Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

Негізгі басып шығару
49
2. Мəзірді шолу жəне негізгі параметрлерді орнату
Басып шығарудың алдында қағаз бен тонерді үнемдеу үшін Eco
функцияларын қосуға болады (237-беттегі "Easy Eco Driver"
қараңыз).
Құрылғының ағымдағы күйін Состояние принтера түймесін
басып тексеруге болады (246-беттегі "Samsung Printer Status
бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Таңдаулы параметрді қолдану
Samsung қойыншасынан басқа əрбір теңшелімдер қойыншасында
көрінетін Избранные настройки параметрі ағымдағы теңшелімдерді
болашақта пайдалану үшін сақтауға мүмкіндік береді.
Избранные настройки элементін сақтау үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1
Əр қойындыда параметрлерді қажетінше өзгертіңіз.
2
Избранные настройки енгізу өрісіне элементтің атауын
енгізіңіз.
3
Сохранить түймесін басыңыз.
4
Атау мен сипаттаманы енгізіп, қажетті белгіні таңдаңыз.
5
OK түймесін басыңыз. Избранные настройки сақталғанда,
ағымдағы драйвердің барлық параметрлері сақталады.
Сақталған параметрді пайдалану үшін оны Избранные настройки
ашылмалы тізімінде таңдаңыз. Машина енді таңдалған
параметрлерге сəйкес басып шығаруға теңшелді. Сақталған
параметрлерді жою үшін оны Избранные настройки ашылмалы
тізімінде таңдап, Удалить түймесін нұқыңыз.