Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide

Нормативті-құқықтық ақпарат_ 21
Орнатылған ашаны ауыстыру (тек БК үшін)
Маңызды
Осы машинаға арналған электр қуатының сымы стандартты (BS 1363) 13 амп ашамен жабдықталған жəне 13 амп сақтандырғышы
бар. Сақтандырғышты ауыстырған немесе тексерген кезде, дұрыс 13 амп сақтандырғышты қайта салу қажет болады. Содан кейін,
сақтандырғыш қақпағын орнына салу қажет. Егер сақтандырғыш қақпағын жоғалтып алған болсаңыз, басқа бір сақтандырғыш
қақпағын таппайынша ашаны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны сатқан а
дамдарға хабарласыңыз.
13 амп аша Бі
ріккен Корольдікте кеңінен қолданылатын аша түрі болып табылады жəне жарамды болуы тиіс. Алайда, кейбір
ғимараттарда (негізінен, ескілерінде) қалыпты 13 амп ашаға арналған розеткалар болмайды. Тиісті аша адаптерін сатып алу қажет
болады. Белгілі бір пішімге сай құйылған ашаны алып тастамаңыз.
Егер пішімге сай құйылған ашаны кесіп тастасаңыз, оны бірден лақтырыңыз. Ашаның сымын қайта орауға болмайды жəне ондай
ашаны розеткаға тыққан кезде электр тогы соғуы мүмкін.
Маңызды ескерту:
Осы құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
Электр қуаты кабеліндегі сымдарда келесі түрлі-түсті кодтар бар:
Жас
ыл жəне сары: жер
Кө
к: бейтарап
Қо
ңыр: электр қуаты жүретін сым
Егер эл
ектр қуаты сымындағы темір сымдар ашада көрсетілген түстерге сай келмесе, келесіні орындаңыз:
Жасыл жə
не сары түсті сымды «E» əрпімен таңбаланған немесе «Жер таңбасы» бар немесе жасыл жəне сары немесе жасыл түсті
шплинтке жалғау қажет.
Көк сымды «N» əрпімен таңбаланған немесе қара түсті шплинтке жалғау қажет.
Қоңыр түсті сымды «L» əр
пімен таңбаланған немесе қызыл түсті шплинтке жалғау қажет.
Аша, ад
аптер немесе үлестіру блогында 13 амп сақтандырғыш болуы тиіс.