Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Нормативті-құқықтық ақпарат_ 20
Қоңырау шалғыштың тепе-теңдік нөмірі
Осы құрылғыға арналған қоңырау шалғыштың тепе-теңдік нөмірін жəне FCC тіркеу нөмірін құрылғының төменгі немесе артқы
жағындағы жапсырмадан табуға болады. Кей жағдайларда, осы нөмірлерді телефон компаниясына беру қажет болуы мүмкін.
Қоңырау шалғыштың тепе-теңдік нөмірі (REN) телефон желісіне əсер ететін электр қуатының өлшемі болып табылады жəне желіге
«шектен тыс салмақ» салынған-салынбағанын анықтау үшін тиімді болып табылады. Бір телефон желісіне жабдықтың бірнеше түрін
орнату телефон қоңырауларын жасау жəне қабылдау кезіндегі ақауларға, əсіресе желі пайдаланылып жатқан кезде қоңырау
шалғанда, əкелуі мүмкін. Телефон
желісіндегі жабдықтың барлық қоңырау шалғыш тепе-теңдік нөмірлерінің жиынтығы телефон
компаниясынан тиісті қызметтің көрсетілуіне қамтамасыз ету үшін бестен аз болуы қажет. Кей жағдайларда, желіде бес санын
пайдалану мүмкін болмайды. Егер телефон жабдығының біреуі дұрыс жұмыс жасамаса, оны телефон желісінен дереу алып тастау
қажет, себебі ол телефон желісіне зиян келтіруі мүмкін.
Жабдық FCC ережелерінің 68-ші бөліміне жəне ACTA тарапынан қабылданған талаптарға сай келеді. Осы жабдықтың артқы
жағындағы жапсырмада басқа мəліметпен қоса US:AAAEQ##TXXXX пішіміндегі өнімді айқындағыш мəлімет бар. Қажет болса, бұл
нөмірді телефон компаниясына беру қажет.
FCC қағидалары өндіруші тарапынан құпталып, осы жабдыққа жасалған өзгерістер немесе модификациялар қолданушыны осы
жабдықты пайдалану құқынан айыруы мүмкіндігін мəлімдейді. Терминал жабдығы телефон желісіне зиян келтірген жағдайда,
телефон компаниясы тұтынушыға қызметтің тоқтатылуы мүмкін екені туралы хабарлауы қажет. Алайда, алдын ала хабарлау
мүмкін болмаған кезде, компания қызметті келесі жағдайда уақытша тоқтата алады:
a) тұтынушыға дер кезінде хабарлағанда.
b) тұтынушыға жабдық ақауын жоюға мүмкіндік бергенде.
c) тұтынушыға FCC ережелері мен қағидаларының 68-ші бөлімінің Е қосымша бөлігінде бекітілген іс реттеріне сай Федералды
байланыс комиссиясына шағым жазу құқығы бар екені туралы хабарлағанда.
Сонымен қатар, келесіні білу қажет:
Құрылғы сандық PBX жүйеге жалғанатындай жасалмаған.
Егер компьютер модемін немесе факс модемін құрылғы пайдаланатын телефон желісі арқылы пайдаланғыңыз келсе, барлық
жабдықта да тарату жəне қабылдау ақаулары орын алуы мүмкін. Желіні құрылғыға қоса, кəдімге телефоннан басқа, басқа ешбір
жабдықты жалғамауға кеңес беріледі.
Егер сіз тұратын аймақта найзағай жиі ойнаса немесе электр қуатының ауытқуы орын алса, электр жəне телефон желілері үшін
қуаттың ауытқуынан қорғайтын бөліктерді орнатуды ұсынамыз. Қуаттың ауытқуынан қорғайтын механизмдерді дилерден немесе
телефон мен электронды бұйымдар дүкенінен сатып алуға болады.
Төтенше жағдай нөмірлерін бағдарламалап жəне/немесе төтенше жағдай нөмірлеріне бақылау қоңырауларын шалып жатқан
кезде, төтенше жағдай диспетчерін жасамақ ойыңыз туралы хабардар ету үшін төтенше жағдай нөміріне жатпайтын нөмірді
пайдаланыңыз. Диспетчер төтенше жағдай нөмірін нақты қалай тексеруге болатыны жөнінде қосымша нұсқаулар беретін болады.
Бұл құрылғыны тиын салуды қажет ететін қызметтік немесе ортақ желілерде пайдалану мүмкін болмайды.
Бұл құрылғы есту мүмкіндігін жақсартуға арналған магнитті бөліктерді ұсынады.
Осы жабдықты телефон желісіне стандартты модульді ұяшық, USOC RJ-11C, арқылы еш уайымсыз жалғауға болады.