Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Глоссарий_ 160
Глоссарий
Келесі глоссарий басып шығаруға қатысты көп қолданылатын
жəне осы пайдаланушыға арналған нұсқаулықта кездесетін
терминологияны түсіну арқылы өніммен танысуға көмектеседі.
802.11
802.11 - сымсыз жергілікті желі (WLAN) байланысына арналған
стандарттар жиынтығы, IEEE LAN/MAN Стандарттар комитеті (IEEE
802) тарапынан дайындалған.
802.11b/g
802.11b/g бір аппараттық құралды бірлесіп пайдалана алады жəне
2,4 ГГц жиіліктер диапазонын пайдаланады. 802.11b 11 Мбит/с
дейінгі диапазонды қолдайды; 802.11g 54 Мбит/с дейінгі
диапазонды қолдайды. 802.11b/g құрылғыларына кейде
микротолқынды пештер, сымсыз телефондар жəне Bluetooth
құрылғылары əсер етуі мүмкін.
Қатынас нүктесі
Қатынас нүктесі немесе сымсыз қатынас нүктесі (AP немесе WAP) -
сымсыз жергілікті желілерде (WLAN) сымсыз байланыс
құрылғыларын байланыстыратын жəне WLAN радиосигналдары
үшін орталық трансмиттер жəне ресивер ретінде жұмыс істейтін
құрылғы.
ADF
Құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (ADF) - түпнұсқа
қағаз парағын автоматты түрде беретін сканерлеу құрылғысы,
құрылғы қағаздың біршама көлемін бір уақытта сканерлей алады.
AppleTalk
AppleTalk - компьютерлік желі құру үшін Apple, Inc шығарған арнайы
протоколдар жиынтығы. Ол бастапқы Macintosh (1984) құрамына
енгізілген жəне қазір оны Apple компаниясы TCP/IP желісінің
пайдасына жойды.
Биттік тереңдік
Растрлік суреттегі бір пикселдің түсін көрсету үшін пайдаланылатын
биттер санын сипаттайтын компьютерлік графика термині.
Жоғарырақ түс тереңдігі анық түстердің кеңірек ауқымын береді.
Биттер саны көбейген сайын, түстер картасы үшін мүмкін болатын
түстер саны тым көбейіп кетеді. 1-битті түс əдетте монохромды
немесе қара жəне ақ деп аталады.
BMP
Microsoft Windows графикалық ішкі жүйесі (GDI) пайдаланатын жəне
сол платформада қарапайым графикалық файл пішімі ретінде
пайдаланылатын растрлік графика пішімі.
BOOTP
BOOTP протоколы. Желілік клиент өзінің IP-мекенжайын автоматты
түрде алу үшін пайдаланатын желілік протокол. Əдетте ол
компьютерлердің немесе олардағы жұмыс істейтін операциялық
жүйелердің бастапқы жүктелу процесінде орындалады. BOOTP
серверлері əрбір клиентке IP-мекенжайды мекенжайлар тобынан
тағайындайды. BOOTP протоколы «дискісіз жұмыс станциясының»
компьютерлеріне IP-мекенжайды кез келген жетілдірілген
операциялық жүйені жүктеуден бұрын алуға мүмкіндік береді.
CCD
Зарядты байланысы бар құрылғы (CCD) - сканерлеу тапсырмасын
қосатын аппараттық құрал. CCD бекіту құрылғысы CCD модулін
құрылғыны жылжытқан кезде зақымдалудан сақтау үшін
пайдаланылады.
Реттеу
Реттеу - жинақта бірнеше көшірме тапсырмасы бойынша басып
шығару процесі. Реттеу таңдалғанда, құрылғы қосымша
көшірмелерді басып шығарудан бұрын бүкіл жинақты басып
шығарады.
Басқару тақтасы
Басқару панелі - басқару немесе бақылау аспаптары көрсетілетін
тегіс, көбінесе тік болып келетін бөлік. Əдетте олар құрылғының
алдыңғы жағында орналасады.
Қамту
Басып шығару кезінде тонердің пайдаланылуын өлшеу үшін
қолданылатын басып шығаруға қатысты термин. Мысалы, 5 %
қамту A4 өлшеміндегі қағазда шамамен 5 % суреттің немесе
мəтіннің болатынын білдіреді. Сондықтан, егер қағазда немесе
түпнұсқада күрделі суреттер немесе көп мəтін болса, қамту жоғары
болады жəне сонымен бірге, тонерді пайдалану көлемі қамту
көлемімен бірге артады.
CSV
Үтірлермен бөлінген мəндер (CSV). Файл пішімінің түрі, CSV əр
түрлі бағдарламалар арасында деректер алмасу үшін
пайдаланылады. Файл пішімі, Microsoft Excel бағдарламасында
пайдаланылғандай, іс жүзінде сала стандартына айналды, Microsoft
емес платформалар арасында да.
DADF
Дуплексті құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысы (DADF) -
құрылғы қағаздың екі жағын да сканерлей алатындай етіп, түпнұсқа
парақты автоматты түрде беретін жəне аударатын сканерлеу
құрылғысы.
Əдепкі
Принтерді қорабынан алған кездегі, қалпына келтірген кездегі
немесе бастапқы күйге орнатқан кездегі мəн немесе параметр.










