Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Факспен жіберу (тек CLX-318xFN/CLX-318xFW)_ 105
• Факс: кіресін факс қоңырауына жауап береді жəне дереу
факсты қабылдау режиміне өтеді.
• Телефон: факсты Набор без снятия трубки, содан кейін
Старт басу арқылы қабылдайды. Егер құрылғының тұтқасы бар
болса, факсты тұтқаны көтеру арқылы қабылдауға болады.
• Автоотв/факс: жауап беру құрылғысы құрылғыға жалғанатын
кезге арналған. Құрылғы кіресін қоңырауға жауап береді жəне
қоңырау шалушы жауап беру құрылғысына хабар қалдыра
алады. Егер факс құрылғысы желіде факс сигналын сезсе,
құрылғы факсты қабылдау үшін факс режиміне автоматты түрде
ауысады.
• DRPD: қоңырауды шартты қоңырауды автоматты түрде тану
(DRPD) мүмкіндігі арқылы қабылдауға болады. Шартты қоңырау
-деген қолданушыға жалғыз телефон желісін бірнеше телефон
нөмірлеріне жауап беру үшін пайдалануға мүмкіндік беретін
телефон компаниясы қызметі болып табылады. Қосымша
мəлімет алу үшін
105-беттегі "Факстарды DRPD режимі арқылы
қабылдау" қараңыз.
7. Таңдауды сақтау үшін OK түймешігін басыңыз.
8. Дайын режимге қайту үшін Стоп/Сброс түймешігін басыңыз.
• Жауап беру/факс режимін пайдалану үшін жауап беру
құрылғысын құрылғының артқы жағындағы EXT ұяшығына
жалғаңыз.
• Басқа адамдардың қабылданған құжаттарды қарауын
қаламасаңыз, қауіпсіз қабылдау режимін қолданыңыз. Осы
режимде, барлық қабылданған факстар жадыда
сақталады. Қосымша мəлімет алу үшін
106-беттегі "Қауіпсіз
қабылдау режимінде қабылдау" қараңыз.
Факс режимінде автоматты түрде қабылдау
Құрылғы зауытта факс режиміне алдын-ала орнатылады. Факсты
қабылдаған кезде, құрылғы белгілі бір қоңырау соққысынан соң
қоңырауға жауап береді жəне факсты автоматты түрде қабылдайды.
Қоңыраулар санын өзгерту үшін 114-беттегі "Факс баптау (тек
CLX-318xFN/CLX-318xFW)" қараңыз.
Телефон режимін қолмен қабылдау
Факс қоңырауын Набор без снятия трубки басу, содан кейін қашықтан
басқару құрылғысынан келетін факс дыбысын естіген кезде
Черно-белая Старт немесе Цветная Старт басу арқылы қабылдауға
болады.
Құрылғы факсты қабылдауды бастайды жəне қабылдау аяқталған
кезде дайын режимге оралады.
Факстарды кеңейтім телефоны арқылы қолмен
қабылдау
Бұл мүмкіндік құрылғының артқы жағындағы EXT ұяшығына жалғанған
кеңейтім телефонын қолданған кезде жақсы жұмыс жасайды. Факсты
кеңейтім телефоны арқылы сөйлесіп отырған біреуден факс
құрылғысын бармастан қабылдауға болады.
Кеңейтім телефонында қоңырауды қабылдаған жəне факс дыбыстарын
естіген кезде, кеңейтім телефонында *9* пернесін басыңыз. Құрылғы
факсты қабылдайды.
Түймешіктерді ақырын рет-ретімен басыңыз. Егер қашықтан басқару
құрылғысынан факс сигналы əлі естіліп тұрса, *9* пернесін қайта басып
көріңіз.
*9* пернесі зауытта алдын-ала орнатылған қашықтан қабылдау коды
болып табылады. Бірінші жəне соңғы жұлдызшаларды өзгертілмейді,
бірақ ортаңғы санды қалаған біреуіне өзгертуге болады. Кодты
өзгертуге қатысты мəлімет алу үшін
114-беттегі "Факс баптау
опцияларын өзгерту" қараңыз.
Жауап беру құрылғысы/факс режимінде
автоматты түрде қабылдау
Осы режимді пайдалану үшін жауап беру құрылғысын құрылғының
артқы жағындағы EXT ұяшығына жалғау қажет (
36-беттегі "Артқы
көрінісі" қараңыз).
Егер қоңырау шалушы хабар қалдырса, жауап беру құрылғысы
хабарды əдеттегідей сақтайды. Егер құрылғы желіде факс сигналын
анықтаса, ол факсты автоматты түрде қабылдай бастайды.
• Егер құрылғыны осы режимге қойсаңыз жəне жауап беру
құрылғысы ажыратылған болса немесе EXT ұяшығына ешбір
жауап беру құрылғысы жалғанбаса, құрылғы алдын-ала
белгіленген қоңырау санынан кейін факс режиміне автоматты
түрде өтеді.
• Егер жауап беру құрылғысын қолданушы таңдай алатын
қоңырау есептегіші бар болса, құрылғыны кіресін
қоңырауларды 1 қоңырау шалынғанда қабылдайтындай етіп
баптаңыз.
• Егер құрылғыға жауап беру құрылғысы жалғанған кезде
телефон режимінде болсаңыз, жауап беру құрылғысын
ажырату қажет. Əйтпесе, жауап беру құрылғысының шығасын
хабар телефонмен сөйлесуге кедергі келтіреді.
Факстарды DRPD режимі арқылы қабылдау
Distinctive Ring қолданушыға жалғыз телефон желісін бірнеше телефон
нөмірлеріне жауап беру үшін пайдалануға мүмкіндік беретін телефон
компаниясы қызметі болып табылады. Біреудің сізге қоңырау шалу
үшін қолданатын белгілі бір саны ұзын жəне қысқа қоңырау шалу
дыбыстарының əртүрлі комбинациясынан тұратын əртүрлі қоңырау
шалу үлгісі арқылы айқындалады. Бұл мүмкіндік көбінесе көптеген
əртүрлі тапсырыс берушілердің телефондарына
жауап беретін жəне
телефонға дұрыс жауап беру үшін кімнің қай нөмірден қоңырау шалып
тұрғанын білуі қажет жауап беру қызметтері тарапынан қолданылады.
Шартты қоңырауды автоматты түрде тану (DRPD) мүмкіндігін
пайдалану арқылы факс құрылғысы жауап беру үшін тағайындалған
қоңырау үлгісін үйрене алады. Оны өзгертпейінше, бұл қоңырау шалу
үлгісі факс қоңырауы ретінде танылып, жауап беріледі, ал барлық










