Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Техникалық қызмет көрсету_ 126
3. Тонер картриджіндегі тұтқалардан ұстаңыз жəне төрт картриджді
құрылғыдан шығару үшін тартыңыз.
4. Тұтқадан ұстап, пайдаланылған тонер контейнерін құрылғыдан
суырыңыз.
5. Сурет шығару бөлігінің алдыңғы жағындағы тілік арқылы сурет
шығару бөлігін құрылғыдан суырыңыз.
Сурет шығару бөлігінде орналасқан барабанның жасыл түсті
үстіңгі аумағына қол тигізбеңіз. Осы аумаққа қолдың тиіп
кетпеуі үшін картридждегі тұтқадан ұстаңыз.
6. Қ
ұрғақ жəне ұлпасы жоқ шүберекпен тонер картридждері аумағы
мен олардың қуыстарындағы шаң-тозаңды жəне төгілген тонерді
сүртіп тастаңыз.
• Егер тонер киімге жұғып кетсе, оны құрғақ шүберекпен
сүртіңіз жəне салқын су ішінде жуыңыз. Ыстық су тонерді
матаға жабыстырып тастайды.
• Егер құр
ылғы немесе оның маңайы тонермен бүлінген
болса, оны кетіру үшін ылғал шүберек немесе қағазды
пайдалануды ұсынамыз. Егер шаңсорғышты
пайдалансаңыз, тонер ауаға таралып, кейін дем алған
кезде зиян келтіруі мүмкін.
Тазалау аяқталғаннан кейін, құрылғының толық құрғауына
жағдай жасаңыз.
7. Су
рет шығару бөлігінің алдыңғы жағындағы тілікті ұстап тұрып,
сурет шығару бөлігін құрылғы ішіне итеріңіз.
Сурет шығару бөлігінде орналасқан барабанның жасыл түсті
үстіңгі аумағына қол тигізбеңіз. Осы аумаққа қолдың тиіп
кетпеуі үшін картридждегі тұтқадан ұстаңыз.










