Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Ауыстырмалы бөліктер жəне керек-жарақтар_ 153
5. Сурет шығару бөлігінің алдыңғы жағындағы тілік арқылы сурет
шығару бөлігін құрылғыдан суырыңыз.
6. Жаңа сурет шығару бөлігін қаптамасынан алып шығыңыз. Сурет
шығару бөлігінің екі жағындағы қорғаныс құрылғыларын жəне сурет
шығару бөлігінің беткейін қорғайтын парақты алып тастаңыз.
Сурет шығару бөлігінің қаптамасын пышақ немесе қайшы
сияқты өткір заттармен ашпаңыз.
Сурет шыға
ру бөлігінде орналасқан барабанға қол
тигізбеңіз. Осы аумаққа қолдың тиіп кетпеуі үшін
картридждегі тұтқадан ұстаңыз.
Сурет шыға
ру бөлігінің беткейін сызып алмаңыз.
За
қым келтірмеу үшін сурет шығару бөлігін жарық көзіне
бірнеше минуттан артық шығармаңыз. Қажет болса, оны
қорғау үшін парақпен жауып қойыңыз.
7. Сурет шығар
у бөлігінің алдыңғы жағындағы тілікті ұстап тұрып,
сурет шығару бөлігін құрылғы ішіне итеріңіз.
8. Пайдаланылған тонер контейнерін өз орнына салыңыз, содан кейін
оның орнына мықтап отырғанына көз жеткізу үшін итеріңіз.
9. Төрт тонер картриджін құрылғыға кері сырғытыңыз.
10. Алдыңғы есікті мықтап жабыңыз.
Алдыңғы есік толық жабылмаса, құрылғы жұмыс жасамайды.
Барлық тонер картридждері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Егер кез келген тонер дұрыс орнатылмаса, онда алдыңғы есік
жабылмайды.
11. Құр
ылғыны іске қосыңыз.
Құрылғының дайын болуына бірнеше минут кетуі мүмкін.
Егер құр
ылғы тонер картридждерінің күйін тани алмаса,
алдыңғы есікті ашып, жабыңыз. Егер ақау жойылмаса, қосу
түймешігін ажыратып, қайта қосыңыз.