсіздік мақсаттарында əдепкі құпиясөзді ауыстыру
ұсынылады.
Идентификатор: admin
Пароль: sec00000
5
SyncThru™ Web Service терезесі ашылғанда Параметры сети
тармағын таңдаңыз.
6
Беспроводной > Другая тармағына өтіңіз.
Wi-Fi желісін қосуға/өшіруге болады.