Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Ауыстырмалы бөліктер жəне керек-жарақтар_ 152
6. Тонер картриджінің екі жағындағы тұтқаны ұстап, тонерді
бірқалыпты тарату үшін мұқият шайқаңыз.
7. Тонер картриджін төменде көрсетілгендей тегіс беткейге қойып,
сақтандыратын қақпақты алып тастаңыз.
Егер тонер киімге жұғып кетсе, оны құрғақ шүберекпен сүртіңіз
жəне салқын су ішінде жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға
жабыстырып тастайды.
8. Тон
ер картриджінің түсі түс ұяшығына сəйкес келгеніне көз
жеткізіңіз, содан кейін тонер картриджіндегі тұтқалардан ұстаңыз.
Картриджді орнына барып орныққанша итеріңіз.
9. Алдыңғы есікті жабыңыз. Есіктің мықты түрде құлыпталғанына көз
жеткізіп, құрылғыны іске қосыңыз.
Алдыңғы есік толық жабылмаса, құрылғы жұмыс жасамайды.
Сурет шығару бөлігін тазалау
Сурет шығару бөлігінің жарамдылық мерзімі біткен кезде, компьютерде
Smart Panel бағдарлама терезесі пайда болады, ол сурет шығару
бөлігінің ауыстырылуы керектігін көрсетеді. Əйтпесе, құрылғыңыз
басып шығаруды тоқтатады.
1. Егер құр
ылғы компьютерден басып шығарса немесе қызып кетсе,
жұмыс аяқталғанша күте тұрыңыз. Одан кейін, құрылғыны іске
қосыңыз.
2. Тұт
қаны пайдаланып, алдыңғы есікті толығымен ашыңыз.
3. Тонер картриджіндегі тұтқалардан ұстаңыз жəне төрт картриджді
құрылғыдан шығару үшін тартыңыз.
4. Тұтқадан ұстап, пайдаланылған тонер контейнерін құрылғыдан
суырыңыз.










