Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Глоссарий_ 164
Протокол
Екі есептегіш соңғы нүктелер арасында деректерді тасымалдауды,
қосылымды, байланысты қамтамасыз ететін немесе басқаратын
ереже немесе стандарт.
PS
PostScript бөлімін қараңыз.
PSTN
Жалпыға арналған телефон желісі (PSTN) - жалпыға бірдей
коммутациялық телефон желілерінің жүйесі, өнеркəсіптік ғимаратта
орналасады, əдетте коммутатор арқылы реттеледі.
RADIUS
Телефон желісінің абонентін қашықтан аутентификациялау қызметі
(RADIUS) - пайдаланушыны қашықтан аутентификациялау жəне
тіркеу протоколы. RADIUS аутентификация деректерін орталықтан
басқаруға мүмкіндік береді, мысалы, пайдаланушы аты жəне құпия
сөздер, желіге кіруді басқару үшін AAA (аутентификация,
авторизация жəне есеп) принципін пайдаланады.
Ажыратымдылық
Кескіннің анықтығы, дюймдегі нүктелер санымен (DPI) өлшенеді.
Дюймдегі нүктелер саны көбейсе, ажыратымдылық жоғарылайды.
SMB
Сервердің хабарлар блогы (SMB) - желілік протокол, негізінен
файлдарды, принтерлерді, бірізді порттарды бірлесіп пайдалану
үшін жəне басқа түрлі байланыстар үшін желі нүктелерінің
арасында пайдаланылады. Сонымен қатар, ол тексерілген процесс
аралық байланыс механизмін қамтамасыз етеді.
SMTP
Пошта жіберуге арналған қарапайым протокол (SMTP) - Интернет
арқылы электрондық пошта хабарларын жіберуге арналған
стандарт. SMTP - салыстырмалы түрде қарапайым, мəтінге
негізделген протокол, бір немесе бірнеше хабар алушылары
көрсетіледі, сонан соң хабар мəтіні беріледі. Ол клиент-сервер
протоколы, клиент серверге электрондық пошта хабарын жібереді.
SSID
Сымсыз желі идентификаторы (SSID) - сымсыз жергілікті желінің
(WLAN) атауы. Бір бірімен байланысу үшін сымсыз жергілікті
желідегі барлық сымсыз құрылғылар бірдей SSID пайдаланады.
SSID регистрге тəуелді болады жəне ең үлкен ұзындығы 32 таңба.
Ішкі желі маскасы
Қосалқы желі маскасы мекенжайдың қайсы бөлігі желілік мекенжай,
ал қайсысы хост мекенжай екендігін анықтау үшін желілік
мекенжаймен бірге пайдаланылады.
TCP/IP
Берілісті басқару протоколы (TCP) жəне Интернет протоколы (IP);
байланыс протоколдарының жиынтығы, Интернет жəне басқа
көптеген коммерциялық желілер жұмыс істейтін протоколдар
жиынтығын енгізеді.
TCR
Берілісті растау есебі (TCR) əрбір беріліс мəліметтерін қамтамасыз
етеді, мысалы, тапсырма күйі, беріліс нəтижесі жəне жіберілген
беттер саны. Бұл есепті əр тапсырмадан кейін басып шығарылатын
етіп немесе беріліс сəтсіз болғанда ғана басып шығарылатын етіп
қоюға болады.
TIFF
Кескін файлының тегтік пішіні (TIFF) - ажыратымдылығы өзгеретін
растрлық кескін пішімі. TIFF сканерлерден келетін кескін деректерін
сипаттайды. TIFF кескіндері файлдағы кескін сипаттамаларын
анықтайтын тегтерді, кілт сөздерді пайдаланады. Бұл икемді жəне
платформадан тəуелсіз пішімді кескін өңдейтін түрлі
бағдарламаларда түсірілген суреттер үшін пайдалануға болады.
Тонер картриджі
Ішінде тонер болатын принтер сияқты құрылғыда пайдаланылатын
ыдыс немесе контейнер. Тонер - лазерлік принтерлерде жəне
ксерокстарда пайдаланылатын ұнтақ, басылған қағазда мəтінді
жəне кескіндерді пайда етеді. Тонер термофиксатордан жылу/
қысым қолдану арқылы қағаз талшықтарына жабысады.
TWAIN
Сканерлер мен бағдарламалық жасақтамаларға арналған
өнеркəсіптік стандарт. TWAIN стандартына сəйкес бағдарламасы
бар TWAIN сканерін пайдалану арқылы сканерлеуді бағдарламадан
қосуға болады. Ол кескін алу API, Microsoft Windows жəне Apple
Macintosh операциялық жүйелері үшін.
UNC жолы
Бірегей атау беру ережесі (UNC) - Window NT жəне басқа Microsoft
өнімдерінде ортақ желіге кірудің стандартты жолы. UNC жолының
пішімі: \\<servername>\<sharename>\<Қосымша каталог>
URL
Ресурстардың бірегей көрсеткіші (URL) - құжаттардың жəне
ресурстардың Интернеттегі ғаламдық мекенжайы. Мекенжайдың
бірінші бөлігі пайдаланылатын протоколды көрсетеді, екінші бөлігі
ресурс орналасқан IP-мекенжайды немесе домен атауын
сипаттайды.
USB
Əмбебап бірізді шина (USB) - USB Implementers Forum, Inc. жасаған
стандарт, компьютер мен сыртқы құрылғыларды қосу үшін
пайдаланылады. Параллель порттан айырмашылығы, USB бір
мезгілде бір компьютер USB портын бірнеше сыртқы құрылғыларға
қосады.
Су таңбасы
Су таңбасы - қағаздағы көрінетін кескін немесе өрнек, жарықпен
қарағанда ашық көрінеді. Алғаш рет су таңбалары 1282 жылы
Италияның Болонья қаласында пайдаланылды; оларды өз
өнімдерін белгілеу үшін қағаз жасаушылар пайдаланды, пошта










