Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Техникалық қызмет көрсету_ 128
5. Қағазды автоматты түрде ұсынатын құрал парақғын пинцет сияқты
кез-келген құрал арқылы ақырын итеріңіз.
6. ADF парағының шетін ұстап тұрып, қағазды автоматты түрде
ұсынатын құрал парағының екі жағын таза жəне құрғақ болғанша
сүртіңіз.
7. Қағазды автоматты түрде ұсынатын құрал парағын құрылғыға
ақырын кері итеріңіз.
8. Сканер қақпағын жабыңыз.
Тонер картриджін сақтау
Тонер картридждері жарыққа, температураға жəне ылғалға сезімтал
бөліктерді қамтиды. Samsung компаниясы жаңа Samsung картриджінің
оңтайлы жұмыс көрсеткішін, ең жақсы сапа жəне ұзақ жарамды
мерзімін қамтамасыз ету үшін қолданушыларға ұсыныстарды
орындауға кеңес береді.
Осы к
артриджді принтер қолданылатын ортамен бірдей ортада
сақтаңыз. Ол орта реттелетін кеңсе температурасы жəне ылғалдылық
жағдайларына ие болуы қажет. Тонер картриджі орнатылғанға дейін
өзінің бастапқы жəне ашылмаған қаптамасында қалуы қажетегер
бастапқы қаптамасы жоқ болса, картридждің жоғарғы жағындағы тесігін
қағазбен жабыңыз жəне қараңғы шкафта сақтаңыз.
Картридж қаптамасын пайдалануға дейін ашу оның қорабы мен
жарамды мерзімін айтарлықтай қысқартады. Еден үстінде сақтамаңыз.
Егер тонер картриджі принтерден алынған болса, тонер картриджін
тиісті түрде сақтау үшін төмендегі нұсқауды орындаңыз.
К
артриджді бастапқы қаптамасынан алынған қорғағыш үлдірдің
ішінде сақтаңыз.
Оны құр
ылғыға салынатын жағы жоғары қаратылып, жатқызылған
күйде (бір жанына тұрғызылған күйде емес) сақтаңыз.
Ауыстырмалы бөлікт
ерін келесі жағдайларда сақтамаңыз:
- 40 °C асатын те
мпература.
- 20 % тө
мен жəне 80 % аспайтын ылғалдылық ауқымы.
- Ыл
ғалдылық немесе температурасы аса үлкен өзгерістерге
ұшырайтын орта.
- Күннің тік сəулесі немесе бөлме жарығы.
- Шаң-то
заңды орындар.
- Ұзақ уақыт бойы кө
лік ішінде.
- Күйдіргіш газд
ары бар орта.
- Ау
асы тұзды орта.
Пайдалану нұсқаулары
Картридж ішіндегі фотоөткізгіш барабанның сыртқы қабатын
ұстамаңыз.
К
артриджі қажеті жоқ дірілдің немесе соққының əсеріне
ұшыратпаңыз.
Барабанды ешуақытта қолмен бұрамаңыз, əсіресе кері бағытта; бұл
ішкі зақымға жəне тонердің төгілуіне əкелуі мүмкін.
Samsung компаниясы шығармаған жəне қайта
толтырылған тонер картриджін пайдалану
Samsung Electronics компаниясы Samsung шығармаған өзге тауар
белгісі бар тонер картридждерін, оның ішінде кеңінен таралған, арнайы
дүкеннен алынған, қайта толтырылған немесе қайта құрастырылған
тонер картридждері бар, принтерде пайдалануға кеңес бермейді
немесе құптамайды.
Samsung принтері кепілдігінің аясына қайта толтырылған, қайта
құрастырылған немесе Samsung шығармаған тонер картриджін
пайдаланудан болған құрылғы зақымы кірмейді.