Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide
Негізгі артықшылықтар
Ыңғайлылық
• Google Cloud Print™ бағдарламасы іске қосылған смартфон
немесе компьютер арқылы басып шығаруға болады (188-беттегі
"Google Cloud Print™" қараңыз).
• Easy Capture Manager бағдарламасы пернетақтадағы Print Screen
пернесін пайдаланып түсірген кез келген нəрсені оңай өңдеуге
жəне басып шығаруға мүмкіндік береді (234-беттегі "Easy Capture
Manager" бөлімін қараңыз).
• Samsung Easy Printer Manager жəне Состояние печати–
құрылғының күйін бақылайтын жəне хабарлайтын жəне
құрылғының параметрлерін теңшеуге мүмкіндік беретін
бағдарлама (242-беттегі "Samsung Easy Printer Manager
бағдарламасын пайдалану" немесе 24
6-беттегі "Samsung Printer
Status бағдарламасын пайдалану" қараңыз).
• Samsung AnyWeb Print бағдарламасы Windows Internet Explorer
экранын əдеттегі бағдарламаны пайдаланғанмен салыстырғанда
оңайырақ түсіруге, алдын ала қарауға, шығарып алуға жəне басып
шығаруға мүмкіндік береді (235-беттегі "Samsung AnyWeb Print"
бөлімін қараңыз).
• Smart Update бағдарламасы ең соңғы бағдарламалық
жасақтаманы тексеруге жəне принтер драйверін орнату
барысында ең соңғы нұсқаны орнатуға мүмкіндік береді. Тек
Windows үшін қол жетімді.
• Егер Интернетке қа
тынасыңыз болса, Samsung веб-торабынан
анықтаманы, қосымша бағдарламаларды, құрылғы драйверлерін,
нұсқаулықтарды жəне тапсырыс беру туралы ақпаратты ала
аласыз, www.samsung.com > өнімді табыңыз > Қолдау немесе
Қотарулар.
Функциялардың жəне бағдраламалардың кең
ауқымына қолдау көрсету
• Əр түрлі қағаз өлшемдерін қолдайды (111-беттегі "Баспа
құралының сипаттамалары" бөлімін қараңыз).
• Су таңбасын басып шығару: Құжаттарды “CONFIDENTIAL” сияқты
сөздермен теңшей аласыз (213-беттегі "Кеңейтілген басып шығару
мүмкіндіктерін пайдалану") бөлімін қараңыз).
• Афишаларды басып шығару: Құжаттың əр бетіндегі мəтін мен
суреттер үлкейтіліп, бірнеше қағаз парағында басып шығарылады,
содан кейін оларды плакат етіп бірге бі
ріктіруге болады (213-
беттегі "Кеңейтілген басып шығару мүмкіндіктерін пайдалану"
бөлімін қараңыз).
• Əр түрлі амалдық жүйелерді басып шығара аласыз (118-беттегі
"Жүйелік талаптар" бөлімін қараңыз).
• Машина USB интерфейсімен жəне/немесе желілік интерфейспен
жабдықталған.