Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide
Баспа құралы жəне науа
42
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
• Конвертттерді таңдағанда мына факторларды ескеріңіз:
- Салмағы: 90 г/м
2
аспауы керек, əйтпесе, кептелістер орын
алуы мүмкін.
- Құрылымы: тегіс, оралуы 6 мм-ден аз болуы жəне ауа
болмауы керек.
- Күйі: бүгілген, кесілген немесе зақымдалған болмауы керек.
- Температура: жұмыс істеген кезінде машинаның ыстығына
жəне қысымына шыдауы керек.
• Тек жақсы жасалған, өткір жəне жақсы бүгілген хатқалталарды
пайдаланыңыз.
• Мөр басылған конверттерді пайдаланбаңыз.
• Қыстырмалары, тесіктері, қаптамалары, жапсырмалары немесе
басқа синтетикалық материалдары бар конверттерді
пайдаланбаңыз.
• Бүлінген немесе нашар жасалған конверттерді пайдаланбаңыз.
• Конверттің екі жағындағы тігістің бұрыштарына дейін жеткенін
тексеріңіз.
1 Жарайды
2 Жарамайды
• Алынатын жабысқақ таспасы бар немесе бірнеше жабысатын
бөлігі бар хатқалталарда машинаның термофиксация
температурасына, шамамен 170°C (338 °F) 0,1 секунд шыдайтын
желімді пайдалану керек. Артық қыстырмалар қыртысталуға,
кептелуге немесе термификсатордың зақымдалуына себеп болуы
мүмкін.
• Ең жақсы басып шығару сапасын алу үшін шеттерді хатқалтаның
жиектеріне 15 мм-ден жақындатпай орнатыңыз.
• Конверттердің тігістері сəйкес келетін жерлерінің басып
шығарылуына жол бермеңіз.