Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
180
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Ұялы құрылғыны теңшеу
Wi-Fi Direct желісін принтерден орнатқаннан кейін, Wi-Fi Direct
желісін орнату үшін пайдаланып жатқан ұялы құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Wi-Fi Direct желісін орнатқаннан кейін смартфоннан басып шығару
үшін ұялы басып шығару бағдарламасын (Мысалы: Samsung ұялы
принтері) қотару қажет.
Ұялы құрылғыдан қосылу керек принтерді тапқанда, принтерді
таңдаңыз, сонда принтердің көрсеткіш шамы жыпықтайды.
Принтердегі WPS түймесін басыңыз, сонда ол ұялы
құрылғыңызға қосылады.
Егер ұялы құрылғы Wi-Fi Direct қолдамаса, WPS түймесін
басудың орнына принтердің «Ключ сети» енгізуіңіз керек.
21
Сымсыз желінің ақаулықтарын жою
Орнату немесе драйверді орнату кезіндегі
мəселелер
Принтеры не обнаружены
Құрылғы қосылмаған болуы мүмкін. Компьютер мен құрылғыны
қосыңыз.
Компьютер мен құрылғының арасында USB кабель қосылмаған.
Құрылғыны компьютерге USB кабель көмегімен қосыңыз.
Машина сымсыз желіні қолдамайды. Құрылғымен бірге келген
бағдарлама ықшам дискісіндегі құрылғының пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз жəне сымсыз желі құрылғысын дайындаңыз.
Ошибка подключения - SSID не найден
Құрылғы сіз таңдаған немесе енгізген желі атауын (SSID) таба
алмады. Қатынас орныңыздағы желі атауын (SSID) тексеріп, қайта
қосылуға тырысып көріңіз.
Қатынас орны қосылмаған. Қатынас орнын қосыңыз.