Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

Сымсыз желіні орнату
183
2. Желіге қосылған құрылғыны пайдалану
Қатынас орнында (немесе сымсыз маршрутизаторда) қауіпсіздік
(құпиясөз) теңшелгенін тексеріңіз. Егер оның құпия сөзі болса,
қатынас орнының (немесе сымсыз маршрутизатордың) əкімшісіне
хабарласыңыз.
Машинаның IP мекенжайын тексеріңіз. Құрылғы драйверін қайта
орнатыңыз жəне желідегі құрылғыға қосылу параметрлерін
өзгертіңіз. DHCP ерекшеліктеріне байланысты құрылғыны ұзақ
уақыт бойы пайдаланбаса немесе қатынас орны ысырылмаса,
бөлінген IP мекенжай өзгеруі мүмкін.
Қатынасу нүктесінде (немесе сымсыз маршрутизаторда) DHCP
серверін теңшеген кезде өнімнің MAC мекенжайын тіркеңіз. Одан
кейін сіз MAC мекенжайымен орнатылған IP мекенжайын əрқашан
пайдалана аласыз. Машинаның Mac мекенжайын желі теңшелімі
туралы есепті басып шығару арқылы анықтауға болады (144-
беттегі "Желі конфигурациясы есебін басып шығару" бөлімін
қараңыз).
Сымсыз ортаны тексеріңіз. Қатынасу нүктесіне (немесе сымсыз
маршрутизаторға) қосылу алдында пайдаланушы ақпаратын енгізу
керек инфрақұрылым ортасында желіге қосыла алмауыңыз мүмкін.
Бұл құрылғы тек IEEE 802.11 b/g/n жəне Wi-Fi желілерін қолдайды.
Басқа байланыс түрлеріне (мысалы, Bluetooth) қолдау
көрсетілмейді.
Windows Vista сияқты амалдық жүйелерде Аd hoc режимін
пайдаланғанда, сымсыз машинаны пайдаланған сайын сымсыз
қосылымды орнату қажет болуы мүмкін.
Samsung сымсыз желі машиналарында инфрақұрылым режимін
жəне ad hoc режимін бір уақытта пайдалана алмайсыз.
Құрылғы сымсыз желі ау
қымында.
Құрылғы сымсыз сигналды бұғаттауы мүмкін кедергілерден алыс
орнатылады.
Қатынас орны (немесе сымсыз маршрутизатор) жəне құрылғы
арасындағы кез келген үлкен металл заттарды алып тастаңыз.
Құрылғы жəне сымсыз қатынас орны (немесе сымсыз
маршрутизатор) бағандармен, қабырғалармен немесе құрамында
металл немесе цемент бар бағандармен бөлінбегенін тексеріңіз.
Құрылғы сымсыз сигналға кедергі келтіруі мүмкін басқа
электрондық құрылғылардан алыс орналастырылады.
Кө
птеген құрылғыға сымсыз сигнал кедергі келтіруі мүмкін, соның
ішінде микротолқынды пештер мен кейбір Bluetooth құрылғылары.
Қатынасу нүктесінің (немесе сымсыз маршрутизатордың)
теңшелімі өзгертілген кезде өнімнің сымсыз желісін қайта
орнатуыңыз қажет болады.
Wi-Fi Direct арқылы ең көбі 3 құрал қосыла алады.
Wi-Fi Direct Қосулы болса, қатынас орны (немесе сымсыз
маршрутизатор) мен машина арасындағы байланыс 802.11b/g
интерфейсі арқылы орнатылады.