Samsung CLP-41x, CLP-68x Color Laser Printer series - User's Guide

71
3. Қызмет көрсету
Пайдаланылған тонер контейнерін алмастыру
Пайдаланылған тонер контейнерінің қызметтік мерзімі аяқталғанда, басқару тақтасының экранында контейнерді ауыстыруға байланысты хабар
көрсетіледі. Машинаңыздың пайдаланылған тонер контейнерін тексеріңіз (59-беттегі "Қолжетімді шығын материалдары" қараңыз).
Тонер машинаның ішіне төгілуі мүмкін, бірақ бұл машинаның бүлінуіне əкелмейді. Басып шығару сапасының ақаулары орын алғанда қызмет
көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Машинаның пайдаланылған тонер контейнерін шығарғанда, оны түсіріп алмау үшін абайлап ұстаңыз.
Пайдаланылған тонер контейнерінің тегіс жерге тонері төгілмейтіндей етіп қойылуын қадағалаңыз.
Контейнерді қисайтып не аудармаңыз.