Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Ақауларды жою_ 133
Фюзер бөлігінің аумағында
Кептелісті жоюға қатысты анимациялы үзіндіні ашу үшін мына
сілтемені нұ
қыңыз.
Егер қа
ғаз фюзер бөлігінің аумағында тұрып қалса, тұрып қалған
қағазды босату үшін келесі əрекеттерді орындаңыз.
1. Алдымен, ск
анерлеу бөлігін, содан кейін ішкі қақпақты ашыңыз.
1
2
Ішкі қақпақтың ішіндегі фюзерді ұстамаңыз. Ол ыстық жəне
күйікке əкелуі мүмкін! Құрылғыдан қағазды алар кезде абай
болыңыз.
2. Ішк
і қақпақты ашық күйде ұстап тұрып, тұрып қалған қағазды
құрылғыдан абайлап алып тастаңыз. Осыдан кейін, ішкі қақпақ
автоматты түрде жабылады. Сканерлеу бөлігін толық жабылғанша
ақырын төмен түсіріңіз. Оның дұрыс бекігеніне көз жеткізіңіз. Басып
шығару автоматты түрде жалғасады.
Саусақтарыңыз қысылып қалмасын!
Егер қа
ғазды көрмей тұрсаңыз, сканерлеу бөлігін толық
жабылғанша ақырын төмен түсіріңіз. Келесі əрекетке өтіңіз.
3. Тұр
ып қалған қағазды алып тастау үшін артқы есікті ашыңыз.
4. Қағазды төменде көрсетілген бағытта тарту арқылы абайлап алып
тастаңыз. Тұрып қалған қағаздың басым көпшілігін осы жерде алып
тастауға болады.
5. Артқы есікті жабыңыз. Басып шығару автоматты түрде жалғасады.
Қағаздың шығу аумағында
Кептелісті жоюға қатысты анимациялы үзіндіні ашу үшін мына
сілтемені нұқы
ңыз.
1. Алдыңғы есі
кті ашып, жабыңыз. Тұрып қалған қағаз құрылғыдан
автоматты түрде шығарылады.
2. Қа
ғазды ақырын шығаратын науа ішінен тартыңыз.
Егер тұрып қалған қағазды көрмесеңіз немесе тартқан кезде кедергі
сезілсе, барлығын доғарып, келесі əрекетке көшіңіз.










