Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Ақауларды жою_ 130
15.Ақауларды жою
Бұл тарау қатеге тап болсаңыз не істеу қажеттігі туралы пайдалы ақпарат береді.
Бұл тарауда мыналар қамтылады:
• Тонерді қа
йта үлестіру
• Қағаздың ке
птеліп қалуын болдырмау амалдары
• Түпнұсқа құжатты
ң кептелуін жою (тек CLX-318xFN/CLX-318xFW)
• Қағаз к
ептелістерін жою
• Дисплей хабарл
арын түсіну
• Өзге ақ
ауларды шешу
Тонерді қайта үлестіру
Тонер картриджі өзінің жарамды мерзімінің соңына жете бастаған
кезде,
• Ақ жолақтар кездеседі немесе басып шығару анық болмайды.
• Дисплей
де Подгот. тонер пайда болады.
• Сос
тояние жарық диоды шамы қызыл түспен жанады.
Егер ос
ындай жағдай орын алса, басып шығару сапасын картридждегі
қалған тонерді қайта үлестіру арқылы уақытша жақсартуға болады. Кей
жағдайларда, ақ жолақтар немесе басып шығару анық болмаған кездер
тонерді қайта үлестірсеңіз де орын алады.
1. Тұтқаны пайдаланып, алдыңғы есікті толығымен ашыңыз.
2. Тонер картриджінің тұтқаларынан ұстап, картриджді құрылғыдан
шығару үшін тартыңыз.
3. Картридж ішіндегі тонерді біркелкі үлестіру үшін картриджді бес
немесе алты рет дұрыстап айналдырыңыз.
Егер тонер киімге жұғып кетсе, оны құрғақ шүберекпен сүртіңіз
жəне киімді салқын сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға
жабыстырып тастайды.
Тонер картриджінің жасыл түсті ішкі қаптамасына тимеңіз. Осы
аумаққа қолдың тиіп кетпеуі үшін картридждегі тұтқадан
ұстаңыз.
4. То
нер картриджінің түсі түс ұяшығына сəйкес келгеніне көз
жеткізіңіз, содан кейін тонер картриджіндегі тұтқалардан ұстаңыз.
Картриджді орнына барып орныққанша итеріңіз.
5. Алдыңғы есікті жабыңыз. Есіктің мықты түрде құлыпталғанына көз
жеткізіңіз.
Алдыңғы есік толық жабылмаса, құрылғы жұмыс жасамайды.










