Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide
SyncThru™ Web Service бағдарламасын пайдалану
240
5. Пайдалы басқару құралдары
Обслуживание қойындысы
Бұл қойынды жабдықтың ішке орнатылған бағдарламасын жетілдіру
жəне электрондық хаттар жіберу үшін байланыс ақпаратын орнату
арқылы құрылғыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
Samsung веб-торабына қосылуыңызға немесе Ссылка мəзірін таңдау
арқылы драйверлер жүктеп алуыңызға болады.
• Обновление ПО устройства: Машинаның микробағдарламасын
жаңартыңыз.
• Контактная информация: Байланыс ақпаратын көрсетеді.
• Ссылка: Ақпаратты қотаруға немесе тексеруге болатын пайдалы
тораптардың сілтемелерін көрсетеді.
• Управление лицензиями: Лицензияны басқару құралы
параметрлері орнатылған бағдарламалар мен бағдарлама
лицензиясына қолжеткізу мүмкіндігін береді.
• Клонирование: SyncThru™ Web Service ішінде Клонирование
функциясы бар құрылғылар арасында түрлі параметрлерді
(машина параметрі, желілік мəлімет, қойын дəптер, т.б.) импорттау
немесе экспорттау (тасымалдау) мүмкіндігін береді.
3
Электрондық пошта ескертуін орнату
Осы параметрді орнату арқылы құрылғыңыздың күйі туралы
электрондық пошта хабарларын алуыңызға болады. IP мекенжай, хост
атауы, электрондық пошта мекенжайы жəне SMTP серверлік ақпараты
сияқты мəліметті орнату арқылы құрылғы күйі (тонер картриджінің
жеткіліксіздігі немесе құрылғы қатесі) белгілі бір адамның электрондық
поштасына автоматты түрде жіберіліп тұрады. Бұл параметрді
құрылғы əкімшісі жиірек пайдалана алады.
Параметрлерге немесе модельдерге байланысты кейбір мəзірлер
дисплейде шықпауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға
сəйкес келмейді.
1
Windows жүйесінен Internet Explorer сияқты веб-браузерді іске
қосыңыз.
Мекенжай жолағына құрылғының IP мекенжайын (http://
xxx.xxx.xxx.xxx) енгізіп, Enter пернесін басыңыз немесе Өту
түймесін басыңыз.
2
Құрылғының енгізілген веб-торабы ашылады.
3
Настройки қойындысынан Параметры устройства >
Уведомления электронной почты параметрін таңдаңыз.