Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Ауыстырмалы бөліктер жəне керек-жарақтар_ 154
Пайдаланылған тонер контейнерін ауыстыру
Пайдаланылған тонер контейнерінің жарамдылық мерзімі біткен кезде,
компьютерде Smart Panel бағдарлама терезесі пайда болады, ол
пайдаланылған тонер контейнерінің ауыстырылуы керектігін көрсетеді.
Əйтпесе, құрылғыңыз басып шығаруды тоқтатады.
1. Құрылғыны өшір
іп, құрылғы салқындағанша дейін бірнеше минут
күтіңіз.
2. Тұт
қаны пайдаланып, алдыңғы есікті толығымен ашыңыз.
3. Тұтқадан ұстап, пайдаланылған тонер контейнерін құрылғыдан
суырыңыз.
Пайдаланылған тонер контейнерін тегіс беткейге тонер ағып
кетпейтіндей етіп қойғаныңызды тексеріңіз.
4. Төменде көрсетілгендей, контейнерден контейнер қақпағын алып
тастаңыз жəне оны пайдаланылған тонер контейнерінің саңылауын
жабу үшін пайдаланыңыз.
2
1
Контейнерді еңкейтпеңіз немесе төңкермеңіз.
5. Пайдаланылған тонер конт
ейнерін қаптамасынан алып шығыңыз.
6. Жа
ңа контейнерді өз орнына салыңыз, содан кейін оның орнына
мықтап отырғанына көз жеткізу үшін итеріңіз.
7. Алдыңғы есікті мықтап жабыңыз.
Алдыңғы есік толық жабылмаса, құрылғы жұмыс жасамайды.
Барлық тонер картридждері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Егер кез келген тонер дұрыс орнатылмаса, онда алдыңғы есік
жабылмайды.
8. Құр
ылғыны іске қосыңыз.