Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

67
3. Қызмет көрсету
Тонер картриджін ауыстыру
Құрылғы төрт түрлі түсті қолданады жəне əрқайсысы үшін жеке тонер картриджі бар: сары (Y), маджента (M), көгілдір (C) жəне қара (K).
Күй көрсеткіші жəне экрандағы тонер хабары əр жеке тонер картридждерінің ауыстырылу қажеттігін көрсетеді.
Компьютер экранына Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері босағанын ескертеді (246-беттегі
"Samsung Printer Status бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Құрылғының тонер картриджінің түрін тексеріңіз (59
-беттегі "Қолжетімді шығын материалдары" қараңыз).
Тонер картриджін жақсылап шайқаңыз, бұл бастапқы басып шығару сапасын арттырады.
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін.
Құрылғының түрін тексеріңіз (20-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
Тонер картриджіне зақым тиюіне жол бермеу үшін оған бес минуттан аса жарық түсірмеңіз. Қажет болса, оны қағазбен жабыңыз.
Тонер картриджінің жасыл бөлігіне тимеңіз. Бұл аумаққа тимеу үшін картридж тұтқасын пайдаланыңыз.
Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі
мүмкін.
Егер тонер киімг
е тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.