Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Ақауларды жою_ 148
Linux жүйесінің қате туралы хабарларына қатысты қосымша
мəлімет алу үшін компьютермен бірге келген Linux жүйесінің
қолданушы нұсқаулығын қараңыз.
Құрылғы бетті
түгелдей басып
шығармайды жəне
мəтін қағаздың
жартысына ғана
басылады.
Бұл түрлі-түсті құрылғы Ghostscript, 64-bit Linux
АЖ, бағдарламасының 8.51 нұсқасы немесе
оған дейін нұсқалармен бірге пайдаланылған
кезде орын алатын белгілі ақау болып
табылады жəне bugs.ghostscript.com
мекенжайын Ghostscript Bug 688252 ақауы
ретінде жіберілді. Ақау AFPL Ghostscript 8.52
немесе одан жоғары нұсқаларында шешімін
тапты. Осы ақауды шешу үшін AFPL
Ghostscript бағдарламасының ең соңғы
нұсқасын http://sourceforge.net/projects/
ghostscript/ мекенжайынан көшіріп алып,
орнатыңыз.
Gimp Front-end
арқылы сканерлеу
мүмкін емес.
Gimp Front-end қолданбасындағы Xsane
параметрінің бар-жоғын тексеріңіз: Acquire
мəзіріндегі Device dialog параметрі. Жоқ
болса, компьютердегі Gimp үшін Xsane
қосымша қолданбасын орнату қажет. Gimp
қолданбасына арналған Xsane атты қосымша
қолданбаны Linux жүйесін таратуға арналған
ықшам дискте немесе Gimp басты бетінде
табуға болады. Толық мəлімет алу үшін Linux
жүйесін таратуға арналған ықшам дисктің
немесе Gimp Front-end қолданбасының
анықтамасын қараңыз.
Егер сканерлеу қолданбасының басқа түрін
қолданғыңыз келсе, қолданбаның
анықтамасын қараңыз.
Құжатты басып
шығару кезінде
«Cannot open port
device file» қатесі
орын алуда.
Басып шығару жұмысы жүріп жатқанда басып
шығару жұмысының параметрлерін (мысалы,
LPR GUI арқылы) өзгертуге тырыспаңыз.
Басып шығару параметрлері өзгертілген кезде,
CUPS серверінің нұсқалары басып шығару
жұмысын тоқтатып тастайды, содан кейін
жұмысты басынан бастап қайта жіберу қажет.
Unified Linux Driver қолданбасының басып
шығару кезінде портты құлыптап
тастайтынына байланысты, драйвер
жұмысының оқыс тоқтатылуы портты
құлыпталған күйде жəне
одан кейінгі басып
шығару жұмыстары үшін қолдануға
болмайтындай күйде қалдырады. Егер осы
жағдай орын алса, портты Port configuration
терезесіндегі Release port параметрін таңдау
арқылы босатуға тырысыңыз.
Жағдайы Ұсынылатын шешімдер
Құрылғы
сканерлер тізімінде
көрінбейді.
Құрылғының компьютер жалғанғанына, USB
порт арқылы дұрыс қосылғанына жəне іске
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Жүйеде құрылғыға арналған сканер
драйверінің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Unified Linux Driver конфигураторын
ашыңыз, Scanners configuration дегенге
ауысыңыз, содан кейін Drivers параметрін
басыңыз. Терезеде құрылғы атауына сай
келетін аты бар драйвердің берілгеніне көз
жеткізіңіз.
Порттың бос екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғының функционалды бөліктерінің
(принтер мен сканер) бірдей I/O интерфейсті
(портты) пайдаланатынына байланысты,
əртүрлі қолданушы қолданбаларының
бірдей портқа бір мезетте қатынасуға
тырысатын жағдайы орын алуы мүмкін.
Ықтимал келіспеушіліктерді болдырмау үшін
құрылғыны бір мезетте бір қолданба ғана
бақылай алуы қажет. Басқа қолданушы
«құрылғы бос емес» жауабын алады
. Бұл
əдетте сканерлеу ретін бастаған кезде
пайда болады. Тиісті хабар жолағы пайда
болады.
Ақаудың басты себебін анықтау үшін Ports
configuration дегенді ашыңыз жəне
сканерге тағайындалған портты таңдаңыз,
порттың /dev/mfp0 деген таңбасы сканерлер
параметрлерінде көрінетін LP:0 орнына
сəйкес келеді, /dev/mfp1 таңбасы LP:1
дегенге қатысты жəне т.с.с. USB порттар /
dev/mfp4 дегеннен басталады, ал USB:0
дегендегі сканер тиісінше /dev/mfp4 дегенге
қатысты болады, бұдан əрі ретімен жүреді.
Selected port жақтауында, портты басқа
қолданба қолданып жатқан
-жатпағанын
көруге болады. Осындай жағдай болса,
ағымдағы жұмыстың аяқталуын күту немесе,
ағымдағы порт қолданбасының дұрыс
жұмыс істемей тұрғанына сенімді болсаңыз,
Release port түймешігін басу қажет болады.
Құрылғы
сканерлемейді.
Құрылғыға құжаттың салынғанына көз
жеткізіңіз, құрылғының компьютерге
жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Сканерлеу кезінде I/O қатесі бар болса.
Жағдайы Ұсынылатын шешімдер