Samsung CLX-318x Color Laser MFP series - User's Guide
Желіні баптау (тек CLX-318xN(K)/CLX-318xW(K)K/CLX-318xFN/CLX-318xFW)_ 53
3. Құрылғының басқару панелінен IPv6 мекенжайларды тексеретін
желіні теңшеу есебін басып шығарыңыз.
a) Басқару панеліндегі Меню параметрін басыңыз.
b) Сол/оң жақ көрсеткіні Сеть пайда болғанша басыңыз жəне
OK түймешігін басыңыз.
c) Сол/оң жақ көрсеткіні Информ. о сети пайда болғанша
басыңыз жəне OK түймешігін басыңыз.
d) Сол/оң жақ көрсеткіні Да пайда болғанша басыңыз жəне
OK түймешігін басыңыз.
4. Бастау > Басқару тақтасы > Принтерлер мен факстар таңдаңыз.
5. Принтер қосу пəрменін Принтерлер мен факстар терезелерінің
сол жақтауынан тауып, нұқыңыз.
6. Жергілікті принтер қосу пəрменін Принтер қосу терезелерінен
тауып, нұқыңыз.
7. Басып шығарғыш орнату шебері терезесі пайда болады.
Терезедегі нұсқауды орындаңыз.
Егер құрылғы желілік ортада жұмыс жасамаса, IPv6 желісін іске
қосыңыз. Келесі мəселелер қамтылған келесі бөлімді қараңыз.
IPv6 желісін белсенді ету
Құрылғының IPv6 мүмкіндігі қосулы күйде келеді.
1. Басқару панеліндегі Меню параметрін басыңыз.
2. Сол/оң жақ көрсеткіні Сеть пайда болғанша басыңыз жəне OK
түймешігін басыңыз.
3. Сол/оң жақ көрсеткіні TCP/IP (IPv6) пайда болғанша басыңыз жəне
OK түймешігін басыңыз.
4. Сол/оң жақ көрсеткіні Включить IPv6 пайда болғанша басыңыз
жəне OK түймешігін басыңыз.
5. Сол/оң жақ көрсеткіні Вкл. пайда болғанша басыңыз жəне OK
түймешігін басыңыз.
6. Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.
7. Принтер драйверін қайта орнатыңыз.
IPv6 мекенжайларын бекіту
Құрылғы желі арқылы басып шығару жəне басқаруға арналған келесі
IPv6 мекенжайларға қолдау көрсетеді.
• Link-local Address: өздігінен теңшелетін жергілікті IPv6 мекенжай
(мекенжай FE80 арқылы басталады).
• Stateless Address: желі бағыттағышы арқылы автоматты түрде
теңшелетін IPv6 мекенжай.
• Stateful Address: DHCPv6 сервер арқылы теңшелетін IPv6
мекенжай.
• Manual Address: қолданушы тарапынан қолмен теңшелген IPv6
мекенжай.
DHCPv6 мекенжайын теңшеу (Тұрақты күйімен)
Егер желіде DHCPv6 сервері бар болса, əдепкі динамикалық
хосттың теңшелімі үшін келесі опцияның біреуін бекітуге болады.
1. Басқару панеліндегі Меню параметрін басыңыз.
2. Сол/оң жақ көрсеткіні Сеть пайда болғанша басыңыз жəне OK
түймешігін басыңыз.
3. Сол/оң жақ көрсеткіні TCP/IP (IPv6) пайда болғанша басыңыз
жəне OK түймешігін басыңыз.
4. Сол/оң жақ көрсеткіні Конфиг. DHCPv6 пайда болғанша
басыңыз жəне OK түймешігін басыңыз.
5. Қажетті мəнге қатынасу үшін сол жақ/оң жақ көрсеткіні басыңыз.
• Вкл.авт.IP-адр.: бағыттағыш сұрауына қарамастан, əрдайым
DHCPv6 пайдаланыңыз.
• Откл. DHCPv6: бағыттағыш сұрауына қарамастан, ешқашан
DHCPv6 пайдаланбаңыз.
• Маршрутизатор: DHCPv6 дегенді бағыттағыш тарапынан
сұрау жасалған кезде ғана пайдаланыңыз.
6. OK түймешігін басыңыз.
Мекенжайды қолмен теңшеу
1. IPv6 мекенжайының URL ретінде көрінуіне қолдау көрсететін
Internet Explorer сияқты веб шолушыны жегіңіз.
2. SyncThru™ Web Service терезесі ашылған кезде, тінтуір
меңзерін жоғарғы мəзір жолағындағы Настройки үстіне
апарыңыз, содан кейін Параметры сети нұқыңыз.
3. Вебсайттың сол жақтауындағы TCP/IPv6 нұқыңыз.
4. Ввод адреса вручную құсбелгі көзін таңдаңыз. Содан кейін,
Адрес / Префикс мəтін шаршысы белсенді болады.
5. Мекенжайдың қалған бөлігін енгізіңіз
(мысалы:3FFE:10:88:194::AAAA. «A» таңбасы 0 жəне 9, A жəне
F арасындағы алты санды білдіреді).
6. Применить түймешігін нұқыңыз.
SyncThru™ Web Service пайдалану
1. IPv6 мекенжайының URL ретінде көрінуіне қолдау көрсететін
Internet Explorer сияқты веб шолушыны жегіңіз.
2. IPv6 мекенжайлардың (Link-local Address, Stateless Address,
Stateful Address, Manual Address) біреуін желіні теңшеу есебінен
таңдаңыз (
48-беттегі "Желіні теңшеу есебін басып шығару"
қараңыз).
3. IPv6 мекенжайларды енгізіңіз (мысалы: http://
[FE80::215:99FF:FE66:7701]).
Мекенжай «[ ]» жақшалардың ішінде болуы қажет.










