Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Нормативті-құқықтық ақпарат_ 15
Нормативті-құқықтық ақпарат
Бұл құрылғы қалыпты жұмыс ортасына арналған жəне бірнеше нормативті-құқықтық құжаттармен
сертификатталған.
Лазер сəулесінің қауіпсіздігі туралы мəлімдеме
Принтер Америка Құрама Штаттарында DHHS 21 CFR, 1-ші тарауындағы J қосымша тарауының I(1) сыныпты лазерлі өнімдерге
қойылатын талаптарға жəне басқа жерлерде IEC 60825-1:1993 + A1:1997 + A2:2001 талаптарына сай келетін сыныпты лазерлі өнім
ретінде сертификатталған.
I сы
ныпты лазерлі өнімдер зиянды ретінде қарастырылмайды. Лазерлі жүйе жəне принтер қалыпты жұмысы, қолданушы тарапынан
жасалған жөндеу немесе нұсқау бойынша қызмет көрсету кезінде I сыныптан жоғары лазер сəулесі адамға ешбір əсер етпейтін түрде
жасалған.
• То
лқын ұзындығы: 800 нм
• Сəуле шоғыры
ның берілген бағыттан ауытқуы
- Па
раллель: 12 градус
- Пе
рпендикуляр: 30 градус
• Шыға
рылатын энергияның максималды қуаты: 5 мВт
ЕСКЕРТУ
Принтерді лазер/сканер жинағының қорғаныс қабы алынған күйде ешуақытты іске қоспаңыз немесе жөндемеңіз. Кері серпілетін сəуле
шоғыры, көрінбегенімен, көзге зиян келтіруі мүмкін.
Осы өнімд
і пайдаланған кезде, өрт, электр тогының соғу жəне адамдардың жарақаттану қаупін азайту үшін келесі негізгі қауіпсіздік
шаралары əрдайым орындалуы қажет:
Озон қауіпсіздігі
Қалыпты жұмысы кезінде бұл құрылғы озон шығарады. Шығарылған озон операторға қауіп төндірмейді. Алайда, құрылғыны жақсы
желденетін аумақта пайдаланған дұрыс.
Егер оз
он жайында қосымша мəлімет қажет болса, жергілікті Samsung дилеріне хабарласыңыз.










